AQ$HANEWS


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Қаржы жайлы, қысқа да нұсқа. Басқа да тақырыптар табу емес. Жазамыз. Оқыңыз.

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Көлік жүргізушілері назарына: айыппұлдар қаншалықты өсті?

Елде жол ережесін бұзғандарға айыппұл салынады. Тіпті әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылады. 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 240 теңгеге өсті, қазір 3932 теңгені құрайды. Сәйкесінше жол жүру ережесіне байланысты салынатын айыппұл сомасы да артады. Ол қаншалықты өсті?

https://youtu.be/hqIWWHfuNlo


Елімізде 1 қаңтардан бастап тамақ жеткізетін курьерлерге талап күшейді

Курьерлердің қолында тексеруден өткенін дәлелдейтін медициналық кітапша болуы тиіс. Онымен қоса кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге міндеттеліп отыр. Енді олардың мінез-құлқына да мән берілмек. Сондай-ақ тұтынушылардың тапсырыс алған кезде қаптаманы тексеруге құқығы болады.




Антикор Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеуді аяқтады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.

Оларға қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылды.

2024 жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді.


2025 жылы айыппұлдар қалай өзгереді?

Бүгіннен бастап елде айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 932 теңге болып өзгерді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 240 теңгеге артық. Сәйкесінше айыппұлдар да өседі. Шамамен 6,1 пайызға артады. Сонымен отандастарымыз нені ескеру керек?


https://youtu.be/6guK71ceX5I


Ақшаны қалай көбейтуге болады?

Жыл соңына да келіп жеттік. Әне-міне дегенше, 2025 жылға да аяқ басамыз. Бұл – тек той тойлап, көңіл көтеретін уақыт емес. Жылдың соңы – өзіңе қаржылық есеп беріп, жаңа жылға жоспар құратын кезең. Жыл бойы шығыныңыз көп болса, келер жылы үнемдеуді де ұмытпау керек. Ақша үнемдеуді үйреніп, қолда бар қаражатын көбейтуді қалайтын жандар не істеуі керек?

https://youtu.be/LLShS4X0qnk


2024 жылы аукциондарға жазылу бонусы шамамен 5,3 млрд теңгені құрады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ағымдағы жылдың 11 айындағы жер қойнауын пайдалану саласындағы негізгі көрсеткіштер туралы хабарлайды.

Биылғы жылы аукцион арқылы 19 кен орны жүзеге асырылды. Аукциондарға жазылу бонусы шамамен 5,3 млрд теңгені құрады.


Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:

• Миллион теңгеге бопсалау. Түркістан облысында блогер білім беру жобасын тоқтатпақшы болды
• Ұрлық үшін Семейге барған. Абай облысында пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
• Қызылордада есірткі қолдануға арналған притон табылды

https://youtu.be/wHNYzYe6vzE


Си Цзиньпин Қытайдың елімізге ешқашан зиянын тигізбейтінін атап өтті - Тоқаев

«Ешқандай көзқарас қайшылығы жоқ. Қытай үшін Қазақстан – аса маңызды стратегиялық серіктес. Қарқынды әрі жан-жақты дамып келе жатқан қазақ-қытай ынтымақтастығы, шын мәнінде, мәңгі стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Мұның Қазақстан мүддесіне сай келетіні сөзсіз.

Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде Төраға Си Цзиньпин Қытайдың елімізге ешқашан зиянын тигізбейтінін, біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді барынша қолдайтынын атап өтті. Бұл – өте маңызды мәлімдеме», - деді Мемлекет басшысы.


Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы екі ел арасында өзара визасыз режим орнатылғанын еске салды.

«Жаңа бастама алыс-берісті дамытуға және екі халықтың достығын нығайтуға оң әсерін тигізіп жатыр. Қазақстан азаматтары Қытайды жаңа қырынан танып, оның технологиялық тұрғыдан алып мемлекетке айналғанына көз жеткізе бастады. Қытай жұрты да біздің отандастарымызға достық пейіл танытып отыр.

Жоғары деңгейдегі диалог 2025 жылы да жалғасады. Төраға Си Цзиньпин «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр. Оның Қазақстанға алдағы сапары, сондай-ақ биыл күзде Қытайда өтетін келіссөздер екі елдің сан салалы ықпалдастығын одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін», - деді Президент.



Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:
• Шекарадағы қылмыс. Қазақстан мен Өзбекстан арасында контрабандалық мұнай өнімдері тасымалданған жер анытқталды

• Бүкіл ауыл іздеді. Қарағанды облысында 47 жылқы мұз астында қалды.

• Қыз бала жоғалды. Абай облысында шыршаны жағу рәсімі кезінде анасы қызынан көз жазып қалды

https://youtu.be/tvzhnhq5j9U


Елімізде 9 жаңа құрметті атақ пайда болды

Президент тиісті заңға қол қойды. Мемлекеттік наградалар жүйесіндегі бұрыннан бар 6 құрметті атақтың қатары артты. Енді ғалымдар мен өнертапқыштарға, инженерлерге, сәулетшілерге және құрылысшыларға, кеншілер мен шахтерлерге, геологтарға, өнеркәсіп, көлік, ауыл және су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне де марапаттар берілетін болады. Бұл туралы Ерлан Қарин хабарлады.

«Қажырлы еңбектің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді және еңбек адамының беделін одан әрі көтеруге септігін тигізеді. Бұл заңға Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған жаңа 2025 жылдың қарсаңында қол қойылуының символдық мәні бар», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші.




2024 жылдың ең табысты валютасы – аргентина песосы

Әлемдік валюталар жайлы есептеуді GMA Capital атты консалтинг компаниясы жүргізген. Компания мамандары мәліметінше, осы жылы басқа әлемдік валюталарға қарағанда аргентиналық песо елдегі инфляцияны есептегеннің өзінде 44,2%-ға ұлғайған. Ал екінші орында 21,2% өсім көрсеткен түркиялық лира тұр.

Песомен салыстырғанда теңгенің жағдайы мәз емес. 2024 жылдың басында доллар бағамы 449 теңге болса, жыл соңында ресми бағам бойынша, 517 теңгеге жетті. Сонда бір жыл ішінде доллар биржада 68 теңгеге қымбаттаған.


Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:

1. Шәйнек ішіндегі есірткі. Такси жүргізушісі қылмысты ашуға қалай көмектесті?
2. 6 миллион теңге тұратын жылқы үйірі. Шығыс Қазақстанда малшы жасаған қылмысын жасырмақ болды
3. Отбасылық драма, аяқ киім табанына жасырылған телефон. Желтоқсан айында орын алған ерекше оқиғалар

https://youtu.be/hdDoO1ufMC0


1-3 қаңтар күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

Ал 4 қаңтар, яғни сенбі күні кезекші орталықтар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмысқа шығады. Осылай деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

5 және 6 қаңтар күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған орталықтар әдеттегі кесте бойынша қызметін жалғастырады.

Елімізде 7 қаңтарда православиелік Рождество тойланады. Сондықтан бұл күні демалыс болады.


Кредиттік рейтингті қалай жақсартуға болады?

Клиент кредит алуға өтініш берген кезде банк оның төлем қабілеттілігін мұқият тексереді. Бағалау кезінде ескерілетін негізгі көрсеткіш — бұл кредиттік рейтинг. Егер ол төмен болса, банк несие беруден бас тартуы мүмкін. Ендеше кредиттік рейтингті қалай жасқартуға болады?

https://youtu.be/qxb1maea6ZU


Мемлекет климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді экологтармен бірлесіп шешеді – сарапшы

Мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологтармен тығыз өзара іс-қимыл жасауы қажет. Премьер-министрдің қатысуымен өткен «Жасыл экономика» кеңесінің отырысында «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина осындай пікір білдірді.

«Қоғам мен билік арасындағы диалогтың бұл түрі өте тиімді. Мен ластаушы ғана емес, сонымен қатар парникті газдар қалдықтарын есепке алу және бақылау туралы да мәлімет бердім. Сіздер білесіздер, қазақстандық делегация COP29 алаңдарында өзінің алғашқы павильонын сәтті өткізіп, ұйымдастырды. Біз COP29 шешімдері аймақ пен бизнеске көміртегі бейтараптығы стратегиясына, сондай-ақ көміртегі саудасына қатысуға мүмкіндік береді деп санаймыз. Бакуде COP29-да қабылданған 6.4-бап біздің бизнесімізге қалдықтар саудасына қатысуға мүмкіндік беретінін сіздер жақсы білесіздер. Әрине, бұл үшін қалдықтарды түгендеуді және сертификаттауды бақылауды жетілдіру қажет. Осы мәселелердің барлығы бүгінде Қазақстан сарапшыларының назарында. Біз шешім қабылдаушыларға оқытуға қатысу туралы, Мемлекет басшысы жетекшілік ететін климаттық саясат жөнінде біліктілікті арттыру маңызды деген ұсыныс жасадық», — деп атап өтті «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина.



Қазақстандағы ірі жеке бизнес кредит алуға жергілікті банктерге жүгіне бермейді. Басқа қаржы көздері жетіп артылады. Үстірт талдаудың өзі басты шикізат өндіретін компаниялардың отандық ЕДБ ұсынатын қаржыланжырудан жақсырағын таңдайтынын көрсетіп беріп отыр.

Мәселен, Еуразиялық топтың (ERG) мекемелері Украинада соғыс басталғалы бері санкция құрсауында қалған Сбер және ВТБ секілді ірі ресейлік мемлекеттік банктермен жұмыс істегенді ұнатады. ERG ақпаратынша, бұл топ «Ресейдің Сбербанкі мен ВТБ банкпен кредиттік келісімдерді қайта құрылымдауды табысты аяқтап, қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес төлем міндеттемелерін орындауды жоспарлар отыр».

Айталық, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі алдымен 2022 жылы Сбермен негізгі қарызды төлеуді екі жылға шегеру туралы келісім жасады. Сосын, 2023 жылы негізгі қарызды өтеуді 2024–2027 жылдардан 2028–2030 жылдар аралығына шегерді. Қайта құрылымдаудан 1,9 млрд теңге пайда табатынын көрсетті.

Ресейдің басты банктері доллармен жұмыс істеуді тоқтатқан соң, қазақстандық жеке компаниялар балама шешімдерді қарастыруға мәжбүр. «Казхром» компаниясының есебінде 2024 жылдың ақпан айында кейбір транштердің валютасы өзгергені айтылды. ВТБ банкімен кредиттік желі шеңберінде 669 млн АҚШ доллары (306 млрд теңге) қытай юанімен төленетін болды.


Бүгінгі «Кезекші бөлім» бағдарламада:
- Текелідегі тонау. Қаскүнем балалардың қолдарынан 6 млн теңгелік әшекейлерді алып кетті - 8 қап заңсыз ауланған балық. Қостанай облысында браконьерлерге қылмыстық іс қозғалды
- 25 шақырым өмір үшін күрес. Жүк көлігінің жүргізушісіне құтқарушылар мен жедел жәрдем қалай жетті?

https://youtu.be/m_5u4aNx92Y


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті

Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жедел көмек көрсету құрылымдары апат кезінде шұғыл әрі үйлесімді әрекет еткеніне назар аударды.

– Апаттың салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді. Біз бұған жол берген жоқпыз. Адам өмірін сақтап қалдық. Құтқару жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Қажетті ақпараттың барлығы жұртшылыққа уақытылы беріліп тұрды. Яғни оқиға бойынша толыққанды мәлімет бәріне бірдей ұсынылды. Азаматтарымыз алғашқы минуттан бастап зардап шеккендерге көмек қолын созды. Халқымыз жанашырлық, ұйымшылдық және шынайы тілеулестік қасиетін көрсетті. Жұрт кезекке тұрып, қан тапсырды. Әзербайжан елшілігі ғимаратына гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы еліміздің және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты мәлімет таратты. Құтқарушылардың, дәрігерлердің және волонтерлердің адал қызметіне күллі әлем куә болды. Әсіресе, көршілес әрі серіктес елдер – Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан азаматтары айрықша алғыс білдіріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.


Президент Үкіметке апат салдарын жоюға атсалысқан адамдардың ерлігі мен еңбегін лайықты атап өту, ерекше көзге түскен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсыну жөнінде тапсырма берді.


Кредиттік демалыс кімдерге беріледі?

Жоспардың орындалмай қалатын кезі болады. Барлығы біз ойлағандай бола бермейді. Мәселен, ай сайын кредит төлеп жүрген адам кенет жұмысынан босап қалады немесе сырқаттанып қалуы әбден мүмкін. Ондай кезде кредиттік демалыс алуға болады. Оны қалай рәсімдейді?

https://youtu.be/sb6w4euaalw

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.