Волонтер Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр
Ал Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісіне қатысты заңсыз тағы бір эпизод анықталғанын хабарлады.
Мәліметтерінше, Перизат Қайрат 2023 жылдың қараша айында Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырған.
Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

“Желтоқсан айында сол ақшаға "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алған.
Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды”, - делінген агенттік хабарламасында.