aspire to inspire


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


көркем мінез ізденушісі ⚘
• ханафи, матуриди
• әр сөзім алдымен өзіме арналады

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


неге соңғы кездері реакция ешкім қоймай кетті десем өзім алып тастапппын ғой байқамай, субханАллаһ🥲😂🤦🏻‍♀️




Қадір түні көп айтылуы керек дұға:

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا

“Аллаһумма иннәкә ғәфуун, тухиббул ғәфуа, фәғфу ғәннә”.

Аллаһым, Сен аса кешірімдісің әрі кешіргенді жақсы көресің. Бізді кешіре гөр! (Сунан Термизи)




Қадір түні, яғни бүгін жасауға болатын амалдар:


Бүгін @muftiyatkz парақшасында


Бүгін тақ түн, Қадір түні болып қалу ықтималдығы жоғары. Түнімізді құлшылықпен, дуғамен өткізейік. Аллаһ баршамызға жәрдем берсін.

“Қадір түні деп аталуының себебі мынада: лайықсыз әрі күнәхар құл бұл түнді ғибадатпен қайта тірілтсе, қадірлі болады.”

(с) Әбу Бәкір әл-Уаррак




infinity♾🕊 dan repost
ассаламу алейкум🌷

«Ең жақсы садақа – Рамазанда берілген садақа» (Тирмизи).

Постты осы хадистен бастағым келді. Себебі, Айтолқын есімді ханымға бізден көмек керек болып тұр екен. Баршамыздан қолдан келгенше көмек көрсетсек🫶🏻. Тіпті 200-500 тг болсын.

Жалғыз басты ана, 2 баласы бар, тек әжесімен тұрады, ал қызында "порог сердца" екен 😢. Тұрмыстық жағдайы астыңғы фотода көрсетіледі. Және қызының документтерін де қарап шықтым. Екеуміздің сөйлескен скринді де қостым.

Егер көмектескіңіз келсе,

каспи номер: 87006768924

Айтолкын Ж. деп шығады.

Берген садақаларыңыз қабыл болсын💕


Біз қазір Рамазанның ең хайырлы болған соңғы он күніндеміз, ал осы соңғы он түнінде Қадір түні жасырылған. Сол себепті осы күндер мен түндерді аса мұқияттылықпен, құлшылықта өткізген жөн. бірінші өзіме, сосын ғана сіздерге ескерту🤍

Бұл түндерде не істегеніміз жөн?
- қадір түні жайлы білімізді жаңарту
- бұл “тағдыр” түнінің маңызын түсіну
- күндіз жұмыстарымызды реттеп, ақшамнан кейін толық құлшылыққа отыруға тырысу, жоспарлау
- ойды жинақтау үшін өзіміздің дұға-тілектерімізді параққа жазып алу
- Құранға бастапқыдан екі есе ден қою, оқуды арттыру
- салауат айту, дұғалардың басында-ортасында-соңында
- құр әңгіме мен бос ойын-сауыққа уақытты құртпау
- отбасымызға бұл түн жайлы түсіндіру, олардың Қадір түні келгенде ұйықтап қалып, ғапылдықта болуына жол бермеу, оларға құлшылық етіп, дұға қылуға құлшындыру, мотивация беру
- әр түн сайын садақа беру
- осы түндері Аллаһ разылығы үшін ерекше жомарт болуға тырысу
- қаза намаздарды, нәпіл намаздарды оқу
- қиналып жатқан, сыналып жатқан бауырларымыз үшін дұғада болу
- мұсылман бауырларымыз үшін, Палестина, Сирия және басқа мұсылман елдеріндегі бауырларымыз үшін дұғада болу, оларды дұғадан тастамау
- мұсылмандардың жауларына қарсы дұға ету
- истиғфар ету, Аллаһтан кешірім сұрау, шынайы барлық күнәміз үшін тәубе ету
- бұл түндері барынша күнә жасамауға тырысу, сөзге, іске абай болу, ақыға абай болу
- ешқандай мұсылманның көңіліне қаяу салмау, әсіресе ата-ананың көңілін қалдырмау, олармен қарымқатынаста жұмсақ болу, абай болу
- сізді ренжіткен, сіздің ақыңызға кірген барлық жанды Аллаһ разылығы үшін кешіру (білемін, қиын, бірақ Аллаһ бізді кешіруін қаласақ бізде басқаларды кешіруге шын жүрекпен тырысуымыз керек, бәріне жақсылық тілеуіміз керек)
- Аллаһтың барлық берген жақсылықтарына көркем түрде шүкір ету, разылығымызды айту, шынайы алғыс білдіру
- осы он түн әлеуметтік желілерден (insta, tiktok, telegram т.б.) аулақ болуға тырысыңыз, уақыттыңызды құлшылыққа арнағанымыз жөн.
- Аллаһтан бұл түндерді хайырлы түрде өткізейінші деп дұға ету, күш-қуат сұрау, себебі Аллаһтың қалауымен ғана біз бұл түндердің барлық жақсылығын ала аламыз.

мың айдан хайырлы болған қадір түнін келесі жылы көрмей қалуымыз да бек мүмкін, сол үшін барынша, шамамыз келгенше тырысайық, ин шаа Аллаһ, Раббым баршамызға жеңілдігін берсін, баршамыздан разы болсын🤲🏻

#рамазан
#қадір_түні


Nurbol Rakhmatilla dan repost
Халас! Рамазанның соңғы он күнінде Құранға ерекше көңіл бөліңіздер.

Жаратушыға жақындаудың ең ұлы амалы💡

Имам Ахмад (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді:


«Түсімде Ұлы Раббымды көріп:
– Уа, Раббым, Саған жақындаудың ең жақсы амалы не? – деп сұрадым.
Алла Тағала:
– Менің сөзімді оқу, уа Ахмад! – деп жауап берді.
Мен:
– Түсініп оқу керек пе, әлде түсінбей ме? – деп сұрадым.
Алла Тағала:
– Түсініп те, түсінбей де, – деді».

📚Табақат


Осы Рамазандағы соңғы 10 күндегі тақ күндер кестесі, біреуі Қадір түні болуы мүмкін.


от Ибн Хубайры передаётся, что он сказал:

«Если (ночь накануне) пятницы совпадает с одной из нечетных ночей в течение последних десяти дней, то это с большей вероятностью, чем другие (будет Ляйляту-ль-Къадр)».

📚[«Латаифу-ль-ма'ариф» Ибн Раджаба (стр. 203)].



https://t.me/AlWajibru


“Кім-де кім дұға етуге сараңданып, тоқтатса, онда Аллаһ оның дұғаларын қабыл етуді де тоқтатып қояды.”
[Имам Абу Лайс Самарқанди]

“Кім есікті қалай қағады, жауапты солай естиді.”

[Арабтардың нақыл сөзі]

Алланың есігін кім көп қағады, жауабын соншалықты көп естиді. Яғни кім көп дұға қылады, оның қабыл болуыда көп болады.
[Нұрсұлтан ұстаз]


حَسْبِيَ اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ.

Достаточно мне Аллаха, и Он — наилучший Покровитель.


Біздің үммет “ортаны” ұстанатын (яғни дүние мен ақыретті баланста ұстайтын) үмметпіз ғой, бірақ бұл баланс қаншалықты дұрыс, шыныменде 50/50 ме?
Біз өміріміздің, уақытымыздың 5%-ын Аллаһтың хақысы деп береміз бе?

Егерде барлық дүниелік тіршілікті “Аллаһ көріп тұр” деп жасасақ бұл да құлшылық болар еді ғой.. Құлшылық тек Құран, Намаз емес. Бұл көркем мінез, жұмысыңды адалымен атқару, ешқандай пара алмау, біреудің ақысына кірмеу, аманатқа қиянат жасамау, ата-анаға, туыстарға жақсы мәміле жасау, бұның бәрі Аллаһ разылығы үшін деп жасалса құлшылық болып саналады. Тіпті сіз “ешкімге мұқтаж болмаймын, алушы емес беруші қолдан болғым келеді” деп білім алып, адал еңбек етсеңіз бұл да құлшылық..


Йа Раббым, мені есеп-қисапсыз Жұмаққа кіргізші..


Біз мына өмірде уақытымыздың көп бөлігін босқа өткіземіз, ал ана дүниеде әр секундымыз үшін есеп береміз, сонда бұл дүниеде өткізген максимум 60-70 жылымыз (егер Аллаһ ғұмыр берсе) 1 күн сияқты сезілетін болады, сенесіздер ме?
Біз “мен не істеп жүрмін? ертең Жаратушымның алдында қалай жауап беремін?” деп өз-өзімізден сұрап, өзімізге есеп беріп көрдік пе?

Қаншалықты “саналы”, “осознанно” өмір сүріп жүрміз? Мына дүниенің уақытша екенін неге ұмытып кете береміз?💔




"☾" dan repost
қаншама сарайлар салсаң да, Оның сарайына мұқтаж жүрегің бар.
Ұмытып кетсең де Ол есіңе салады… әрине, нәсібіңде есіңе түсіру бар болса. 🏰

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.