Insports.kz


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Қазақстан және әлем спортының жаңалықтары
Спортивные новости Казахстана и мира

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


🏓Үстел теннисінің шеберлері Алматыға жиналады

Наурыздың 17-сі мен 23-ші аралығында Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты 🏆өтеді.
Жарысқа қатысушылар командалық, жеке, жұптық және аралас жұптық бәсекеде медальдар жиынтығын сарапқа салады. Ел біріншілігіне кілең мықтылар жиналады.

Олардың қатарында олимпиада ойындарына қатысушы Кирилл Герасименко, әлем чемпионы Алан Құрманғалиев, көптеген халықаралық жарыстың жүлдегері Айдос Кенжеғұлов пен Ырысбек Артықметов сында спортшылар бар.

Бұрымды спортшылар арасынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Ақашева мен Анель Бақыт бас жүлдеге таласады.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты барысында ерекше көзге түскен теннисшілер ұлттық құрама сапына іріктеліп алынады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Португалиялық маман ҚФФ Төрешілік және инспекциялау департаментінің жаңа директоры болып тағайындалды

ҚФФ Төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры қызметіне 52 жастағы португалиялық маман Нуну Алешандре Паррейра де Каштру тағайындалды.

Де Каштру – Еуропадағы төрешілік саласының жетекші мамандарының бірі.

34 жылдық мансабында ол Португалия футбол федерациясы мен Бельгия футбол қауымдастығында маңызды қызметтер атқарды. Атап айтқанда, төрешілер департаментін басқарып, төрешілерді тағайындау, әкімшілік басқару және VAR жүйесін енгізу жұмыстарын қадағалады.

Сонымен қатар, Португалия футбол федерациясының Төрешілер академиясының техникалық директоры ретінде төрешілерді дайындаудың кешенді жүйесін әзірлеп, заманауи оқыту әдістерін, онлайн бағдарламаларды және төрешілік шеберлікті дамытуға бағытталған CORE жобасын іске қосты.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🥊Наталья Богданова әлем чемпионатының ширек финалына өтті

1/8 финалда Наталья Богданова Испания 🇪🇸 боксшысын еш қиындықсыз жеңіп, 70 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті. Жекпе жек үшінші раундта тоқтатылды.

Бүгін Наталья Сербия 🇷🇸 өкілі Милена Матовичпен жұдырық түйістірмек.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


«Turan cup» Түркістанда өтеді

Халықаралық футбол турнирі алғаш рет киелі Түркістанда ұйымдастырылмақ.

20 наурыз - 1 сәуір аралығында өтетін бұл жарыс түркі әлемінің бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылуда.
Жарыс екі кезеңнен тұрады.

🔹1-кезең 20 наурыз – 25 наурыз аралығында 2012, 2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында жарыс өтеді.

🔹2-кезең 27 наурыз – 1 сәуір аралығында, 2011, 2013, 2015 жылы туылған балалар сынға түседі.

Турнирге Түркия🇹🇷, Қазақстан🇰🇿, Өзбекстан🇺🇿, Қырғызстан🇰🇬 және басқа да түркітілдес елдердің клубтары қатысады.

Атап айтқанда Түркиядан «Бешикташ academy – 2014», алматылық «Қайрат», өзбекстандық «Локомотив», «Пахтакор», Қырғызстаннан «Дордой» сияқты футбол клубтарының академиясының тәрбиеленушілері қатысады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Футзалдан Қазақстан құрамасы Арменияға есе жіберді

Армения - Қазақстан арасындағы матч аяқталды. Қорытынды есеп 4:2, Армения құрамасының пайдасына.

Айта кетейік, бүгін шешуші ойын болды. 🇦🇲 Армения тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды! Плей-оффқа топта екінші орын алған 10 команданың сегізі өтеді.

🇦🇲 Армения – Қазақстан 🇰🇿
🌏 ЕУРО-2026 Іріктеу кезеңі |

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты✅

🥊Назым Қызайбай (48 кг)
1/8 финалда словакиялық Николь Дуриковамен кездесіп, үшінші раундта қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, Назым жеңіске жетті.

🥊Карина Ибрагимова алғашқы кездесуінде колумбиялық Валерия Арболеданы 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша боксшыларымыз Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Надежда Рябец жекпе-жексіз әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты

Бүгін, 12 наурызда қазақстандық боксшы Надежда Рябец Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалдық жекпе-жегін Сьерра-Леонеден келген Амината Коромаға қарсы өткізуі тиіс еді.

✍️IBA-ның мәліметінше қарсыластың шаршы алаңға шықпауына байланысты боксшымыз бірден келесі кезеңге жолдама алды.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🏟️Астанада жаңа стадион салынады

Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге💰қаражат бөлінді.

Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады.

Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беріледі.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🏟️«Манчестер Юнайтед» 100 мың орындық жаңа стадион салады

Стадион және оны қоршаған инфрақұрылымды жаңарту Ұлыбритания🇬🇧 экономикасына жылына қосымша 7,3 миллиард фунт стерлинг пайда әкелуі мүмкін.

Бұл қоғам мен аймаққа айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық пайда әкеледі, соның ішінде 92 000 жаңа жұмыс орнын құру, 17 000-нан астам жаңа тұрғын үй🏙салу және жыл сайын қосымша 1,8 миллион туристті тарту мүмкіндігі бар.

Сейсенбі күні Foster+Partners сәулет бюросы стадион үлгісімен таныстырды. Стадионды жаңбыр суын жинайтын және энергия өндіретін үлкен шатыр қоршайды. Бұл шатыр Трафальгар алаңынан екі есе үлкен жаңа қоғамдық кеңістікті жауып тұрады.

Айта кетейік, жоба авторы атақты сәулетші Норман Фостер. Ол Астанадағы «Хан Шатыр», Бейбітшілік және келісім сарайы, «Abu Dhabi Plaza» ғимараттарының жобасын жасаған.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Бес боксшымыз әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты

🥊66 келі. Дебютант Жасмин Қизатова 1/8 финалда Париж Олимпиадасының қатысушысы, Кабо-Верде өкілі Ивануса Морейраны 2-раундта нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
🥊81 келі. Гүлсая Ержан Хиаоменг Вангтан 0:5 есебімен жеңілді❌
🥊54 келі. Жайна Шекербекова мексикалық Ариадна Гил Алонсомды 5:0 есебімен тізе бүктірді.
🥊63 келі. Аида Әбікеева 1/8 финалда Қытай спортшысы Шиоио Жуды 5:0 есебімен жеңді.
🥊60 келі. да ширек финалға шықты. Жаһандық додада дебют жасаған Виктория Графеева Грекия спортшысы София Легакиді жеңді.
🥊50 келі. Алуа Балқыбекова марокколлық боксшыдан басым түсті. 1/4 финалда Алуа түрік Айсен Таскинмен кездеседі.

👉Бүгін, 12 наурыз күні 4 боксшымыз сынға түседі. Күндізгі сессияда Қазақстан уақыты бойынша 18:00-де Карина Ибрагимова, Надежда Рябец, Назым Қызайбай, ал кешкі сессияда 22:00-де Наталья Богданова шаршы алаңға шығады.


Дастан Сәтпаев негізгі құрамда🔝

Футболдан Ұлттық құрамамыз наурызда Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі матч өткізеді. Осы орайда бас бапкердің міндетін атқарушы Әли Әлиева алдағы ойындарда алаңға шығатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Тізімге 32 футболшы енді.

Бұл тізімде таяуда ғана «Челсимен» келісім-шарт жасаған жас шабуылшы Дастан Сәтпаев та бар. Бұл оның ересектер деңгейінде Ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойыны болмақ.

Қазір футболшыларымыз Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿 Уэльс – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 22/23.03.2025 | 00:45
📍 Кардифф, Уэльс
🏟️ «Кардифф Сити»

🇱🇮 Лихтенштейн – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 25/26.03.2025 | 00:45
📍 Вадуц, Лихтенштейн
🏟️ «Райнпарк»


🎾Елена Рыбакина 17 жасар ресейлік теннисшіден тағы да жеңілді

Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде төртінші айналымда Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте №7) 17 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен (№11) кездесті. Ойын 6:1, 6:2 есебімен Андрееваның айқын жеңісімен аяқталды.

📊Матч 1 сағат 7 минутқа созылып, жаңбыр салдарынан 45 минутқа тоқтатылды. Андреева 2 эйс жасап, 1 қос қателікке жол берді және 12 брейк-пойнттың 6-ын пайдаланды. Рыбакина бірде-бір эйс жасай алмады, 3 қос қателік жіберді және 1 брейк-пойнтты іске асырды. Осылайша жеке кездесулердегі есеп ресейлік теннисшінің пайдасына 2:1.

Бұл Андреева үшін қатарынан тоғызыншы жеңіс болды. Индиан-Уэллстің ширек финалында ол украиналық Элина Свитолинамен (№23) кездеседі.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Зарина Дияс Румыниядағы 🇷🇴теннис турнирінің екінші айналымына шықты

🇰🇿Қазақстандық теннисші чехиялық қарсыласын екі сетте жеңді.

Румынияның Тыргу-Муреш қаласында өтіп жатқан Intaro Elite Cup ITF W75 санатындағы турнирдің бірінші айналымында Зарина Дияс (әлемнің 334-ракеткасы) чехиялық Анета Лабутковамен (645-орын) кездесіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

📊Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Дияс өз геймін екі рет жоғалтқанымен, бес брейк жасап, басымдық танытты.

👉Турнирдің екінші айналымында Зарина украиналық Дарья Снигур мен италиялық Камилла Розателло арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Снигур осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🇰🇿Дияр Нұрғожай UFC-де дебют жасамақ

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ережесіз жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-0) АҚШ-тың 🇺🇸Невада штатындағы Лас-Вегас қаласына 🛩 ұшып келді. Ол мұнда UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді.

27 жастағы Нұрғожай 15-16 наурыз күндері өтетін UFC Fight Night 254 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – бразилиялық🇧🇷 Брендсон Рибейро (16-7).

Дияр соңғы жылдары өзінің кәсіби мансабында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, әлемдік деңгейдегі ұйымдардың назарын аударды. Ол 2024 жылдың қазан айында Дана Уайттың Үміткерлер сериясында (DWCS) жарқын жеңіске жетіп, UFC-мен ✍️келісімшартқа қол жеткізді.

Ал Рибейро осыдан 1,5 жыл бұрын UFC президентінен келісімшарт алған. Бірақ содан бері екі рет жеңіліп, бір рет жеңіске жетті. Сондықтан бұл жекпе-жекте жеңіліс тапқан жағдайда, ол UFC-ден шығып қалуы мүмкін.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың тамызына дейін Нұрғожай Хабиб Нурмагомедовтың Eagle FC лигасында өнер көрсетіп, жартылай ауыр салмақта чемпион 🏆 атанды.


🇰🇿Қазақстандық боксшы ресми түрде WBC рейтингінің көшбасшысы атанды🔝

🥊Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жаңартылған рейтингтерді жариялады.

Орта салмақта бұған дейін үшінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) бірінші орынға көтерілді. Айта кетейік, WBC осы салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) Нұрсұлтановқа қарсы титулдық жекпе-жек өткізуді міндеттеген болатын.

Екінші және үшінші орындарды сәйкесінше британдық боксшылар Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) және Крис Юбэнк-кіші (34-3, 25 КО) иеленіп отыр.

🗣Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов ұзақ уақыттан бері рингке шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылғы 17 қарашада 🇺🇿Өзбекстанның Ташкент қаласында өтті. Сол кездесуде ол чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) жеңген болатын.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


3 ұпай ауадай қажет
Футзалдан Қазақстан құрамасы Астана – Мәскеу – Ереван бағыты арқылы Арменияға🛬 ұшып барды.

2026 жылы Латвия мен Литва елдерінде өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алу үшін Қазақстан құрамасына Армениямен өтетін ойында 3 ұпай ауадай қажет.

Топтық кезеңде екінші орын алған құрама 2025 жылдың қыркүйек айында өтетін өтпелі ойындары арқылы бақ сынап, жолдамаға таласады.

🇦🇲Армения – 🇰🇿Қазақстан матчы 12 наурыз күні Астана уақыты бойынша 🕰20:00-де басталады.

Ойынды Армения футбол федерациясы Техникалық орталығының академиясы қабылдайды.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Кикбоксингтен Қазақстан 🏆әлем кубогында 14 алтын🥇медаль жеңіп алды

10-наурыз Италияның🇮🇹 Лидо-ди-Езоло қаласында кикбоксингтен әлем кубогы аяқталды. Биыл жарысқа 46 мемлекеттен 429 спортшы қатысып, жүлдеге таласты.

🇰🇿Ұлттық құрама сапында 32 отандасымыз барып, 14 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.

Ал фулл-контакт бағдарламасында Қазақстан командасы жалпы есепте 1-орын алды.

Құттықтаймыз👏👏👏

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🥊Алты қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсетеді
Бүгін сейсенбі, 11 наурыз күні алты қазақстандық боксшы Сербияның 🇷🇸Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында бақ сынайды.

☀️Күндізгі сессияда (Қазақстан уақытымен 18:00) 1/8 финал кезеңінде Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева және Аида Әбікеева рингке шығады.

50 келі: Алуа Балқыбекова – Ясмин Мутаки (Марокко) – 4-жұп, B рингі
60 келі: Виктория Графеева – София Легаки (Греция) – 7-жұп, A рингі
63 келі: Аида Әбікеева – Шуою Чжао (Қытай) – 12-жұп, B рингі

🌜Кешкі сессияда (22:00) Жайна Шекербекова, Жасмин Кизатова және Гүлсая Ержан өз салмақ дәрежелерінде 1/8 финалда сынға түседі.
54 келі: Жайна Шекербекова – Ариадна Жанет Хиль Алонсо (Мексика) – 3-жұп, A рингі
66 келі: Жасмин Кизатова – Ивануса Перейра (Кабо-Верде) – 5-жұп, B ринг
81 келі: Гүлсая Ержан – Ван Сяомен (Қытай) – 8-жұп, A рингі

А рингі https://www.youtube.com/watch?v=G3UHl9TdhYk

В рингі https://www.youtube.com/watch?v=zz_ZHklHD64


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🥊Алғашқы жеңіліс: Анита Адишева әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады

19 жастағы Анита Адишева (52 кг) мексикалық Эсмеральда Патино Хуареске қарсы жекпе-жекте жеңіліс тапты. Үшінші раундта Адишева қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ төрешілер бұл раундты 1:4 есебімен мексикалық боксшының пайдасына берді. Нәтижесінде, Адишева жалпы есепте 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл Анита Адишева үшін мансабындағы алғашқы әлем чемпионаты болатын. Ол Сербияның 🇷🇸Ниш қаласына жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері ретінде келген еді.

Жарыстың екінші күнінде Жайна Шекербекова (54 кг) да шаршы алаңға шығуы керек болатын. Алайда оның қарсыласы, бейтарап спортшылар құрамында өнер көрсететін боливиялық Джускарли Монтесинос жекпе-жектен бас тартты❌.

Енді 2018 жылғы әлем чемпионатының финалисі, 2016 және 2022 жылдардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Шекербекова жекпе-жексіз келесі айналымға өтіп, мексикалық Хил Алонсо Ариаднамен кездесетін болды✅.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇰🇿Қазақстандық боксшы 🌎 әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

🥊Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Ол 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда Кениядан келген Вероника Нзиваны 5:0 есебімен жеңді.

1/8 финалда Балқыбекова марокколық Ясмин Мутаккиге қарсы шаршы алаңға шығады.

📌Жекпе-жек 11 наурызға жоспарланған.

https://t.me/atamekenbusiness_sport

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.