❄️
Харбин 2025. Ел қоржыны төртінші медальмен толықты 🇰🇿Қазақстандық спортшы Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан Харбиндегі Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол 76,54 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Бұған дейін шорт-трекшілеріміз 2000 метрлік аралас эстафетада күміс, конькимен жүгіруден де күміс медаль иеленді. Сондай-ақ шаңғышы Константин Борцов та табысқа жетті.
Айта кетейік, Қазақстан барлық Орталық Азия елдері арасында қатысушылар саны бойынша бірінші орында. Харбинге 11 спорттың 10 түрінен медальдар үшін жарысқа барлығы 137 қазақстандық спортшы келді.
🥌Сондай-ақ бүгін керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы да сынға түсті. Өкінішке қарай командамыз Жапонияға 4:10 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша ел қоржынында әзірге 4 медаль, оның үшеуі күміс🥈🥈🥈, біреуі қола🥉.
🥉🔄🥈 8 ақпанда қола медаль алған Константин Борцовқа марапаттарды қайта бөлу кезінде күміс медаль берілді. Себебі күміс жүлде алған жапониялық спортшы жарыстан шеттетілді.
https://t.me/atamekenbusiness_sport