🔴 Қазақстанның Украинадағы елшілігі соғыс болып жатқан елге әуеден шабуыл артуына байланысты Қазақстан азаматтарын шайқас жүріп жатқан жерлерге жақын аумақтан я елден кету жағын қарастыруды ұсынды
❗️ Елшілік азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуге құлақ түруге, паналайтын орынға дереу баруға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдар ұсыныстарын орындауға шақырды.
🇵🇱🇲🇩 Елшілік Украинадағы Қазақстан азаматтары
Польша немесе Молдоваға жетіп, әрі қарай
коммерциялық рейспен елге бара алады деді. Польшадан кету үшін Қазақстан азаматтарына Шенген визасы қажет, Молдоваға кіру үшін виза керек
емес.
Кейінгі айларда Ресей Украина астанасы мен өзге қалаларға шабуылды үдетті. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, әзірге Ресейдің ауқымда шабуылы 17 қарашада жасалған. Ол күні ел аумағына
120 зымыран мен 90 дрон ұшып келген.
🇺🇸 Киевтегі АҚШ елшілігі Украинадағы Америка азаматтарына 20 қарашада Ресей әуеден
жаппай соққы беруі мүмкін деп ескертті. Елшілік сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, дипломатиялық ведомство ықтимал шабуыл туралы "нақты ақпарат"
алған.
❗️ Шабуыл қаупіне байланысты
Грекия, Испания және Италия да Киевтегі елшіліктерін уақытша жапты.
❤️
Азаттыққа жазылыңыз