Есек....
Күліп отырайық.... (Күн ысып кетті ғой)
Мысыр уәлиі (губернаторы) Мехмет Али паша (1769-1849) Стамбулға сапарға шыққалы отырған шайыр Нихат мырзаға келеді. Стамбулдан ашық түсті, іске жарамды есек алып келуін өтінеді. Шайыр уәлидің өтінішін орындауға уәде береді. Сонымен шайыр сапарға аттанып кетеді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін шайыр Нихат мырза Мысырға қайта оралады. Алайда уәлидің өтінішін ұмытып кетеді. Шайырдың оралғандығын естіген паша дереу үйіне барады. Шайырды көрген бетте: «Біздің өтініш қылған «есегіміз» не болды?»» деп сұрайды. Шайыр абыржып: «Уаллаһи! Ұмытып кетіппін. Сізді көрген бетте «есек» есіме түсті» дейді. Шайырдың жауабына разы болмаған уәли күлімсіреп: «Оқасы жоқ! Сіз келдіңіз ғой. Есекке мұқтаждық қалмады» деген екен.