Бауыржан Əлиұлы (ресми)


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Ғибратты уақиғалар

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Бауыржан Әлиұлы (ресми) dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз ақтық сапарға аттанды.. 🌠




Бауыржан Әлиұлы (ресми) dan repost
Қырғауылды Навастройка 3-линия


Бауыржан Әлиұлы (ресми) dan repost
Құрметті жамағат! Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ғалым-ұстаз Бауыржан Әлиұлының жаназасы 14 мамыр күні сағат 13.00-де қара шаңырағында өтеді.
*Өтетін орны:* Алматы қаласының іргесіндегі жоғарғы Қаскелең трассасы, Здоровье аялдамасы.

Частный дом
Алматинская область
https://2gis.kz/almaty/geo/9430047404734646/76.730004334822297,43.186119422875798


Бауыржан Әлиұлы (ресми) dan repost
Ұстазымыз Бауыржан Әлиұлы дүниеден озды! Алла ұстазымызды рахымына алсын!🤲 Иннә лилләһи уа иннә иләйһи ражиъун!










📌Ассалаумағалейкүм, құрметті оқырмандар! Белгілі бір себептерге байланысты жаңа телеграмм каналым ашылды: @BauirjanAliuli .Енді жаңа жазбалар сол каналда жарияланатын болады. Тіркеліп қойыңыздар!✅

@bauirjanaliuli
@bauirjanaliuli
@bauirjanaliuli


Ашкөздікпен танылған Ашғаб балаларға қарап: «Мына Амр ибн Осман, мал таратып жатқан көрінеді. Соған барыңдар» дейді. Балалар оның сөзіне құлақ қойып меңзелген тұсқа бет алады. Олардың қайта келуі уақыты созылып, кешеуілдеген шақта өзі де солай қарай жөнеледі. Ойдан шығарған сөзіне өзі сеніп қалып, шынымен солай болып қалар деген ашкөздік оны солай қарай жетелеген болатын.




ҚАДЫРДАН БІР ПІКІР

«Адамзат тарихында кітаптың атқарған қызметін ештеңеге теңестіруге келмейді. Ол ұзақ әңгіме. Жеке тұлғалар да солай. Пушкинді ұлы адам еткен әкесінің өте бай кітапханасы. Пушкин өз заманында алдына жан салмаған білімді адам болған. Ол он бір жасында әкесінің өте үлкен кітапханасын түк қалдырмай оқып шыққан. Және ол кітаптардың бәрі француз тілінде жазылған. Басқаша айтсақ, Пушкинді жаратқан Құдай болса, оны ұлы адам қылған ұлы кітапхана!»


Күліп отырайық...
Əзілдерімен аңызға айналған маңғыстаулық Қошанай көкеміз москвичь көлігін жөндеп жатқан көрінеді. Бұрында үш рет үйленген жиені бар екен. Сол тағы келіншек алып келіпті. Тойға шақырып келген балаға Қошекең: "Жиенге сəлем айтарсың! Қолым тимей жатыр. Келесі түсірген келінге қалмай барамын" депті.


Қазір базарда дәмі жоқ жеміс-жидек көп. Өтірік алма, өтірік шабдалы, өтірік жүзім дегендей. Бірақ солардың бәрінің сырты жып-жылтыр келеді. Қазіргі адамдарға қатты ұқсайды... Ақын Абай Қалшабектің жазбасынан...


Күліп отырайық...
Өзгемен жарысып сөйлемеу...
Сұлтан Мұрат IV Бағдат қаласын алуға әскер жасақтауды ұйғарады. Сұлтан сарайда қолбасшыларды және уәзірлерді жинап кеңеседі. Оған жақын уәзірлер мен қолбасшылар сұлтанның пікірін қолдайды. Тек бір қолбасшы ғана аталмыш пікірге қарсы шығады. Және өзінің ойының дұрыс екендігін көрсетпекке кіріседі. Ол өз ойын енді айтуды бастағанда сырттан есектің ақырғаны естіледі. Мұны ұтымды пайдаланған сұлтан: "Екеуің жамырамай, жарыспай сөйлеңдерші. Әйтпесе айтқандарың тым түсініксіз болып кетті" деген екен.


Баклажанчиктер....
Ливанды билеген Шиһаб әулетінен тараған әйгілі әміршілердің бірі Бәшир II әш-Шиһаби (1767-1850) болатын. Әмірші бір күні жанында тұрған қызметшісіне қарап былай дейді.
-«Бүгін «баклажан» жеуге көңілім соғып тұр».
-«Баклажан деймісіз! Алла баклажанға береке берсін! Ол тамақтың төресі ғой. Ол дегеніңіз майсыз ет емес пе?! Қылтанақсыз балық емес пе?! Қуырып та жеуге болады. Отқа қақтап та жеуге болады. Былай да жеуге, олай да жеуге болады» деп сайрай жөнеледі.
Әмірші оның сөзін бөліп: «Бірақ, өткен жолы бір жегенімде ішім ауырып мазам кетті» дейді.
Қызметші: «Баклажанға Алланың лағнеті болсын! Ол асқазанға ауыр, өзі қоқиған, жағымсыз тағам емес пе?!» дейді.
Әмірші таң қалып: «Сен неткен адамсың өзі! Бір нәрсені бір уақыттың ішінде мақтап та тұрсың, жамандап та тұрсың. Мұның қалай?» дейді.
Қызметші: «Мырзам! Мен әміршінің қызметшісімін. Баклажанның қызметшісі емеспін. Әміршімнің дұрыс дегені дұрыс. Бұрыс дегені бұрыс» деген екен.
P/S Баклажанчиктер бұрыннан бар. Бірақ соңғы кездері «баклажанчиктердің» саны көбейіп кеткен секілді)))


Жүзік тасы...
Ақын Хасыржы-Заде Мехмет (1803-1887) әзіл-қалжыңға жүйрік кісі болған екен. Замандасы бас уәзір Фуат пашамен (1814-1868) жақсы қарым-қатынаста болады. Бір күні ақын пашамен бір мәжілісте кездеседі. Ақынның көзі пашаның қолындағы жүзікке түседі. Көз айырмай ұзақ қарап қалады. Мұны байқаған паша:
- Тасына қарап тұрсыз ба?
- Иә, пашам!
- Алмас қой.
- Қандай пайдасы бар?
- Тастың қандай пайдасы болушы еді?!
- Менің әкемнен қалған екі тасым бар. Жылына жүз алтын пайда әкеледі.
- Солай ма?! Ол қандай тастар екен?
- Диірмен тастары пашам!» деген екен.
P/S Пайдасыз заттарды жинағаннан гөрі дүниеде яки ақіретте пайдасы тиетін заттарды жинай жүрейік.


ҚАДЫРДАН БІР ПІКІР

Сүйексіз тіл
Сай-сүйегіңді сырқыратады.

Тілдің зардабын бас тартады.

Пілде тұлып жоқ,
Тілде құлып жоқ.

Алыппен шайқассаң да,
Халықпен шайқаспа!

Жұртымен болған жұтамайды.


Сұлтандық...
Падишаһ II Мұрат (1404-1451) сұлтандықты жасы он үшке енді толған баласы Фатих Мехметке (1432-1481) тапсырады. Арадан ұзақ уақыт өтпей Балқан түбегінде бүлік шығып, падишаһ II Мұратқа кісі жіберіліп таққа қайта отыруы талап етіледі. Хабаршыны тыңдап шыққан падишаһ: «Тақты баламызға тапсырудағы негізгі мақсатымыз дүниелік істерден тынығу болатын. Әрі қойдың жасындай қалған ғұмырымызды құлшылықпен өткізу болатын. Сұлтандық балама қажет болып жатса, дін мен мемлекетті өзі қорғасын» деп сәлем айтып жібереді. Әкесінің сәлемін естіген Фатих Сұлтан: «Әке! Сұлтандық сізге тиесілі болса, дұшпан біздің жерімізге кіріп келеді, Осман мемлекетін және Ислам ұлысын бұл бәлекеттен қорғап қалу сіздің міндетіңіз. Ал сұлтандық маған тиесілі болса, жиылған әскердің қолбасшылық міндетін атқару сізге жүктейтін сұлтанның пәрмені бар. Тез арада іске кірісу сізден талап етіледі» деп сәлем айтқан екен.
Күндеріңіз сәтті өтсін!

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

387

obunachilar
Kanal statistikasi