Бауыржан Әлиұлы (ресми)


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Құрметті мұсылман қауым! Мүбәрак ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, Алла тағаладан баршаңызға қуаныш, отбасыла­рыңызға береке-бірлік, сүйікті Отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, барша мұсылмандарға тыныштық пен шаттық тілеймін. Әумин!


Әнастан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте ол кісі :
“Ораза айты күні Аллаһтың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айт намазына ешқашан бірнеше құрма жемей шықпайтын. Әрі әдетте ол тақ сан құрма жейтін”,- деп айтқан. (Әл-Бухари 953.)


Ораза айт мерекесі құтты және берекелі болсын сіздерге 🤲


Ахмад ибн Асым әл-Антақи (Алла оны өз рахымына алсын) былай дейді: Мына үш нәрсе нығметтердің ең жақсысы:
1. Нәпсани қалауларын тізгіндейтін ақыл.
2. Надандықтан қорғайтын ілім.
3. Кедейлік қорқуын жоқ ететін қанағат.


Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):«Есек аңыраған кезде шайтанның керінен Аллаға сыйыныңыз. Себебі, есек шайтанды көргендіктен ақырады»

Бухари, Бәдул-халқ, 15.


Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):«Уәдесін бұзған әрбір адамға ақырет күнінде белгі қойылады, бұл пәленшенің опасыздығының белгісі деп айтылады», − деген.

Муслим, Иман, 58.


Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):«Алладан басқасына ант еткен, уәде берген адам күпірлік жасаған немесе Аллаға шірк келтірген болады».

Муснәд, II, 34-б.


Сағид ибн Жубәир (Алла оны өз рахымына алсын) былай дейді: "Кісі ілім үйренуді жалғастырғанша Ғалым. Ал өзін жеткілікті санап ілім үйренуді тәрк етіп, ие болған іліміне разы болған кезден бастап нағыз Надан болғаны"


Хасан әл-Басри (Алла оны өз рахымына алсын) былай дейді: "Ертең өлетін сияқты (сауап) амал жаса. Сондай-ақ мәңгі өмір сүретін сияқты (дүние-мүлік) жинама"


Біреу әйгілі тақуа, табиғин Хасан Басриға келіп: «Ібіліс ұйықтайды ма?» деп сұрайды. Хасан Басри: «Ол ұйықтаса, жанымыз тыныш табар еді ғой» деп жауап берген екен.


قال علي بن أبي طالب رضي الله عنه:
- إن أغنى الغنى العقل،
- وأكبر الفقر الحمق،
- وأوحش الوحش العجب،
- وأكرم الكرم حسن الخلق. (الجمع الجوامع للسيوطي)
Әли бин Әбу Талиб (Алла одан разы болсын) былай дейді:
- Ең жақсы байлық, Ақыл.
- Ең үлкен кедейлік, Ақымақтық.
- Ең жаман жалғыздық, Менмендік.
- Ең жақсы қасиет, Көркем ахлақ.


"Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!, деп айт деп үйретеді. (Тирмизи, Ибн Мәжаһ, Хаким).
"Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни".


قال عمر بن الخطاب لا يقعد أحدكم عن طلب الرزق ويقول اللهم ارزقني فقد علمتم أن السماء لا تمطر ذهبًا ولا فضة.
«Сендердің ешбірің «Аллаһым! Маған ырыздығымды нәсіп ет!» деп дұға етіп, ризық іздемей (үйде) отырып қалмасын. Өздерің де аспанның алтын да, күміс те жаудырмайтындығын білесіңдер ғой!
Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)


قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه: أفضل العبادة أداء الفرائض واجتناب المحارم
"Құлшылықтың ең абзалы - парыздарды өтеп, харам істерден аулақ болу". Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)


قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه: لا أبالي أصبحت عنيا أو فقيرا فإني لا أدري أيهما خير لي.
"Таңды бай болып па, кедей болып па атырғаныма қам жеп уайымдамаймын. Себебі мен үшін қайсысының хайырлы екендігін білмеймін". Сахаба Омар ибн Хаттаб. (Алла оған разы болсын)


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қадірбектер жиналып қалыпты.


قال الإمام الشعبي رحمه الله تعالى: "لو أصبت تسعاً وتسعين وأخطأت واحدة لأخذوا الواحدة وتركوا التسع والتسعين"
Имам әш-Шәғби (Аллаһ оны өз рахымына алсын) былай дейді: "Егер тоқсан тоғыз мәселеде дұрыс айтсаң және бір мәселеде қателессең, адамдар тоқсан тоғыз мәселені тастап сол бір мәселені алып сені айыптайды."


«Арман» деген не?

Баяғыда бір қария жас жігіттен «Арман» деген не? - деп сұрапты.

Жігіт сонда:

-Ата, арман деген қиял, - деп жауап береді.

Қария:

- Жоқ, балам, арман дегеніміз ақыл-ойдың шыңы.

-Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді,

-Қыз көpiктi болсам,

-Жігіт бақытты болсам,

- Қарт жүзге жетсем дейді,

-Ақылды дана болсам,

-Ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай кетеді. Ақымақтың арманы болмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді – деген екен қария.


"Дүниелік жандармен мәжілістес болсаңдар діндарлармен мәжілістес болыңдар. Бұдан өзгелеріне жуымаңдар. Алайда бәз біреулермен мәжілістес болуға мәжбүр болсаңдар онда кісілігі бар кісілермен мәжілістес болыңдар. Себебі олар мәжілісінде бос сөз сөйлемейді".
Құлшылық жасауымен аңызға айналған тақуа Абдулуахид ибн Зәйд (Алла оны рақымына бөлесін).


Дұға - кісіден сұрай алмағаныңды, еш қысылмастан Раббыңнан сұрауға берілген мүмкіндік.


"Қандай бір кісінің бойында Алланың нығметін байқасаң, міндетті түрде сол нығметті көре алмайтын іштарды да көресің. Тіпті әлгі кісі жебеден артық түзу болса да мін тағып жамандайтынның табылатындығын көзіңмен көресің".
Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын).

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.