Ашкөздікпен танылған Ашғаб балаларға қарап: «Мына Амр ибн Осман, мал таратып жатқан көрінеді. Соған барыңдар» дейді. Балалар оның сөзіне құлақ қойып меңзелген тұсқа бет алады. Олардың қайта келуі уақыты созылып, кешеуілдеген шақта өзі де солай қарай жөнеледі. Ойдан шығарған сөзіне өзі сеніп қалып, шынымен солай болып қалар деген ашкөздік оны солай қарай жетелеген болатын.