БІЛІМ БАҚШАСЫ dan repost
(Жалғасы):
Дегенмен де, мəуліт тойлайтындар: «Мəулітте тұрған не бар? Бар болғаны Аллаһ елшісін (ﷺ) еске алу емес пе?» деп шығады. Біз оларға айтамыз: Егер сол нəрседе (мəуліт тойлауда) жақлысық болғанда, олар (сахабалар) бізді оны жасауда озып кеткен болар еді. Ал, Аллаһ елшісі (ﷺ) олар жайында Бухари мен Муслимде келген хадисте:
خير الناس قرني، ثم الذين يلونهم، ثم الذين يلونهم
«Адамдардың ең жақсылары – менің дəуірімдегілер. Сосын олардан кейін келетіндер, сосын олардан кейін келетіндер»,- деп кеткенін сен тым жақсы білесіңғой.
Пайғамбарымыздың (ﷺ) дəуірі – өзі жəне сахабалары ғұмыр кешкен дəуір. Ал, одан кейінгілер – табиғиндер, ал одан кейінгілер – таба табиғиндер. Бұл нəрседе де ешбір талас жоқ. Олай болса, біз сахабаларды, табиғиндер мен таба табиғиндерді білім немесе амал бабындағы жақсылықтың түрінде озып кеттік деген нәрсе ақылға қонама? Ол нәрсе мүмкін бе жалпы? Біз жаңа ғана егер бір жақсылық болған болса, онда сәләф-солихтарымыз (алдыңғы өткен ізгілеріміз); олардың басында Аллаһ елшісі (ﷺ) сол жақсылықты білуде әрі оны жасауда бізді озған болар еді деген ортақ ойға келістік, солай ма, әлде бұл нәрседе күмәнің бар ма?
– Қарсыласы: Дәл солай, ода еш күмән жоқ.
– Шейх Альбани: Кәзіргі кезде тойланып жатқан мәуліт пайғамбарымыздың (ﷺ) заманында болмағандығына барлық адамдар бірауыздан келіседі. Демек, бұл жақсылық Аллаһ елшісінің (ﷺ) заманында да, сахабалардың заманында да, табиғиндердің заманында да, мұжтаһид ғалымдардың (мазһаб имамдарының) заманында да болмаған екен. Осы жерде: сен айтып жатқан жақсылық (мәуліт тойлау) олсылардың барлығына қалай ғана жасырын қалды екен?
Сен маған осы сұраққа: «Олар бізден әлдеқайда білімді болғандары себепті оны білген. Не болмаса олар оны білмей өткен» деген екі нәрсенің бірімен жауап бересің. Егер олардың өзі білмей қалса, біз оның жақсылық екеннін қайдан ғана біліп қалдық? (Бізге дін солар арқылы ғана жеткен жоқ па?)
Егер олар білген деп айтсақ, негізі осы жауап – мәулітті тойлауға рұқсат беретіндер үшін (олар оны білмей өткен деген жауаптан қарағанда) дұрысырық әрі абзалырақ жауап болып саналады. (Себебі, Аллаһ елшісін (ﷺ) дінде бір жақсылықты білмей өткен деп айыптау – күпір келтіру болып есептеледі. Ал, олар оны біле тұра жеткізбей кетті деу – Аллаһ елшісінің (ﷺ) және сахабалардың аманатшылдығына тіл тигізу болып саналады). Біз айтамыз: Егер білген болса, онда неге олардың, яғни, сахабалардың немесе табиғиндердің немесе ғибадатшылдардың біреуі қателесіп болса да сол жақсылықты істемеген? Жоқ әлде біз олардан қарағанда Аллаһқа жақынырақпыз ба? Олардың саны қаншама миллион бола тұра, бізден қарағанда Аллаһқа жақынырақ бола тұра, олардың біреуі де, бірде-бір рет оны жасамай өткендігі ақылыңа сыяма? Сен Аллаһ елшісінің (ﷺ):
لا تسبوا أصحابي، فوالذي نفس محمد بيده لو أنفق أحدكم مثل جبل أحد ذهبا ما بلغ مد أحدهم ولا نصيفه
«Менің сахабаларымды сөкпеңдер. Мұхаммедтің жаны Оның қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етейін! Сендердің біреулерің «Ухуд» тауындай алтынды Аллаһ жолында жұмсаса да, менің сахабаларымның берген бір уыс садақасына жете алмайды»,- деген сөзін білесіңғой. Осыдан келе, біз бен сахабалардың арасындағы айырмашшылықты аңғарған шығарсың?! Өйткені, олар Аллаһ елшісімен (ﷺ) бірге Аллаһ жолында күресіп, дінді одан тікелей, ешбір дәнекерсіз үйренген. Демек, біз сәләф-солихтарымыз; олардың басында тұрған сахабалар (Аллаһ олардан разы болсын) Аллаһқа бізден жақын бола тұра, әрі Аллаһқа жақындататын жақсылықты біле тұра, оны жасамай кеткен деген нәрсені мүлде елестете алмайды екенбіз. (Себебі, ол нәрсе мүмкін емес). Олай болса, мен бағанадан бері айтып жатқан нәрсем (яғни, мәуліттің дінде жоқ іс екендігі), Аллаһ қаласа, саған түсінікті болған шығар?!
– Қарсыласы: Иә, әлхамдулилләһ, толық түсінікті болды!!!
🔖 Бұл пікірталас үстідегі жазбадан қысқартылып алынған
🔍 https://t.me/bilim_baqshasy