Қазақстандағы ИКАО апталығы
Азаматтық әуе кемелерінің жанжал аймақтарының үстінен немесе оларға жақын ұшуы үшін тәуекелдерді бағалау бойынша ИКАО аймақтық семинары
Бүгін Алматы қаласында ИКАО апталығы басталды, оның шеңберінде жанжал аймақтарында немесе олардың маңында азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін авиациялық қауіпсіздік пен тәуекелдерді басқарудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық семинар жұмысын бастады.
Іс-шараны Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO), Қауіпсіз аспан жөніндегі консультативтік комитет (SSCC) және Қазақстан Республикасының авиациялық билігі ұйымдастырды.
Семинар авиациялық қауіпсіздік саласындағы әлемнің жетекші сарапшыларын, әртүрлі елдердің азаматтық авиация өкілдерін, сондай-ақ тұрақсыз саяси ахуалы бар елдерге ұдайы ұшатын әуекомпаниялардың өкілдерін жинады. Қатысушылар азаматтық әуе кемелерінің жанжал аймақтарына немесе олардың маңына ұшуы үшін тәуекелдерді бағалау мен басқаруға қатысты көптеген мәселелерді талқылайды.
Басты назарда қауіптердің жаһандық және өңірлік көрінісі, тәуекелдерді бағалауға жалпы көзқарас – ведомствоаралық ынтымақтастық, қауіп-қатерге байланысты ақпаратпен алмасу, өңірлік және халықаралық деңгейде қауіптер мен тәуекелдер туралы ақпаратпен тиімді алмасу, жанжал аймақтарына байланысты авиациялық инциденттер және алынған сабақтар, аймақтардағы тәуекелдерді басқару перспективалары, халықаралық және аймақтық қақтығыстар және ағымдағы мәселелерді талқылау сияқты өзекті сессиялар болады.
Семинар мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, авиациялық билік орындарының және әуекомпаниялардың өкілдері арасындағы диалог үшін бірегей платформа болып табылады. Қатысушылар өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісе, өзекті сын-қатерлерді талқылайды және қақтығыс аймақтарында ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін бірлескен шешімдер әзірлеуге мүмкіндік алады. Бірлескен жұмыс әуе тасымалдарының неғұрлым қауіпсіз және орнықты жүйесін құруға көмектесіп, өңірлік және жаһандық деңгейде азаматтық авиацияның қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.