Екінші Тайм | Есет Төлеш


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Футбол. Қызық ақпараттар, тарихи мәліметтер мен статистика.
Авторы - @YessetTolesh
Сайт - https://2taim.kz/

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


УЕФА осы жолы дұрыс шешім қабылдады

Бүгінге ойындардан тек Барселона мен Ливерпульдегі матчтарда интрига бар. «Бавария» мен «Интер» шаруаны өткен аптада шешіп тастаған.

«Барселона» - «Бенфика» және «Ливерпуль» - ПСЖ матчтары қызық болып отыр. УЕФА екеуін екі уақытқа бөліп тастапты. 22:45-те Барселонада, 01:00-де Ливерпульдегі матч басталады. Екеуін де көре аламыз. Екеуін де QazSport көрсетеді.

1k 0 0 15 65

Криштиану Роналду - 927 гол!

Мың голға жетеді дегенге сене қоймаймын, әлі 73 гол керек. Яғни, тағы екі-үш маусым ойнауы қажет. Қазіо 40-та екенін де ұмытпау керек.

Бірақ Рон өзіне керемет мотивация тапқаны қуантады.


Мадридте жасындай жарқылдап жүрген жігіт

Кім таныды?


«Манчестер Юнайтед» жеңіске әлдеқайда жақын болды. Бірақ бар болғаны бір ұпай еншіледі...

Мұндай жазба жазатын да күн болады екен.


МЮ бір тура соққымен-ақ «Арсеналды» жеңіп жатыр.

Екінші таймда қорғанысқа жатады-ау деп отырмын.


Футболдың көкесін соңғы 15 минутқа қалдырыпты ғой.

«Хетафе» «Атлетиконы» «Атлетиконың» қаруымен жеңді.


Бұлар неге мұндай болды екен?

Бұл таймды көрмеген көз іздеймін…


Интриганың көкесі Екінші Бундеслигада екен


«Ноттингем Форест» келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатыса ма?

Бұл жерде негізі қатыса ма емес, орала ма деп сұрау керек шығар. Бұл «орманшылар» кезінде Еуропалық чемпиондар кубогын екі рет жеңіп алған. Алғаш рет 1979 жылы, ол кезде жартылай финалда «Кельнді», финалда «Мальмені» жеңген. Иә, өзі сондай қызық маусым болды. «Реал», «Ювентус», «Ливерпульдің» бәрі ертерек ұшып кеткен еді.

Келесі, 1980 жылы, «Ноттингем» тағы да Еуропа үздігі атанды. Финалда «Гамбургті» жеңді.

Сол кезде бала болып финалда көрген жанкүйерлер бүгінде ата болып отыр.

Келесі жылы ЧЛ-ға шығуға мүмкіндігі зор, топ-5 қатарына кіру керек. Қазір олар үшінші орында тұр.




«Барселона» растады: бірінші команданың дәрігері Карлес Миньяро Гарсия қайтыс болыпты.


«Барселона» - «Осасуна» матчы шегерілді.

«Барса» футболшысының жақыны қайтыс болған. Ойыншылар матчты шегеруді сұрады. Екі клуб та келісімін берген.


Бүгін Бундеслигада сенсация туры болып жатыр

«Бавария» өз алаңында 16-орындағы «Бохумнан» жеңілді. Пальиньяның қызыл қағазына дейін бәрі жақсы болған еді.

«Байер» өз алаңында «Вердерге» 0:2 жол берді.

«Боруссия» Дортмунд өз алаңында «Аусбургке» есе жіберді.

«Штутгарт» сырт алаңда 17-орындағы «Хольштейнмен» тең түсті.


«Манчестер Сити» осы турдан кейін топ-5 қатарынан шығып қалуы мүмкін.

«Орманшылар» «Арсенал» мен «Ман Ситиге» қарсы екі матчта төрт ұпай алды.


«Қайраттың» маусымға дайындығы тамаша екен. Алматыда «Ордабасы» қақпасына бір таймда үш гол соғып тастады. Чемпиондық титулды сақтап қаламыз деген үндеу сияқты.

Айтпақшы, Дастан Сәтпаев негізгі құрамда шықты.

PS. Бүгін ҚПЛ-да үш матч аяқталды, екеуі - 0:0.


Мына кісілер 8 наурызды тойлап шыққан-ау


«Сампдория» нәзік жанды жанкүйерлерін құттықтау үшін бір күнге эмблемасын өзгертті

Эмблемадағы ер адамның бейнесін әйелге өзгерткен.

Тағы бір қызық жайт: бүгін «Палермоға» қарсы матчта «Сампдория» футболшыларының нөмірінде осы маусымда абонемент сатып алған 4665 әйелдің есімі толық жазылады.

Құттықтау деп осыны айт.


«Екінші Таймның» нәзік жанды оқырмандарын халықаралық мерекесімен құттықтаймын.

Маңыздысы аман болыңыздар, бақытты болыңыздар.

Әр посттың астына пікір жазатын бот-қыздарды да құттықтап қояйық!


Неймар Бразилия құрамасына шақырту алды.

Ал 25 наурызда Аргентина мен Бразилия ойнайды.

Ней құрамада соңғы рет 2023 жылы қазанда алаңға шыққан.

Месси мен Неймар алаңда қайта жолығуы мүмкін.


💸 41 435 900 ₸ — именно столько LotoClub выплачивает своим игрокам каждую неделю

Прикинул свою долю? Забрать кусок пирога можешь после регистрации на официальном сайте.

Там же мы разыгрываем IPhone 16 Pro Max и 3 000 000 ₸

🎰 Выбери свою игру: лотереи, казино, а может хочешь джекпот?

Их, кстати, выбивают каждый день.

👇 РЕАЛЬНЫЙ ЗАРАБОТОК👇

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.