Бүгінгі ойынға дайынсыздар ма, жанкүйерлер?
🇱🇮 Лихтенштейн - 🇰🇿 Қазақстан
00:45
Вадуц қаласы
"Райнпарк" стадионы
Соңғы жаңалықтар
* Стас Покатилов бұл ойынға қатыса алмайды. Оның орнына хаттамаға үшінші қақпашы ретінде "қайраттық" Темірлан Анарбеков тіркеледі.
* Қазақстан құрамасы әлем чемпионаттарына іріктеу кезеңінде жеңіске жетпегелі 1⃣1⃣ жыл, 7⃣ ай, 1⃣8⃣ күн өтті. Соңғы рет отандастарымыз ӘЧІ-2014 турнирінде 2013 жылдың 7 қыркүйегінде "Астана Аренада" Фарерді 2:1 есебімен жеңген еді.
* Содан бері ӘЧІ аясында Қазақстан құрамасы 2⃣2⃣ матч өткізіп, 🅾 жеңіс, 7⃣ тең ойын, 1⃣5⃣ жеңіліс тіркеді.
* Соңғы жеңіске бізді чехиялық маман Мирослав Беранек жеткізген еді. Ол 2013 жылдың соңында Қазақстаннан кеткен соң 1 жылдай "Славияның" тізгінін ұстады, сосын жастар командаларына ауысып, мүлде көрінбей кетті.
* Беранектен кейін Қазақстан құрамасының тізгінін 1⃣0⃣ маман ұстады. Талғат Байсуфинов, Александр Бородюк, Михал Билек, қайтадан Байсуфинов, енді Әли Әлиев 3⃣ іріктеу кезеңі аясында бірде-бір жеңіске жете алмай келеді.
* Фарермен кездесуде жеңіс голын соққан Андрей Финонченко 2016 жылы футболдан кетті. Содан бері ол "Шахтер" (Қарағанды) командасында еңбектеніп келеді.
* ӘЧІ кезеңдерінде бір іріктеудегі Қазақстан құрамасының бас мергені - Олег Литвиненко. Ол 2001 жылғы іріктеу кезеңінде қарсыластар қақпасына 4⃣ доп енгізді (Макао - 1, Непал - 2, Ирак - 1).
*УЕФА-ға мүше болғалы өткізген 5⃣ іріктеу кезеңінде С.Остапенко мен С.Хижниченко ғана 3 доптан соға алды. Олар ӘЧІ-2010 турнирінде көзге түсті. Қ.Нұрдәулетов (ӘЧІ-2014), С.Хижниченко мен Б.Тұрысбек (ӘЧІ-2018), Р.Валиуллин (ӘЧІ-2022) 2⃣ доппен шектелді.
*Демек, әлем чемпионаттарына іріктеу кезеңдеріндегі бас мергеніміз - Сергей Хижниченко (екі іріктеу кезеңінде - 5⃣ доп).