кеше түнде жауған қардың арқасында ағаштар мен таулар көз тоймас әсемдікке оранып тұр. кеше ғана шаң басқан жерлер бүгін ауаның тазалығына өз үлесін қосып тұр. әттең, бізге қозғалыс керек, әйтпесе аяқ-киімімнің кір табанымен басып, осы сұлу бейнені бұзбас едім. күзде күзге ғашық болып едім, енді қыстың келуімен қысқа деген сезімдерім өзгеріп жатыр. сыры неде? мүмкін, Алматыға келуім? мүмкін, өмірімді өзім жақсы көретін бағытқа қарай өзгертіп жатқандықтан? кім білсін… дегенмен, Аллаға сансыз шүкіршіліктер!
желтоқсан тоғызы екі мың жиырма төртінші жыл✍🏻
желтоқсан тоғызы екі мың жиырма төртінші жыл✍🏻