ermek ushin…


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Bloglar


есімім Ермек Сағитжанұлы, түсінгеніңдей жазғаным бәрі өзім үшін…

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Bloglar
Statistika
Postlar filtri


мен бүгін универдегі орыс тілі сабағында отырған уақытымда “орыс тілін сөз жаттап немесе оның қағидаларын оқып үйренбеген екенмін” деген ой келді. жәй ғана кино көріп, өзгелермен сөйлесіп, кітап оқып үйреніппін. соңында “тіл үйренудің ешқандай ауырлығы жоқ” деген түйінге келдім.

жәй, ұйқыға кетіп бара жатып, осында бөлісе салайын деген ойлар тізбегі.


көңіл-күйдің адамы болғанды қою керек еді.
жақсы болса, жақсы мәміле жасап , жаман болса, иттей үрмей🗣️


өзге ге жақсы тілек тілей алуымыз немесе алмауымыз - жомарттығымыздың деңгейін көрсетеді.

пейіл кең болса, тынысыңды да кең болады.


егер әлем - мұхит болса, сен де оның бір тамшысысың. демек, сенде мұхитсың, сеніңде әлемге берерің бар.

өзіңе сен🌊


“айдағаны бес ешкі - ысқыры жер жарар” дегендей мынау не деп отыр деп жатсың ба?)


бұдан түйетін түсінік: “мемлекет жақсы жаққа өзгеру үшін - мемлекетті құрайтын халық санасы өзгеру керек. халықтың санасы жақсы жаққа өзгеруі үшін - көптеген ағартушылық жұмыстарды талап етеді.
жалпы, Алаш зиялы қауымының әрекеттерінің барлығы дерлік ағартушылық жұмыстар. біздің рухани және сана тұрғысынан деңгейіміздің көтерілуі - мемлекеттің ілгері жылжуына тікелей әсер етеді.


"Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. …Біздің заманымыз - жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман."

🗣️ Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы


қалай шабытым келіп жаздым, дәл солай шығара салдым, сақтаймын, сосын түзеймін десем, мүлдем шықпай кететін қаупі болған себепті;)


бізге керегі - түсінік
өзгенің ауыртпалығын
көрсеңші әуелі түсініп.
дәмін татпай ондағының
неге даттайсың көсіліп.

көрсем біреу біреуді даттағанын
өзгені емес, өз тілін ластағанын
тұла бойым түршігіп
ауырады жаным іштей күрсініп.

жан-дүниесін сезініп
қателігін кешіріп
қарай алатын өзге ге
керегі бізге - т ү с і н і к.


егер жолаушы сапарға шықса, оның міндетті түрде “б” нүктесі болады. сол себепті, оның сапары жеңіл, назары жинақы болады. соған сәйкес, өмір де - сапар іспеттес және бұл өмірде мақсаты бар адамдар келесі нүктеге жеңіл және жинақы жетеді(менің пайымдауым бойынша).

екінші мысалға, альпинистті алайық. альпинист тауға шығар алдын, үзілмейтін мықты арқанын тау жоғарысына қадап алады. бұл арқан - оған құлаған уақытында көмекші болады. сол секілді, мақсат - адамға шаршаған күндері, әл-қуатын бойына қайта жинауына себепші болады.

үшін мысал, тікелей мақсат туралы емес, бірақ, жанама қатысы бар.
мысалға, таудан төменге ағатын суды алайық. бұл судың өз арнасы болса, ол суды бір жерге жинап, ол жиналған суды игі іске қолданып, пайдасын көруге болады. ал, егер әртүрлі арнамен ақса, әржерде кеуіп кету пайызы көбірек.
бұл мысалды, жас кездегі адамның бойындағы күш-жігерге теңесе болады. адам көктемінде(жас кезінде) күллі істі төңкеретіндей сезінеді. бірақ, сол күш жігерді бір мақсатқа бағындырса, өмірі жемісті болары сөзсіз. ал, егер керісінше әр желдің есуінде кетсе, жоғарыдағы жердің әр бұрышында кеуіп кеткен су іспеттес болу ықтималдығы көп.


алдыңғы жолы мақсат турасында келесі жолы сөз қозғаймыз деген едім. соған байланысты ойда жүрген бір-екі мысалмен бөлісейін📮


иә, Раббым, сауап істерде тұрақты болуымды, сонымен қатар, сауапты істерді жоятын амалдардан аулақ болуымды нәсіп ете көр🤲🏻❤️‍🩹


“кейде адамдар уақытты өлтіре тұрайық деп ойлайды, бірақ уақыт оларды өлтіріп жатқанымен шаруасы жоқ”.


әр сәт біз үшін байлық. ал, өзіміздегі байлықтар турасында “қолда бардың қадірі жоқ” деген нақыл сөз бар. сол үшін қадірін жәй ғана білмей, білгеніміздің маңыздылығын жүрекпен түсінуіміз де қажет.

оны түсінсек - өмірде кез-келген шыңды бағындыра аламыз. мысалға, уақыт байлығын түсіну “берілген уақыт ішінде мақсат үшін ықыласты амалдар жасауымыз бен қатар, қажетсіз амалдарды тастай білу…”

әрине, бұдан бұрын мақсатты айқындау маңыздылығы бар, бірақ ол турасында кейінге қалсын.


кейде ойлаймында, сақалды ұнатпай, мүлде қарсы болатын қазақтар, өз елінің мәдениетінде ұнатпайды ма екен деп?!


күннен күнге күзге ғашық болуым - Алматы да болуымның себебінен ба?


ертең, ертең… ертең не болатын қайтесің? қазіргі сәтке үңілші!

қазіргі уақыт - ол сен осыдан, шамамен 2-3 жыл бұрын армандаған сәт. сондықтан, ертеңгі күннің уайымы - бүгінгі күннің қызығынан айырмасын. адамға күшті - ертеңге деген уайым емес, бүгінгі кішкентай жетістіктер береді.

сен болашақты емес, болашақ сендей тұлғаның келуін күтсін. ол үшін - бүгінгі әрбір сәтіңе назар сал.


“өзгелер маған уақыт бөлмеді” деп ренжіп жатамыз. ойлаймында, “өзімізге өз уақытымызды” бөлгенде, өзгелерге деген реніш атымен болмас па еді?!

“адамның өзіне уақыт бөлуі” деген сөзді қалай түсінесіз?


мұңсыз адам - қара суға да семіреді.

халық даналығы🗣️




өзгелердікіне шамадан тыс назар аудару, өзіңдегіні ұмыттырады.

бұл сөзді естігенімізде көбіне дүниелік, яғни қолмен ұстап көретін нығыметтер ойға келеді. бірақ, бұл жерде адамның бойындағы қабілет турасында сөз қозғағым келіп тұр.

мысалға, бір адам саудаға қабілетті болып және сол қабілетінің көмегімен дүниелік және ақиреттік істерде жетістіктерге жетіп жатырса, оған қарап өзімізді “менде неге ондай емеспін” деп жазғыруымыз, бірінші кезек, өзімізді тани алмауымыздан, ал оның нәтижесі шүкірсіздікке алып келеді.

яғни, әр адам бойында өз ерекшілігіне қарай әртүрлі қабілеттер бар. мысалға, бір адам адамдармен тез тіл табысады, өзге біреу жаңа ақпараттарды тез игереді, енді біреуі жәй, бірақ жадында ұзақ сақтайды т.с.с.

бұдан түсінетініміз, әуелі бізге керегі, өзіміздің табиғатымыз не нәрсеге бейім екенін және қай істермен айналысқанда өзімізді жақсы сезінетінімізді анықтағанымыз жөн. яғни, өзімізбен шынайы сұхбат жүргізу керек. өзімізбен іштей болған сұхбаттан кейін, өз бойымыздан тапқан қабілеттерді ашатын және содан жеміс өсіріп шығаратын істермен шұғылдануымыз керек. өзімізге ұнаған және бейім болған дүние - біздің жетістікке жету жолымызды жеңілдетеді. өйткені, бойымызда әуелден болған қабілет - кішкентай еңбектің өзімен тез ашылады. ал, ол нәрсе адамды әрдайым қуаттандырып отырады (нәтиже болып жатқанын сезу).

енді, осыдан кейінгі ең маңызды нәрсе, назарды тек өзімізге(өз даму жолымызға) қою. өзге адамдардың қабілеттілігіне шамадан тыс қызығуымыз, өз қабілеттерімізді тұншықтырып алуға алып келуі мүмкін.

әр адам - жеке тұлға. тек тұлға болу жолдары әртүрлі.

Құрманғазы Садыбаев ұстазбен кездесуден кейінгі түйілген ой💭

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.