Fragment


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Қазақтілді шындық арнасы
Ertenmedia экожүйесіне кіреді

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


⚡️ Депутат Бапи: Тоқаевты түсінуге тырысаңыздар...

Депутат Ермұрат Бапи орыс тіліне арналған халықаралық ұйым құру туралы құжаттың мәнін қоғамға дұрыс түсіндіру қажет деген пікірде.

Оның айтуынша, бұл құжат тіл саясаты емес, елдің сыртқы саясаттағы ұстанымдарына байланысты қолға алынған қадам.

Бапи қоғамға нақты месседж жеткізу керектігін алға тартып отыр. Жағдайды толық контексте көрсету керек.


"Бұл бастама Тоқаевтың бейтарап дипломатиялық саясатына қызмет ететін саяси құрал екенін ашық айту керек. Былайша айтқанда, орыс тілі мәселесінен бұрын елдің сыртқы саясатын күйттейтін құжат, Сыйластықты сақтай отырып, ішкі және сыртқы мүдделерді қорғау тактикасы жатыр", – деді ол.

Депутат "бұл мәселе қоғамды екіге жармауы тиіс" деп, жауапты органдарға ақпараттық жұмыс жүргізуді ұсынып отыр. Бапи құжаттың мәнін түсінбеген қазақтілді аудитория оны тілге төнген қауіп деп қабылдайтынын, сол себепті биліктің халықпен диалогты күшейтуі маңызды екенін ескертуде.

Айта кетелік, «Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым» құру туралы келісімге 🇰🇿 президент Тоқаевтың бастамасымен 2023 жылы 13 қазанда Бішкекте қол қойылды. Ұйымның мақсаты – мүше елдер арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


DALA INSIDE dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Депутат Бапи: Дариғаны дәріптеп жүргендерді анықтау керек!..

Депутат Бапи атышулы Дариға Назарбаева мен "Ескі Қазақстанды" аңсап жүргендерді тексеруді талап етті деп жазады DALA INSIDE.

Мәжіліс депутаты әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваны дәріптейтін бейнематериалдарды байқап, бұл әрекетті бұрынғы саяси режимді насихаттауға бағытталған манипуляция деп атады.

"Әлемжелі арқылы түрлі манипуляциялар жасалып, 🏛 Жаңа Қазақстанды екіге жаруға, қоғамда шиеленіс тудырып, кек алу ниетін қоздырып, ескі тәртіпті қайтаруға деген құлшыныс байқалады.

Реваншистік топтар интернетте "билік отставкаға кетеді", "мерзімінен бұрын сайлау өтеді", "депутаттар ар-намыстарынан айырылды" деген жалған трендтерді таратуда.

Бұл ма, бұл қоғамдық санаға әсер ету арқылы Жаңа Қазақстанның бірлігін шайқауға бағытталған технологияның бір бөлігі.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына осындай арандатушылықтардың түп-тамырын анықтап, осы әрекеттің артында тұрған топтар жайлы толық мәлімет беруді сұраймын", – деді депутат.

https://t.me/dalainside


⚡️ Қазақстан Орыс тілі ұйымын құру үшін 43 млн теңге бөледі...

🇰🇿 Президент Тоқаевтың бастамасымен «Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым» құру туралы келісімге 2023 жылы 13 қазанда Бішкекте қол қойылды. Ұйымның мақсаты – мүше елдер арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту. Орыс тілі БҰҰ-ның ресми тілдерінің бірі екенін ескерсек, бұл ұйымның халықаралық мәртебесі жоғары болмақ.

Мәжіліс келісімді ратификациялап, Сенатқа жолдады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ұйым құруға 43 млн теңге бөлінеді. Ұйымның құрылымы, хатшылығы мен жұмысы нақты анықталатын болады.


Бастама ТМД елдері арасында орыс тілінің маңызын арттыруды көздейді.

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Нарықты Ресейге беріп қойдық! Танымал баспагер дабыл қақты...

Ресей баспалары Қазақстан нарығына белсенді түрде еніп жатыр. Белгілі баспагер Бақытжан Бұқарбай мұны "колонизацияның бір көрінісі" деп бағалайды. Бұл туралы ол Мәжіліс жанындағы комитет отырысында егжей тегжейлі айтып берді хабарлайды Fragment.

Бұқарбайдың атап өткеніндей, Ресейдегі соғыс пен санкциялар елдегі баспа индустриясына кері әсер етіп, кейбір ресейлік баспалар компанияларын Қазақстанда тіркеуге көшкен. Бұл бәсекелестікті күшейтіп, әсіресе қазақ тілді баспагерлердің жағдайын қиындатып отыр.

"Ресейлік баспалар үлкен бюджеттерімен нарыққа еніп, біздегі тапсырыстарды алып жатыр. Біз ашық нарық жағдайында жұмыс істейміз, бірақ бұл қазақ баспагерлері үшін өте ауыр. Әсіресе, миллиондаған қаржылық қолдауы бар ресейлік баспалармен бәсекеге түсу қиынға соғады», – дейді Бұқарбай.


Оның пікірінше, 🇰🇿 Үкімет бұл мәселеге араласып, нақты талаптар қоюы тиіс. Баспагер қазақ тілді контентті дамыту үшін протекционизм саясатын енгізу қажеттігін алға тартты.

Мысалы, Қазақстанда тіркелген ресейлік баспаларды орыс тілінде бір кітап шығарған жағдайда, қазақ тілінде де бір кітап шығаруға міндеттеу арқылы нарықта теңдік сақтауға болады.

💬 Бақытжан Бұқарбай қазақ тіліндегі кітаптардың нарықтағы үлесін арттыруда үлкен еңбектің қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2016 жылы «Меломан» дүкендерінде қазақ кітаптарының үлесі небәрі 5% болса, қазір бұл көрсеткіш 15%-ға жеткен. Алайда, ресейлік баспалардың нарыққа көбірек енуі бұл көрсеткішті қайта төмендетуі ықтимал.

«Қазақ баспагерлері бизнестің ең тиімсіз түрімен айналысып жатыр, себебі біз қазақ контентінің үлесін арттыруды көздейміз. Бірақ соңғы жағдайларды ескерсек, қазақ кітаптарының нарықтағы орны әлсіреуі мүмкін», – деді ол.

Тағы бір маңызды мәселе – Ресейде басылып шыққан кітаптардың бағасы.

Баспагердің айтуынша, бұл кітаптар Қазақстанда өте төмен бағамен сатылып жатыр. Мысалы, ресейлік кітаптардың құны 600-700 теңге болса, қазақ баспагерлері шығаратын кітаптардың бағасы шамамен 5 мың теңгені құрайды.

Атышулы "Россотрудничество" арқылы берілетін дотациялар ресейлік баспаларға кітаптарын арзан бағамен сатуға мүмкіндік беруде...


⚠️ Бақытжан Бұқарбайдың айтуынша, мәдениет министрлігі өз кезегінде қазақ баспагерлеріне қойылатын талаптарды күшейтуді жоспарлап отыр. Бұқарбай жазда үлкен резонанс тудырған «Как управлять казахами?» кітабына қатысты жағдайдан кейін, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қазақ тілді кітаптарға рұқсат алу талаптарын қиындатуы ықтимал деген мәліметке алаңдаулы. Бұл шешім қазақ тілді контенттің азаюына әкелуі мүмкін.

«Ресей баспалары орыс тілді кітаптардың санын көбейтуде. Бұл отарлаудың бір көрінісі деп айтуға болады. Ал өзіміздің министрлігіміз қолдаудың орнына, шектеулер енгізуге ниетті. Бұл жағдай маған мүлдем түсініксіз», – деді ол.

Бақытжан Бұқарбай бұл мәселені ұлттық мәдениетті қорғау тұрғысынан қарастыруды және қазақ баспагерлеріне нақты қолдау көрсетуді талап етуде.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


🇰🇿Ұлттық банк төрағасы: Қазақстанды қиын-қыстау заман күтіп тұр...

Fragment Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің қаржыгерлердің XII Конгресінде сөйлеген сөзінен келесідей үзінді келтіреді.

▪️ Егер инфляция 5% деңгейіне жетпесе, тиісінше базалық ставкі де 8-9% деңгейіне түспейді. Ал мөлшерлеме төмендемесе, 11%-бен несие беру мүмкін емес.

▪️ 🇰🇿 Бектенов? Ұзақ жылдар бойы қос мандат туралы айтылып келді. Енді біз, үкіметпен бірге, мандатты орындауда үкіметтің жауапкершілігін қамтамасыз етуге күш салуымыз керек.

Үкімет өз күшін инфляцияны төмендетуге бағыттауы тиіс.


▪️ Біз базалық мөлшерлемені еш себепсіз, инфляция жоғары және бюджеттік шығындар көп кезде (фискалдық экспансия) төмендете алмаймыз. Бұл анық. Біздің мандатымыз - баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, және біз бұл үшін бүкіл ел алдында жауаптымыз.

▪️ Инфляцияны бақылауға алғанға дейін бұл процесс ауыр болады.

Бұл – шығындарды қысқарту, кірістерді арттыру, салықтарды көтеру деген сөз. Иә, бұл оңай емес.


Бірақ дәл осы қадам үлкен экономикалық серпіліс жасауға алғышарт болуы тиіс.

Ұлттық Банк басшысының сөзінен үкіметтің фискалдық экспансиясы (бюджеттік шығындарды ұлғайтуы) мен Ұлттық Банктің инфляцияны төмендету мандаты арасында қайшылық барын аңғаруға болады. Сүлейменов "Бектенов үкіметі шығындарын азайтпай, инфляцияны төмендету мүмкін емес" дегенге меңзеп отыр.

Осыған қарап, Қазақстанды алда қиын қыстау кезең күтіп тұрғанын болжауға болады.

▪️ Халық үшін: бағаның өсуі, салықтардың көбеюі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі.

▪️ Бизнес үшін: қаржыландырудың қиындауы, шығындардың өсуі, сұраныстың төмендеуі.

▪️Мемлекет үшін: инфляцияны бақылау мен экономикалық өсімді қатар қамтамасыз ету арасындағы күрделі таңдау.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


DALA INSIDE dan repost
⚡️ Халықтың қайырымдылыққа ақша жинау мәселесі қаралады...

Бұл жайлы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

Айта кетелік, бұған дейін Қаржы мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Агенттіктің атап өткеніндей, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған.


Тергеу мәліметтері бойынша, қайырымдылық қорларына түскен ақшаның басым бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалған.

❗️ Соның ішінде:

Биыл көктемде Перизат Қ. елордадағы автосалондардан 88 млн теңгеге Mercedes-Benz S450, 80 млн теңгеге Lexus LX-600 және 39 млн теңгеге Haval автокөліктерін сатып алған.

Жалпы сомасы 600 млн теңге болатын Ақбұлақ Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда) және Vela Village коттедж қалашығындағы жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алған.

Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.

Cartier және Louis Vuitton сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, қымбат мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.


Қылмыстық схеманы іске асыру үшін Перизат Қ. достары мен туыстарына 8 пайыз сыйақы төлеп, қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырған.

ҚМА бұл әрекеттер еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән тудырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы әлі де айтамыз, бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside


⚠️ Қазақстан банктері комплаенсті күшейтті: Ресейлік бизнес қылқынып жатыр...

Ресейлік кәсіпкерлер күзде Қазақстан банктерінің төлем жүргізу мерзімін ұзартқанына тап болды - енді ол екі айға дейін жетуі мүмкін. Заңгерлердің айтуынша, Қазақстан банктері екінші реттік санкциялар қаупіне байланысты комплаенсті күшейтуде.

2024 жылдың қараша айына қарай 🇷🇺 Ресей мен 🇰🇿 Қазақстан арасындағы төлем жүргізудің орташа мерзімі ағымдағы жылдың шілдесімен салыстырғанда 24%-ға өскен және кейбір жағдайда екі айға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылар мұны Қазақстан банктерінің Ресейден келетін аударымдарға қатысты комплаенсті (заң талаптарына, санкциялық шектеуге және ішкі ережеге сай болуды қамтамасыз ететін бақылау жүйесі) күшейтуімен түсіндіреді. Біздің банктер ақша жіберуші және алушы компания, тауардың сипаттамасы және мәміленің егжей-тегжейі туралы мәлімет сұратып, қосымша құжаттар мен түсініктемелерді көбірек талап ететін болған.

👨‍💼 Заңгер Әлібек Сланның айтуынша, қазіргі уақытта Ресей мен Қазақстан арасындағы төлемдерді жүргізудің орташа мерзімі шамамен екі-үш аптаны құрайды.

Орыстарға қазақ банктерінің комплаенсті күшейтіп, тауардың санкциялық емес екенін растайтын құжаттарды ұсынуды талап ете бастағаны ұнамауда. Кейбір ресейлік бизнес Қазақстан банктерінен бас тарту туралы ойлана бастаған.


Ресейлік логистикалық компаниялардың қазақстандық банктер арқылы төлем жасаудан бас тартуы биылғы жылдың шілдесінде 30%-ға дейін өскен.

АҚШ-тың Мосбиржаны "қара тізімге" енгізуі және Ресейге шектеулерді айналып өтуге көмектесетін шетелдік банктерге екінші реттік санкциялар қолдану қаупі қазақстандық қаржы институттарын бақылау шараларын күшейтуге мәжбүрледі.

👨‍💻 2024 жылдың қыркүйегінде Bloomberg агенттігі ресейлік банктер мен компаниялардың Қазақстанды Қытаймен валюталық операциялар жүргізу үшін жиі таңдай бастағанын хабарлаған болатын.

Заңгер Әлібек Сланның мәліметінше, қазақстандық банктер ресейліктер Қазақстанмен іскерлік байланыстарын растауды талап етуде. Бұған жергілікті контрагенттермен Қазақстан аумағына тауарлар жеткізу туралы келісімшарттар, сондай-ақ елдегі заңды мекенжайды растайтын құжаттар жатады.
Клиент мұны ұсына алмаса, банк оның шотындағы операцияларды уақытша тоқтатады.

"Қазақстан санкциялық режимді бұзу қаупін азайтуға тырысуда. Сондықтан банктер комплаенс-процедуралар аясында клиенттік операцияларды мұқият тексеріп, ықтимал санкциялық тәуекелдер мен қауіптерді анықтауға тырысып жатыр. Мұндай күдікке ілінген кез-келген банктің беделіне елеулі нұқсан келеді», - дейді заңгер.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


💰 Құлыбаев мемлекетке 1 млрд доллар қайтара ма?..

Кейбір Telegram-каналдар өлигарх Тимур Құлыбаевтың (Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы) билікпен келісімге келіп, 1 млрд долларға жуық қаражатты Қазақстанға қайтаруға дайын екендігі туралы жазып жатыр. Бұл ақпараттың растығына кепілдік жоқ, бірақ оны таратқан Telegram-каналдардың инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатындығы белгілі деп пайымдайды Fragment.

"Нұрсұлтанский соловей" каналына келген анонимді ақпаратқа сәйкес, Құлыбаев билікпен сотқа дейінгі келісімге келген.

Осы келісім бойынша, ол Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия арқылы 1 млрд 💰-ға жуық қаражатты Қазақстанға қайтарады. Бұл келісімнің орнына Құлыбаев "Мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару туралы" заң бойынша қудалаудан құтылады деген болжам бар.


Еске сала кетейік, бұған дейін Құлыбаев биліктің активтерді қайтару науқанынан тыс қалып келген. Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалды мемлекетке миллиардтаған долларлық активтерін қайтарған кезде, Құлыбаевтан тек 20 млрд теңгеге жуық қаражат өндіріліп алынды. Оның үстіне, бұл қаражат сот шешімімен өндірілді және Құлыбаевтың адвокаттары бұл шешімдерге шағымданып келеді.

Құлыбаевтың ерікті түрде қайтарған қаражатының көлемі белгісіз. Тек 2024 жылдың сәуірінде Атырау облысындағы су тасқынынан кейін 30 млрд теңге көлемінде қайырымдылық жасағаны белгілі.


Ведомствоаралық комиссияның мәліметі бойынша, 2024 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша мемлекетке 1,5 трлн теңгеден астам немесе 3 млрд доллардан астам қаражат қайтарылды. Бұл қаражаттың басым бөлігі Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыдан, сондай-ақ Әлия Назарбаева сияқты басқа да туыстарынан өндірілді.

Дегенмен, комиссияның жұмысына қатысты қоғамның пікірі ала-құла. Себебі "Ескі Қазақстанның" көптеген өкілдері, соның ішінде Динара мен Тимур Кулибаевтар әлі күнге дейін қудалаудан тыс қалып отыр.

Құлыбаевтың бүкіл байлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жинақталған және мемлекеттік меншікті заңсыз меншіктендіру арқылы қалыптасқан. Ол мұнай-газ саласында монополиялық ұстанымға ие болып, бизнесіне мемлекеттік қолдауды пайдаланды.

Құлыбаев та, оның әйелі Динара Құлыбаева да күмәнді активтерден бас тарту немесе Қазақстан экономикасына келтірілген зиянды өтеу туралы ешқандай мәлімдеме жасамады.

Құлыбаевтың 1 млрд доллар қайтару туралы келісімге келуі комиссияның жұмысына қатысты қоғамдағы наразылықтың нәтижесі болуы мүмкін. Бұған дейін DALA INSIDE телеграм арнасы Құлыбаевқа Қазақстаннан шығуға уақытша тыйым салынғаны туралы ақпарат таратқан. Бұл да оның билікпен келіссөздер жүргізуіне себеп болған болуы мүмкін.

Айта кетейік, Динара Құлыбаева Швейцарияда тұрақты тұрады және бір жылдан астам уақыт бойы Қазақстанға келген жоқ. Құлыбаевтың балалары да шетелде тұрады.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Депутат Перуашев: Бизнесті тартып алу етек алып барады! Ескі Қазақстанның ештеңесі кеткен жоқ...

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев шенділердің "Ескі Қазақстанға қарсы күресті" желеулетіп рейдерлікпен айналысып жатқанын мәлімдеді деп жазады Fragment.

Оның айтуынша, бұрынғы президенттің інісі, марқұм Болат Назарбаевтың компаниясы бұл жағдайдан пайда көріп отыр.

"Бізге кәсіпкерлер шығып, шенеуніктер өкілетін асыра пайдаланып, біреудің бизнесіне ортақтасып жатқанын хабарлауда. Мәселен, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы әкімдігі Болат Назарбаевтың активін қайтару сылтауымен, 2017 жылы Қаржыминнің ашық аукционында санаторийдің бір бөлігін сатып алған адал кәсіпкерлердің активін де тартып алған.

Бірақ, Болат Назарбаевтың өз компаниясына тиесілі нысандарды қайтарып берген. Ал әлгі кәсіпкерлердің нысандары тартып алынған күйінде қалды, нәтижесінде санаторий 2 млрд теңге шығынға ұшырады", - деп хабарлады Перуашев.


Оның айтуынша, мұндай оқиға жалғызлікті емес.

Мәселен 🚞 "ҚТЖ" сот арқылы «АНГРЕНСОР Ltd.» ЖШС-іне тиесілі Павлодар облысы Атығай станциясындағы құны 1,5 млрд теңгеден асатын ғимарат пен теміржол жолдарын өтеусіз беруге міндеттеген.

"Ұқсас жағдай Маңғыстау облысында да орын алған, онда көлік министрлігі өз бұйрығымен «Каскор-Транссервис» АҚ-ға 90-жылдардан бері тиесілі кіреберіс теміржол жолдарын ҚТЖ-ның магистральдық желілер тізіміне енгізу және оларды өтеусіз негізде мемменшікке беру туралы шешім қабылдаған.

Жамбыл облысы Меркі ауданында да аудандық прокуратура 2007 жылдан бері ауыл шаруашылығын сәтті дамытып келе жатқан "Жеміс-Жидек" ЖШС-іне тиесілі 200 гектар жерді өтеусіз алып қоймақ. Бұл тенденция етек жайып барады және тек меморгандар ғана емес, басқа да монополистер адал еңбегімен күн көріп отырған кәсіпорындардың меншігіне көз алартуда.

Күні кеше, Таразда "Жамбыл электр желілері" дейтін монополист қой өңдеу фабрикасының ("ПОШ-Тараз" ЖШС) иелігіндегі қосалқы электр станциясын еш өтеусіз, өз меншігіне беруді талап етті", - деп қосты депутат.

Депутаттың айтуынша, соңғы кезде мұндай мазмұндағы арыз-шағымдардің легі көбейіп жатыр.


"Меншік құқығын 🇦🇷 қайта бөлу кең таралған практикаға айналып барады. Алайда, Ата заңның 6-бабында мемлекеттік және жеке меншік теңдей танылып, қорғалатыны анық жазылған. Бұдан бөлек, ешкім сот шешімінсіз өз мүлкінен айырылмауы тиіс. Мүлікті мәжбүрлі түрде алу тек мемлекеттік қажеттіліктер үшін ғана, оның құны өтелетін жағдайда мүмкін болады – бұл да Конституцияда, 26-бапта көрсетілген. Сондай-ақ, мүлікті тәркілеу қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты сот үкімі негізінде ғана жүзеге аса алады (ҚР ҚК 48-бап)», – деп мәлімдеді депутат.

Перуашевтің атап өткеніндей, ілгерідегі өрескел жағдайдың ешбіріне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған, тартып алынған мүлік үшін өтемақы да төленбеген.


"Рейдерлер кейде Ескі Қазақстанның өкілдері және олармен байланысты олигархтардың заңсыз активтерін қайтару жөніндегі іс-шараларға сілтеме жасайды. Алайда жоғарыда келтірілген мысалдарға қарап, бірде-бір олигархтың қылшығы да қисаймағанын аңғаруға болады. Керісінше, Сарыағаштағы санаторий жағдайында Болат Назарбаевтың иелігіндегі нысандар оның компаниясына қайтарылып берілген. Ал адал кәсіпкерлердің аукционнан заңды түрде сатып алған мүлік сол кеткеннен мол кеткен", - деді мәжілісмен.

Перуашев бүкіл өркениетті әлемде жеке меншікке қол сұғу қылмыс екенін еске салды.

«👨‍💼 Президент Тоқаев «Экономиканы либерализациялау жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында жеке меншікке қол сұғылмауын қамтамасыз етуді негізгі бағыттың бірі ретінде айқындады. Меншік құқығы кез келген экономиканың инвестициялық ахуалына тікелей әсер етеді. Қазіргі үрдіс Конституцияға да, заңға да, президент Жарлығына да қайшы. "Ақ жол" Үкімет пен Бас прокуратураны мүлікті заңсыз қайта бөлудің қалыптасып отырған практикасына ерекше назар аударуға, адал бизнесті қорғауға және рейдер шенеуніктер мен басқа да тұлғалардың жолын кесуге шақырады», - деді Перуашев.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Консорциум туралы әңгіме Росатомға ұнамай отыр...

"Росатом" басшысы Алексей Лихачев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннен өзін жаңа жылға дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестіруін сұраған. Бұл туралы екі бірдей дереккөзден белгілі болды.

Қазір Ресей елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі каналы арқылы Президент Тоқаев және Премьер-Министр Бектеновпен кездесу ұйымдастыру мәселесін пысықтауда.


"Қазақстан президенті АЭС-ті халықаралық консорциум салғаны дұрыс деген пікірін ашық айтты. Қазір Ресейге салынған санкция жағдайында Росатом ешбір консорциумға кіре алмайды. Росатомға санкция салынбаса да, кез-келген уақытта жағдай өзгеріп кетуі мүмкін. Консорциум құрамындағы шетелдік әріптестер үшін бұл үлкен тәуекел", - дейді Fragment дереккөзі.

Әңгіме Assystem-де болып тұрғанын сезіп отырмыз. АЭС құрылысын қадағалап, жобалауды басқарып, технадзор бола алатын француз компаниясы. Кәсіби біліктілігі үлкен жобаларды басқаруға келетін әлемдегі санаулы ойыншылардың бірі. Қазақстан мен Assystem арасында тиісті меморандумға екі жыл бұрын қол қойылған. Қазір консорциум дегенде, жобасын осы компания басқаратын, ал қалған атом энергетикасының ойыншылары тиісті жабдықтарын жеткізетін кооперациялық құрылыс жүйесін көзге елестету керек.

Бірақ Assystem Росатоммен бір консорциумда жұмыс істемейтіні анық. АЭС-тің ең негізгі жабдығы - ядролық реактор француздық APR-1400 болуы да неғайбыл, себебі тым қымбат. Осы орайда түбі француз технологиясынан алынған Қытайдың HPR-1000 реакторлары Assystem үшін өте қолайлы таңдау болайын деп тұр. Қытайдың CNNC атом корпорациясы консорциум құрамында жұмыс істеуге кет әрі емес. Assystem де қытайлық реакторға жақсы көзқараста.

"Лихачев не консорциум, не Росатом деп ультиматум қоятын сияқты. Бірақ Ақорда оған көне салатын кішкентай бала емес. Егер Росатом басқалар ұсына алмаған керемет тиімді ұсыныс берсе ғана оларда шанс бар", - дейді дереккөз.


Росатом өкілдері Қазақстан басшылығымен жаңа жылға дейін кездесе ала ма? Егер кездесе алмаса, онда француздар басқаратын консорциум мәселесі шешілді дегенді білдіруі мүмкін. Онда Кремльдің жауабы қандай болады? Балқаштағы АЭС-ке Қытай реакторы таңдалса, онда Бейжің тарапынан белгілі бір қауіпсіздік гарантиялары берілгені анық болады.

Fragment Росатомның әр қадамын бақылайды. Тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Мәскеу биржасы Қазақстанның қор нарығынан кетті...

Мәскеу биржасының Қазақстан қор биржасындағы (KASE) үлесінен толықтай шығуы – бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы қаржы нарығындағы стратегиялық серіктестіктің аяқталуына алып келді.

Мәскеу биржасы 2018 жылы KASE-мен серіктестік келісімін жасап, сол жылдың ішінде 13,1% үлесін иемденген болатын деп жазады Fragment.

Бұл серіктестік аясында Ресей жағы Қазақстанға жаңа технологиялар ұсынды, нәтижесінде KASE-дің сауда жүйелері мен клирингтік қызметтері жаңартылды. Алайда, 2024 жылы АҚШ пен Ұлыбританияның Мәскеу биржасына қарсы санкциялар енгізуі серіктестіктің жалғасуына кедергі келтірді.

KASE осыдан кейін өз акцияларын немесе биржаның басқа үшінші тұлғаларға сату туралы келіссөздер жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, Мәскеу биржасы өз үлесін сатты, ал жаңа акционерлер қатарында «Тетис Кэпитал» мен «Баланс Эссет Менеджмент» пайда болды. Мәскеу биржасы бұл акцияларды ресейлік инвесторларға нарықтық бағамен сатқанын мәлімдеді, бірақ келісімнің нақты шарттары ашылмады.

Екі жақты стратегиялық серіктестіктің аяқталуы – халықаралық қаржы нарығындағы геосаяси өзгерістердің айқын көрінісі. Мәскеу биржасына салынған санкциялар Ресейдің қаржы институттарының жаһандық аренадағы позициясына ауыр соққы болды, және Қазақстанның қаржы секторы да бұл өзгерістерге бейімделуге мәжбүр болды.

KASE-нің негізгі акционері ретінде Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің 47% үлесін сақтап қалды. Бұл – Қазақстан қаржы нарығындағы ұлттық бақылауды күшейтуге бағытталған қадам ретінде қарастыруға болады. Бұған қоса, Halyk Group және «Коммеск-Өмір» сияқты бұрыннан келе жатқан акционерлер де өз үлестерін сақтап қалды.


Мәскеу биржасы KASE-ге кірген кезде негізгі мақсаттарының бірі – технологиялар мен тәжірибелерді алмасу арқылы Қазақстан нарығының дамуына үлес қосу болды. Дегенмен, бұл серіктестік саяси және экономикалық өзгерістерге байланысты өзекті болудан қалды. Мәскеу биржасының акционерліктен шығуының басты себептерінің бірі – санкциялық қысым және халықаралық қаржы жүйесіне ықпалы.

Жалпы алғанда, бұл оқиға Қазақстан қаржы нарығының тәуелсіздігін нығайтуға және Ресейден біршама алшақтауына бағытталған қадам ретінде қарастырылады. Бұл өзгерістер Қазақстанның жаһандық қаржы нарығындағы позициясына қалай әсер ететіні әлі де белгісіз, бірақ жаңа акционерлер мен технологиялар енгізу арқылы KASE-нің даму перспективасы бар екенін көрсетеді.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


DALA INSIDE dan repost
⚡️ Спорт саласында "кадрлық тазалау" басталды: Жаңа министрге толық карт-бланш берілді...

Бұған дейін сенімді дереккөзге сүйенген DALA INSIDE Олимпиададан кейін жаппай "кадрлық тазалау" басталатынын хабарлаған еді.

Париж олимпиадасы аяқталғасын спортқа жауапты мемлекеттік мекемелерде тиісті аудит жүргізілетінін айтқанбыз. Референдум біте сала Сол жағалау осы іске білек түре кіріскен сыңайлы. Майлы құйрығы креслоға желімделіп қалған спорт функционерлері жылы орнымен жылап-сықтап қоштасып жатқаны жайы бар.

Күні кеше Борис Иванищев қызметтен қуылды. Бөкең еліміздегі хәккей сүйерге қауымға өте жақсы таныс. Бюджеттің мойнына мініп алған, бірақ нәтижесі көңіл көншітпейтін "Барыстың" бас директоры.


Париждегі фиаскоға тікелей жауапты Туризм және спорт министрі Ермек Мыржақпаевтың ұзаққа бармасын оқырман алдымен DALA INSIDE-тан естіген еді.

Бізге жеткен мәлімет бойынша Сол жағалау оның орнын басқан Ербол Мырзабосыновқа толық карт-бланш берген. Су жаңа министр спорт саласын асты-үстіне шығарып, толық тазалау жүргізуге тас-түйін дайын отыр.

Ілгерідегі Боря, Борис Иванищевтың қызметінен қуылуы енді-енді көтеріліп келе жатқан дауылдың басы ғана.

"Алдағы уақытта бюджеттің ақшасын еміп, талай жыл бойы бір орында тапжылмай отырған спорт менеджерлері жаппай "тағынан таяды", - дейді осы тұста DALA INSIDE дереккөзі.

❗️ "Барыс" демекші, осынау хәккей клубының екі тізгін, бір шылбырын ескі Қазақстанның белді өкілі - Асқар Мәмин ұстап отырғанын білесіздер.

Біздің болжауымызша ауыс-түйістің алды "Барыстан" басталуы бекер емес. Демек, жақын күндері мызғымастай көрінген Мәминге қатысты сауалдар туындауы мүмкін. 


Барыс? Клубты шын мәнінде сіз бен біз "асырап" отырмыз. Былтыр осы клубқа ел қазынасынан 8,5 млрд теңге (!) бөлінген. Ал, нәтиже нөл. "Барыс" биылдыққа 14 ойын өткізіп, соның 12-сінде ойсырай ұтылған.

Толық карт-бланш берілген су жаңа министр клубтың көрсеткіштері үшін екі адам жауапты екенін білетін секілді. Мұның бірі - 2006 жылдан бері "Барысты" басқарып келген ілгерідегі Борис Иванищев пен хоккей федерациясының басшысы - Асқар Мәмин.

Шыны керек, бұған дейінгі ешбір министрдің Иванищев-Мәмин тандеміне тісі батпаған. Бізге жеткен мәлімет бойынша Мырзабосынов тек бұл екеуімен шектелмейді. Ас ішіп, аяқ босатудан өзгені білмейтін басқа да федерация басшылары мен спорт менеджерлерінен соңғы күндері маза кеткен.

"Әзірге қармаққа майда шабақтар ғана ілігіп жатыр. Ендігі кезек – шортандар мен акулаларда. Толық карт-бланш берілген жаңа министр спорттағы "жатыпішерлер мен арамтамақтарды" саладан түбегейлі қуады", - дейді DALA INSIDE дереккөзі. Ылайым, солай болғай!

Бұл туралы тағы бір қызық мәліметпен бүгін-ертең бөлісетін боламыз. Бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside


⚡️ Мұрагерлік дауға түскен пентхаус: Назарбаевтың Нью-Йорктегі соңғы активі саудаға қойылды

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың Нью-Йорктегі пәтері 1,995 миллион долларға сатылымға шығарылды. Мұны жергілікті жылжымайтын мүлік агрегаторларының мәліметтері айғақтайды. Әңгіме Wall Street 55 мекен жайында орналасқан үйдегі пәтер туралы болып отыр. Бұл - Болат Назарбаевтың бүгінгі күні белгілі болып отырған Америкадағы соңғы жылжымайтын мүлігі. Бұл туралы "Выход к морю" арнасы жазды деп хабарлайды Fragment.

Арна мәліметінше, бір кездері Нью-Йорк қор биржасы, кеден және Citibank кеңселері Wall Street 55 мекен жайында орналасқан еді. Иелері ғимаратты кондоминиумға айналдырмас бұрын мұнда зәулім қонақүй болған. 2006 жылғы соңғы жөндеуден кейінгі алғашқы пәтер сатып алушылар қатарында актер Мики Рурк пен супермодель Наоми Кэмпбелл болды.


"2007 жылы Болат Назарбаев олардың көршісі атанды. Екі жатын бөлмесі, ас үй мен қонақ бөлмесі, үш жуынатын бөлмесі және кең террасасы бар 164 м2 аумақтағы пентхаус Нұрсұлтан Назарбаевтың інісіне 2,7 млн. долларға түскен. Бастапқыда пәтер Майра Құрманғалиевамен некесіндегі өгей ұлы Даниярдың атына жазылды. Оның атына сол үйдегі тағы бір пәтер (№702 пәтер) ресімделді, оны Данияр 2011 жылы 940 мың долларға сатты. Ол пентхаусты да сатпақ болды, бірақ Болат Назарбаев кейін бұл мүлікті қайтарып алды", - деп жазылған деректе.

Арна дерегінше, мұның бәрі Болат пен Майраның арты дауға ұласқан ажырасуы кезінде болған.

"Майра Құрманғалиева әртүрлі сот органдары арқылы бұрынғы күйеуінен байлығының жартысын, соның ішінде АҚШ-тағы жылжымайтын мүлікті талап еткен. Нәтижесінде 2011 жылы Құрманғалиева Қазақстанда алаяқтық жасады, адам ұрлады деп айыпталып, оған іздеу жарияланды. Өз кезегінде Болат Назарбаев Нью-Йорктегі сотқа жүгініп, өгей баласы мен бұрынғы әйелін ондаған миллион доллар ұрлады деп айыптады. Болат пен Майраның арасындағы сот бірнеше жылға созылды. Нәтижесінде Болат Назарбаев Құрманғалиева мен оның ұлына құны 20 миллион доллар тұратын Нью-Джерсидегі зәулім үйді берді. Есесіне олар Майами мен Нью-Йорктегі пәтерлерге қатысты талаптарынан бас тартты", - деп жазылған мәліметте.

Деректерге сүйенсек, Америкадағы соңғы активі - дәл осы Wall Street 55-тегі пентхаусты 2016 жылы Болат Назрабаев өзінің көмекшісі, оның коллекторлық агенттігін және басқа да бірқатар шағын фирмасын басқарған Батыржан Ахметовтің атына жазған. Нью-Йорктегі жылжымайтын мүлік тізіліміне сүйенсек, Ахметов - әлі күнге осы активтің иесі.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік агрегаторларының мұрағатына сүйенсек, пентхаус былтыр жаздан бері сатылымда тұр, яғни мүлікті сату туралы шешім Болат Назарбаевтың көзі тірісінде қабылданған.


"2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Болат Назарбаев пен оның мұрагерлері жинаған активтерінің бір бөлігінен айырылды. Базарлар, кәсіпорындар мен компаниялардағы үлестер, жүздеген гектар жер тәркіленді. Тәркіленген мүліктің бір бөлігі мемлекетке берілді. Назарбаевтың Нью-Йорктегі пәтері де заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару науқанының назарына ілігуі әбден мүмкін", - деп жазылған арна дерегінде.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Неміс генералы: Ресей жеңілмей ме? Тоқаевтың пікірімен келіспеске лаж жоқ...

Неміс канцлері Олаф Шолцтың Астана сапары кезінде президент Тоқаев Мәскеудің жеңілмейтіндігін баса айтып, Украинадағы соғысты тоқтату үшін тез арада бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырғаны есте.

"Соғыстың әрі қарай өршуі бүкіл адамзатқа, әсіресе Ресей-Украина қақтығысына тікелей қатысқан елдерге орны толмас салдарға әкеледі", - деп мәлімдеген болатын Мемлекет басшысы. "Ресей әскери тұрғыда жеңілмейді", - деген еді ол.


Шолц өз кезегінде: "Не боларын күтейік..." деп қысқа қайырған-тұғын.

Берлин тамыз айының соңынан бері бейбіт процесті ашық түрде насихаттап келеді. Маусым айында Швейцарияда өткен алғашқы бейбіт конференцияға 93 ел қатысты, бірақ Ресей шақырылмаған, ал Қытай конференцияны бойкоттаған. Ендігі кезекте Ресейдің қатысуымен жаңа конференция ұйымдастыру жоспарлануда, бірақ орны мен уақыты әлі белгіленбеген.

Ал Тоқаевтың Ресейдің әскери әлеуетіне қатысты мәлімдемесі Батыстың ақпарат алаңынан түспей тұр. Қазақстан президентінің пікірін неміс әскерінің экс-қолбасшысы, генерал Роланд Катер де құптаған екен.

Катердің айтуынша, қазіргі жағдайда, Тоқаевтың сөзімен келіспеске лаж жоқ. Әсіресе НАТО соғысқа араласпай тұрғанда, Украина бұл соғыста жеңіске жете алмайды, ал Ресей басымдыққа ие болып отыр. Дегенмен, бұл Кремльдің толық жеңіске жететінін білдірмейді. Оның атап өткеніндей, Киев бұл соғыста алға шығу мүмкіндігіне ие болу үшін сыртқы қолдау аса маңызды рөл атқарады.

Ал Ақорданың мәлімдемесі Мәскеуге немесе Киевке жақтаспаудың стратегиясын көрсетеді. Тоқаевтың сөздері Батысқа да арналып, бұл қақтығыстың аймақтық және жаһандық деңгейде шешілу қажеттігін білдіреді.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Мұхтар Тайжан: АЭС-ке байланысты жүріп жатқан үгіт-насихатқа қарап күлкің келеді...

Саясаткер Мұхтар Тайжанның пікірінше, АЭС салу жобасы елдің энергетикалық, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді.

"Ол бұл бастаманың артында шынайы энергетикалық қажеттіліктер емес, сыртқы мүдделердің бар екенін ашық айтты" деп хабарлайды Fragment.

Саясаткердің 3️⃣ уәжі:

Энергетикалық мағынасыздық: Тайжанның айтуынша, Қазақстанның энергетикалық әлеуеті жеткілікті, және АЭС салудың ешқандай қажеттілігі жоқ. Ол біздің елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамыту әлдеқайда тиімді шешім болатынын алға тартады.

Экономикалық тиімсіздік: АЭС салу қымбат жоба. Бұл Қазақстанның бюджетіне ауыр жүк түсіріп қана қоймай, елді экономикалық тәуелділікке итермелейді. Тайжан осы жобаның артында тұрған шетелдік ойыншылардың мүддесін ескере отырып, бұл жоба Қазақстан үшін пайда әкелмейді деп есептейді.

Экологиялық қауіп: АЭС – экология үшін үлкен қатер. Қазақстанның табиғаты онсыз да нәзік экожүйе, ал атом энергиясы оның болашағына ауыр соққы болуы мүмкін. Тайжан атом электр станцияларының қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін залалын атап өтіп, бұл мәселені тереңірек қарастыруға шақырады.

"АЭС-ке байланысты жаппай жүріп жатқан үгіт-насихат науқанын байқадым. Кей депуттаттар бет-перделерін ашып өздері жалдамалы екенін көрсетті. Әнші-әртістерге енді сөз жоқ - генерал Колчактың әртістер-кучерлер туралы сөзін тағы дәлелдеді", - дейді танымал саясаткер.


Тайжан өз тарапынан ілгерідегі 3 уәжді дәлелдеп бере алатынын айтады.

"Ал референдумға бармаймын, оның мәні жоқ деп санаймын. Бірақ мен оптимистпін, АЭС салынбайды деп ойлаймын. Соғыс бар, санкция бар дегендей, одан басқа 15 жылда кім бар, кім жоқ айтыңызшы. Салып тастауға үлгермейді деген үмітім бар. Табиғатымызды, жерімізді, тәуелсіздігімізді сақтап қалуымыз керек. АЭС - керек емес! ", - дейді ол.

Тайжанның пікірі қоғамда қолдау тауып жатқанымен, бұл тек қана жеке тұлғаның көзқарасы емес. Саясаткер алға тартқан үш аргумент те әзіргі таңда өте-мөте өзекті.

"АЭС құрылысы – ұзақ мерзімді, қымбат жоба. Бұл жобаның құрылысына жұмсалатын қаражат елдің бюджетін әлсіретіп, әлеуметтік бағдарламалар мен ішкі инфрақұрылым жобаларын қаржыландыруды қиындатады. Сонымен қатар, АЭС-тің экономикалық қайтарымы күмәнді, себебі бұл жобаның өзін-өзі ақтауы бірнеше онжылдықтарға созылуы мүмкін. Оның орнына жаңартылатын энергия көздерін дамыту әлдеқайда тиімді әрі экологиялық жағынан қауіпсіз", - деп пайымдайды осы тұста Fragment.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Билік референдум қарсаңында Жанқош пен Әнару арасындағы жеке драманы қайта өршітпекші...

Қазақстанда алдағы айдың алтысында өтетін АЭС бойынша референдум қарсаңында билік тарапынан халық назарын негізгі мәселеден аударуға арналған сценарийлердің іске қосылуы таңқаларлық емес.

Жанқош Тұраров пен Әнару Құрманәлінің арасындағы дау да осындай оқиғалардың бірі ретінде қарастырылуы мүмкін деп пайымдайды Fragment.

Қоғам назары саясат пен экономиканың күрделі мәселелерінен ауытқу үшін мұндай жеке драмалардың әдейі көтерілетіні жиі кездеседі.

Біріншіден, Жанқош Тұраровқа тағылған айыптар қоғамда шу тудырып, ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатыр. Бұл оқиға халық назарын аударып, эмоцияға толы пікірталастарды туындатуда. Боксшының беделі және оған тағылған айыптаулардың күрделілігі адамдарды референдум тақырыбынан аластатады. Тіпті оның өзі бұл дауды «жала» деп, саясаттың бір бөлігі екенін жанама түрде айқын сездіріп отыр.

Екіншіден, Қазақстандағы АЭС құрылысын қолдау мәселесі бұрыннан бері қоғамдық пікірталастардың басты тақырыбына айналған, бірақ мұндай референдум алдындағы уақытта халықтың ашық сұрақтарға жауап алуы маңызды.

Алайда билікке халықтың өткір сұрақтар қоюы тиімсіз болуы мүмкін, себебі бұл сұрақтар Кремльдің ықпалы мен Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігіне қатысты алаңдаушылықты тудыруда.


Осындай кезеңде Жанқоштың оқиғасы билік үшін тиімді құралға айналып отыр деп болжауға болады. Оқиға ұлттың сүйікті тұлғасы мен белгілі бір дағдарыс төңірегінде өрбіген кезде, қоғам негізгі мәселелерден, атап айтқанда, АЭС құрылысының тәуекелдері мен оның артында тұрған мүдделерден ауытқуы ықтимал.

Міне, дәл осы кезеңде билік Жанқош пен Әнару арасындағы жеке драманы қайта көтеру арқылы қоғамдық назарды референдумнан аударып, қоғамды эмоциялық шиеленіске итермелейді. Ақпарат ағынының мұндай бағытта өзгеруі референдумға қатысатын халықтың салмақты шешім қабылдауына кедергі келтіруі мүмкін.

Осылайша, биліктің халықтың эмоциялық күйін басқару үшін қолданған бұл әдісі олардың саяси мүдделерін қорғауға бағытталғанын байқауға болады.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Қайрат Нұртастың АЭС-ті қолдаудан өзге амалы болмады...

Танымал әнші Қайрат Нұртастың АЭС құрылысын қолдап пікір білдіруі көптің көкейінде түрлі сұрақ тудырды.

"Оның бұл әрекеті тек қарапайым қолдау ретінде қабылданбауы мүмкін, себебі бұрынғы тәжірибесі көрсеткендей, Қайрат елдегі үлкен саяси оқиғалар кезінде билік үшін халық назарын басқа жаққа бұратын "инструмент" рөлін атқарып келді", - деп жазады Fragment.

Мәселе мынада: Қайраттың халық алдындағы танымалдығы мен ықпалы барын жақсы білетін билік оны қолайлы сәтте өз мақсатына пайдаланудан тартынбайды.


Қандай да бір саяси оқиға алдында әншінің абыройын төгетін қаңқу әңгіме тарап, жұрттың назары соған қарай ауып кеткеніне талай мәрте куә болғанбыз.

АЭС құрылысына қолдау көрсету арқылы Қайрат биліктің назарынан қашып, кезекті рет "инструментке" айналмау үшін алдын-ала қәрекет етті деп пайымдауға негіз бар.

Референдум алдында әншілер мен әртістердің саясатқа араласуы жайдан-жай емес. Мұндай тәсіл қоғамды белгілі бір пікірге қарай бұру үшін қолданылады.

Алайда бұл жерде Қайраттың өзі де белгілі бір таңдау жасауға мәжбүр болғанын байқаймыз: егер ол биліктің талабын орындамаса, тағы да түрлі жанжалдар мен қаңқу әңгімелер арқылы қоғам назарын аударуға себепкер болуы мүмкін еді.


Әнші осы жолы өз беделін сақтап қалу үшін биліктің талабына көнуді таңдағандай көрінеді. Ол бұрынғыдай политтехнологияның пешкасына айналып кетпеу үшін осы мәлімдемені жасауға мәжбүр.

Оның бұл әрекеті екі жақты болуы мүмкін: бір жағынан, халық алдындағы беделін қорғау; екінші жағынан, биліктің қыспағынан аман қалу. Оның АЭС туралы пікір білдіруі, бәлкім, «бір оқпен екі қоян ату» секілді көрінеді. Әрі ел алдында ашық мәлімдеме жасап, өзін тәуелсіз пікір иесі ретінде көрсету, әрі билікке қарсы келмейтін тұлға болып қалу.

Биліктің мәдениет және шоу-бизнес өкілдерін саясатқа араластыруы жиі кездесетін құбылыс. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, көптеген елдерде орын алатын жағдай.

Тек осы жерде халықтың сенімі мен танымал әншінің тәуелсіздігі сынға түсіп отыр.


Қайрекеңнің АЭС-ті қолдауы – тек қарапайым саяси мәлімдеме емес. Әншінің шешімі саяси конъюнктураға бейімделген және белгілі бір дәрежеде қорғаныс механизмін қамтыған деп айтуға болады. Ол ел алдында тағы да беделінен айырылмас үшін, әрі назарды басқа жаққа бұратын құрал болмас үшін осындай қадамға барған болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, Қайраттың АЭС-ті қолдаудан өзге амалы болмады.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Қазақстандағы ресейлік банктер мүсәпірдің күйін кешуде...

Home Credit Bank-тің «ВТБ Қазақстанмен» қарым-қатынасты тоқтатуы Қазақстанның банк секторы үшін күтпеген және маңызды оқиға болды.

Қазақстанның қаржы институты «ВТБ Қазақстан» клиенттерімен кез келген аударымдарды, мейлі ол теңгемен болсын немесе шетел валютасымен болсын, толығымен тоқтатты деп жазады Fragment.

Халықаралық санкциялар жағдайында, әсіресе Ресейге қарсы қатаң шаралар қолданылып жатқан кезеңде, бұл қадамды банк өз қауіпсіздігі үшін жасағаны айқын. Негізінен, мұндай шешім Home Credit Bank-тің Қазақстандағы нарықтағы позициясын қорғауға және болашақтағы санкциялық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған.

Мәселе мынада, ВТБ – санкцияларға тап болған ең ірі ресейлік қаржы институттарының бірі.

АҚШ пен басқа да батыс мемлекеттері бұл банкті бірқатар шектеулермен қамтыған, ал оның «еншілес» ұйымдары да санкциялардың ауыр салдарын сезіне бастады. «ВТБ Қазақстан» да осы санкциялардың қысымына ілініп, халықаралық деңгейде жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды.


Home Credit Bank мұндай жағдайда байланыстарды үзуді дұрыс деп шешті, себебі мұндай серіктестік банкке де санкциялық тәуекел тудыруы мүмкін еді.

Home Credit Bank-тің өз тәуелсіздігін нығайтуға деген ұмтылысы да ескеруге тұрарлық. 2022 жылдың соңында банк ресейлік акционерлерден құтылып, Қазақстандағы дербес банк ретінде жұмысын жалғастырды. Бұл тек банктің емес, жалпы Қазақстанның да қаржылық жүйесінің тәуелсіздігін көрсетуге деген қадамдары ретінде көрінеді.

Қазақстан ресейлік қаржы институттарымен байланыстарды шектеу арқылы халықаралық қауымдастық алдында өзінің санкциялардан тыс қалуға тырысатынын дәлелдеп отыр.


Тағы бір назар аударарлық мәселе – бұл жағдай Қазақстанның Ресейге тәуелділіктен арылып, өз қаржы жүйесін жаһандық нарыққа бейімдеуге тырысып жатқанын көрсетеді.

Сбербанк пен Альфа-Банк те қазақстандық нарықтан шығып кеткенімен, ВТБ соңғы болып қалған еді. Енді бұл банк те санкциялардың толық ауыртпалығын сезініп отыр, сондықтан Қазақстанның қаржы жүйесі үшін жаңа серпін қажет екені айқындалды.

Қорытындылай келе, Home Credit Bank-тің бұл шешімі банк саласындағы жаңа кезеңнің басы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық қаржы нарықтарына интеграциялану жолындағы маңызды қадамы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Қазақ пен қырғыз көкпарға бола ырылдасып жүргенде, Әмірика адам миына шип салып жатыр...

Илон Масктың жетістіктеріне қарап, оның тек жаңа технологияларды дамытумен шектелмейтінін байқауға болады деп жазады Fragment.

Ол әрдайым бірнеше қадам алға ойланып, болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне қажет бағытты анықтайды.

Әлеуметтік желі X-ті сатып алу – Масктың кезекті стратегиялық қадамының бірі ғана. Бұл қадам оның тек бизнесмен ретінде ғана емес, саяси және қоғамдық ықпалы бар тұлғаға айналғанын көрсетті.


Маск АҚШ-та туылмаған, яғни натурализацияланған азамат, және оның «Америкалық арманды» іске асырып, кәсіпкерлік шыңына көтерілуі осы жүйенің өміршеңдігін тағы бір рет дәлелдеп тұр. Ол Tesla-ның табысына сүйеніп, жай ғана бай кәсіпкер болып қала салуы мүмкін еді, бірақ ол тоқтап қалмады. Оның бұл шешімі дұрыс болды, себебі қазіргі кезде электромобильдерге деген қызығушылық азая бастауда, ал Tesla әлі де үлкен табыс әкелсе де, бұл сегменттің болашағы күмәнді.

Масктың болашақты алдын ала көре білуі оның Tesla-дан бөлек бірнеше табысты жобаларды қолға алуына себеп болды. Space X және Solar City секілді жобалар алғашында шығынды болғанымен, қазір олар пайда әкеле бастады. Starlink – ғаламдық деңгейдегі интернет тарату жүйесі де айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр.

Ең қызығы – Neuralink жобасы. Бұл компания болашақта адам миына нейроимпланттарды енгізу арқылы түрлі физикалық шектеулерді жеңуге мүмкіндік беретін технологияны дамытуды көздейді.


Neuralink-тің ең үлкен жетістіктерінің бірі – FDA-дан (АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы) «серпінді жоба» мәртебесін алуы. Бұл мәртебе құрылғылардың жылдам мақұлдануына мүмкіндік береді, әсіресе олар адамдардың өміріне айтарлықтай әсер ететін болса. Масктың айтуынша, бұл құрылғы екі көзінен айырылған адамдарға көру қабілетін қайтарады. Мұндай жобалар тек қана медициналық салада емес, жалпы технологиялық және ғылыми зерттеулерде үлкен төңкеріс жасауға дайын.

Масктың барлық жобалары оның тек табысқа ғана емес, болашаққа да бағытталғанын көрсетеді. Ол адамның миы мен компьютер арасында тікелей байланыс орнатуды көздеп отыр, бұл болашақта адамның мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтереді.

Егер бұл жоспарлар сәтті жүзеге асса, Масктың саяси ықпалы да күшейе түседі, себебі мұндай технологиялар адамдардың күнделікті өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін.


Әрине, Маск АҚШ президенті бола алмайды, себебі ел конституциясы бойынша бұл қызметке тек елде туылған азаматтар ғана сайлана алады. Бірақ Марс президенті болуға толық мүмкіндігі бар. Масктың саяхат пен ғарыштық технологиялар саласындағы жобалары оны тіпті Жерден тыс әлемде де ықпалды тұлға етуі ғажап емес.

Қорыта келе, Илон Масктың табыстары тек қана технологиялық жаңалықтармен шектелмейді. Оның жобалары – болашаққа бағытталған және адамзаттың мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін стратегиялық қадамдар.

Мұндай контентті құптасаңыз лайк басуды және тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ "Менің сөзіме құлақ асатын кез келді...". Тоқаевтың Мәскеу мен Батысқа жолдаған қатаң месседжі

Кремль пропагандасы Ресейдің әскери қуатына қатысты пікір білдірген Тоқаевтың мәлімдемесін сан-саққа жүгіртіп, бұра тартуда.

Неміс канцлері Олаф Шолцпен кездесуде "Кремль Киевпен соғыста жеңілмейді" деген Тоқаев шын мәнінде не айтқысы келді?


"Мемлекет басшысының мәлімдемесін эмоциялық немесе моральдық тұрғыдан емес, прагматикалық көзқараспен қарастыру қажет", - деп пайымдайды Fragment.

Ресей - ірі ядролық держава, оның әскери қуатын есепке алмау мүмкін емес. Президенттің "Ресей жеңілмейді..." деген сөзі шын мәнінде әскери-саяси жағдайдың шынайылығын ескеруге шақыру. Бұл - соғыстың ары қарай созылуы ешкімге пайдалы болмайтынын білдіретін ишара.

Тоқаев әлемге, әсіресе соғысып жатқан тараптарға, "әскери шешім болмайды, енді дипломатиялық жол іздеңдер" деген месседж беріп отыр.

Стамбұл келісімінің мүмкіндігінен айырылу туралы Тоқаевтың сөзі — соғыстың алғашқы кезеңіндегі дипломатиялық мүмкіндіктерді айқын көрсетеді. Ол келісім сәтінде әлемдік саясаткерлердің қателік жібергенін атап өтіп отыр. Бұл, бір жағынан, Тоқаевтың дипломатияға деген сенімін көрсетеді. Яғни, оның пікірі — тек келіссөздер арқылы ғана жанжалдың ұзақ мерзімді шешімін табуға болады дегенге саяды.

Шолцпен екеуарада әңгімеде Қазақстан басшысының Қытай мен Брәзилияны тілге тиек еткені бекер емес.


Қазақстан сияқты көпвекторлы саясат ұстанатын елдер үшін Қытай мен Брәзилияның бастамаларына қолдау білдіру — стратегиялық қадам. Бұл елдер тікелей қақтығыстарға араласпай, өздерін бейтарап медиатор ретінде көрсетіп келеді.

Қазақстанға да осындай бейтарап ұстаным керек, себебі кез келген жаққа ашық қолдау білдіру елдің ішкі және сыртқы саясатына қауіп төндіруі мүмкін. Тоқаев бұл жерде тағы да балансты сақтап, бейбітшілікке бағытталған жоспарлардың жан-жақты қарастырылуы қажет екенін еске салуда.

Қазақстанның Ресеймен әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекараға ие болуы — президент сөзінің маңызды бөлігінің бірі. Осы фактор Тоқаевтың әрбір қадамын абайлап жасауға мәжбүр етеді.

Кремльмен арадағы кез келген шиеленіс Астана үшін катастрофа: себебі, экономикалық, саяси, және әлеуметтік байланыстар өте тығыз.


Тоқ етерін айтқанда, Тоқаевтың кешегі мәлімдемесі — жан-жақты дипломатиялық маневр. Сонымен қатар, Қазақстанның Украинамен ешқандай қақтығысы жоқ, және украин халқының мәдениеті мен тәуелсіздігіне құрметпен қарайды.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.