⚠️ Қазақстан банктері комплаенсті күшейтті: Ресейлік бизнес қылқынып жатыр...
Ресейлік кәсіпкерлер күзде Қазақстан банктерінің төлем жүргізу мерзімін ұзартқанына тап болды - енді ол екі айға дейін жетуі мүмкін. Заңгерлердің айтуынша, Қазақстан банктері екінші реттік санкциялар қаупіне байланысты комплаенсті күшейтуде.
2024 жылдың қараша айына қарай 🇷🇺 Ресей мен 🇰🇿 Қазақстан арасындағы төлем жүргізудің орташа мерзімі ағымдағы жылдың шілдесімен салыстырғанда 24%-ға өскен және кейбір жағдайда екі айға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылар мұны Қазақстан банктерінің Ресейден келетін аударымдарға қатысты комплаенсті (заң талаптарына, санкциялық шектеуге және ішкі ережеге сай болуды қамтамасыз ететін бақылау жүйесі) күшейтуімен түсіндіреді. Біздің банктер ақша жіберуші және алушы компания, тауардың сипаттамасы және мәміленің егжей-тегжейі туралы мәлімет сұратып, қосымша құжаттар мен түсініктемелерді көбірек талап ететін болған.
👨💼 Заңгер Әлібек Сланның айтуынша, қазіргі уақытта Ресей мен Қазақстан арасындағы төлемдерді жүргізудің орташа мерзімі шамамен екі-үш аптаны құрайды.
Ресейлік логистикалық компаниялардың қазақстандық банктер арқылы төлем жасаудан бас тартуы биылғы жылдың шілдесінде 30%-ға дейін өскен.
АҚШ-тың Мосбиржаны "қара тізімге" енгізуі және Ресейге шектеулерді айналып өтуге көмектесетін шетелдік банктерге екінші реттік санкциялар қолдану қаупі қазақстандық қаржы институттарын бақылау шараларын күшейтуге мәжбүрледі.
👨💻 2024 жылдың қыркүйегінде Bloomberg агенттігі ресейлік банктер мен компаниялардың Қазақстанды Қытаймен валюталық операциялар жүргізу үшін жиі таңдай бастағанын хабарлаған болатын.
Заңгер Әлібек Сланның мәліметінше, қазақстандық банктер ресейліктер Қазақстанмен іскерлік байланыстарын растауды талап етуде. Бұған жергілікті контрагенттермен Қазақстан аумағына тауарлар жеткізу туралы келісімшарттар, сондай-ақ елдегі заңды мекенжайды растайтын құжаттар жатады.
Клиент мұны ұсына алмаса, банк оның шотындағы операцияларды уақытша тоқтатады.
"Қазақстан санкциялық режимді бұзу қаупін азайтуға тырысуда. Сондықтан банктер комплаенс-процедуралар аясында клиенттік операцияларды мұқият тексеріп, ықтимал санкциялық тәуекелдер мен қауіптерді анықтауға тырысып жатыр. Мұндай күдікке ілінген кез-келген банктің беделіне елеулі нұқсан келеді», - дейді заңгер.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇
https://t.me/fragmentqaz

Орыстарға қазақ банктерінің комплаенсті күшейтіп, тауардың санкциялық емес екенін растайтын құжаттарды ұсынуды талап ете бастағаны ұнамауда. Кейбір ресейлік бизнес Қазақстан банктерінен бас тарту туралы ойлана бастаған.