Postlar filtri


♦️4️⃣8️⃣9️⃣-ХАДИС:

Ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құранның бір әрібін оқығанға он сауапқа тең келер бір жақсылық жазылады. «Әлиф, ләм, мим» ді бір әріп деп айтпаймын. «Әлиф» – бір әріп, «ләм» – бір әріп, сондай-ақ «мим» де өз алдына бір әріп», – деп айтты», – деген.

(Тирмизи, фадайлул-Құран 16).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣8️⃣8️⃣-ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен қарауға болады. Аллаһ Тағала Құран ілімін нәсіп еткен соң оны күндіз-түні оқып әрі оның үкімдерін бұлжытпай орындаған ғалымға және Аллаһтың берген байлығын күн-түн демей игі жолға жұмсаған атымтай жомартқа», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, таухид 45; Муслим, салатүл-мусафирин 266).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣8️⃣7️⃣-ХАДИС:

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, Аллаһ Тағала осы Кітаппен кейбір қауымдардың (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, енді бір қауымдардың дәрежесін түсіріп, жер қылады», – деп айтты» – делінген.

(Муслим, салатүл-мусафирин 269).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


Кітаптар dan repost
КОНКУРС!🏆КОНКУРС! 🤩КОНКУРС!⚡️

Ақшалай жүлде және эл-кітаптар сыйлыққа!📚
Шарттары:
1)

1.1 (5) адамға каналдың сілтемесін жіберу
1.2 (5) каналдың коментіне біздің каналдың сілтемесін бөлісу (канал админінің рұқсатымен)
1.3 Каналы бар админдер өз каналына канал сіл
темесін бөлісу арқылы қатыса алады.(кемі 100 просмотр жинауы шарт)


Осы 3 тапсырманың біреуін орындау

Орындалған тапсырманы скриншоттап соны сақтау.
📸

(Жеңімпаз анықталғанда тексеріледі)


2)Төмендегі ”Қатысамын!🤩” батырмасын басу.

Конкурс жеңімпаздары: 10.02.2025 10:00 анықталады.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы беріледі. Ол ақшаны тек кітап алуға жұмсай алады. Каспи немесе тб кітап дүкенінен кітап таңдап сол ақша көлеміндегі кітапты ала алады.


Жеңімпаздар кездейсоқ таңдалады бот арқылы.

Сыйақылар:
1-орын (8000) тг💰
2-орын (5000) тг💰
3- орын (3000) тг💰

Одан бөлек 20 қатысушыға 20 түрлі пдф жаңадан шыққан кітаптар сыйлыққа.🎁

Бар болғаны 2 шартты орындау арқылы жеңімпаз болыңыз!
👩‍🚀

Ал баршаңызға сәттілік!
🔥


♦️4️⃣8️⃣6️⃣-ХАДИС:

Әбу Муса әл-Әшғари (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құран оқитын мүмін – иісі хош, дәмі де тәтті цитрус жемісі тәрізді. Ал, Құран оқымайтын мүмін – иісі жоқ, бірақ дәмі тәтті құрма тәрізді. Құран оқитын мұнафық – иісі хош, бірақ дәмі ащы райхан сияқты. Ал, Құран оқымайтын мұнафық – иісі жоқ, әрі дәмі де ащы болған шомыр сияқты», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, фадайлул-Құран 17; Муслим, салатүл-мусафирин 243).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣8️⃣5️⃣-ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құранды нақышына келтіріп оқитын мұсылман кісі әс-Сәфәра әл-Кирам әл-Бәрара періштелерімен тең дәрежеде болады. Ал, Құран оқуға тілінің икемі келмегеніне қарамастан, шын ықыласымен ежіктеп болса да, оқыған адам екі бірдей сауапқа кенеледі», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, таухид 52; Муслим, салатүл-мусафирин 243).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣8️⃣4️⃣-ХАДИС:

Осман ибн Аффан (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ең жақсыларың Құран (оқу мен ілімін) үйреніп, оны басқаларға да үйреткендерің», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, фадайлулҚұран 21).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


📌ҚҰРАН ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

♦️4️⃣8️⃣3️⃣-ХАДИС:


Әбу Үмәма (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құран оқыңдар, өйткені Құран қиямет күні (Құран) оқығандарға шапағатшы болады», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Муслим, салатүл-мусафирин 252).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣8️⃣2️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһқа және ақырет күніне иман еткен әйелдің қасында ет жақыны болмаса (156), (кем дегенде) бір күн, бір түнге созылатын сапарға шығуына тыйым салынады», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, тәксир 4/саум 67; Муслим, хаж 423).

❗(156) - Әкесі немесе туған бауыры сынды шариғат бойынша некелесуге болмайтын жақын туысы.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣8️⃣1️⃣-ХАДИС:

Жәбир (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ұзақ уақыт үйінде болмаған адам үй ішіне (ескертпестен) түн ортасында келіп, есік қағып үй ішін мазаламасын», – деді» – деген.

Басқа бір риуаятта: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сапарда жүрген адамды түннің бір уағында (күтпеген жерден) үйіне келіп, есік қағудан тыйды» – делінген.

(Бұхари, никах 130/умра 16; Муслим, имара 183).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣8️⃣0️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сапар шегу де машақаттың бір түрі, өйткені ол қайсыбіріңді болмасын жайбарақат ішіп-жеуден және жатып ұйықтаудан қағады. Кімде-кім сапар шегіп, көздеген мақсатына жетсе, отбасымен қауышуға асықсын», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, жиһад 136; Муслим, имара 179).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣9️⃣-ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жол жүріп келе жатқанында кеш батып кетсе: «Уа, жер, менің де, сенің де Раббың бір Аллаһ. Сенің жамандығыңнан, қойныңдағылардың һәм қойныңда жаратылғанның кесірінен және үстіңде жер басып жүрген күллі жаратылыстың кесірінен (сақтай көр деп) бір Аллаһқа сиынамын. Сондай-ақ, арыстанның, адамның, жыланның, шаянның, осы жерді мекендейтін жындардың және Ібіліс пен содан туған шайтандардың кесірінен бір Аллаһқа» деп дұға жасайтын еді», – деген.

(Әбу Дәуіт, жиһад 75).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣8️⃣-ХАДИС:

Хаула бинт Хаким (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім бір жерге ат басын тірегенде: «Аллаһтың мінсіз сөздерімен (155) күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан Аллаһқа сиынамын» – деп дұға оқыса, сол жерден кеткенге дейін оған еш нәрсе де зиянын тигізе алмайды», – деп айтқанын естідім», – деген.

(Муслим, зикр 54).

❗(155) - Құран Кәрім мен Аллаһ Тағаланың көркем есімдері

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣7️⃣-ХАДИС:

Әбу Муса әл-Әшғари (р.а.): «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қандай да бір қауымның кесірі тиіп кете ме деп қорыққанда: «Уа, Аллаһ Тағалам! Сені оларға қарсы қорған етіп, олардың жамандығынан бір Өзіңе сыйынамыз!» – деп жалбарынатын еді», – деген.

(Әбу Дәуіт, уитр 30).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣6️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Үш түрлі дұға шүбәсіз қабыл болады: жәбір көргеннің дұғасы, жолаушының дұғасы және ата-ананың баласына берген батасы», – деп айтты» – делінген.

(Әбу Дәуіт, уитр 29; Тирмизи, бирр 7/дағауат 47).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣5️⃣-ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қажылықтан я умрадан қайтып келе жатып белеске иек артып немесе жазыққа шыққан сайын үш рет «Аллаһу акбар» деп тәкбір айтып, артынша: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Ол жалғыз, серігі жоқ. Билік пен бар мақтау Аллаһқа ғана тиесілі. Оның құдіреті барлық нәрсеге жетеді. Біз (сапардан) қайтып келеміз, Раббымыздың алдында тәубеге келіп, құлшылық етіп, маңдайымызды сәждеге қойып, мадақ айтып келеміз! Аллаһ Тағала уәдесін орындап, құлына жәрдем етті. Бір Өзі мұсылмандарға қарсы күш біріктірген тайпалардың (154) сазайын берді!» – деп айтатын еді», – деген.

(Бұхари, жиһад 158; Муслим, хаж 428).

❗(154) - Ахзаб соғысында мұсылмандарды түп-тамырымен жоқ қылу үшін Мәдинаны қоршауға алған араб тайпалары.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


Magrifat dan repost
Ассалаумағалейкүм құрметті ізгі жақсылар! 😊

Діни үкімдерді тез әрі оңай үйренгіңіз келсе,

Сіздерге бес сабақты ұсынғым келіп тұр:

1) Муқоддима ас-сола (намазға кіріспе)
Сабақ саны: 5

🎁+кітап

2) Уәсилату ат-толаба
+Ақида
+Жүрек тазалығы
+Ғибадат бабы

Сабақ саны: 7

🎁 + Кітап

3) Харам мен халал бабы
+Нені кию харам
+ Нені жеу мәкруһ,спирті бар шоколадтардың үкімі т.б
+ Қандай аңдар адал
+ Сөйлеудің түрлері

Сабақ саны: 9
🎁+ кітап

4)Хайыз бен нифас үкімдері пәтуалар жинағы 300 жуық пәтуа бар


5)Кәсіп пен әдеп


Барлығын 5000₸ алып 2 айдың ішінде шариғи біліміңізді жетілдіріп алыңыз!

Дәрістерді алу үшін:

+7776 844 03 65
Нөміріне түбіртекті жіберіңіз сізді топқа қосады.

Шексіз доступ.


♦️4️⃣7️⃣4️⃣-ХАДИС:

Али ибн Рабиға (р.а.): «Бірде (жолға шығып бара жатқан) Али ибн Әбу Талибке (р.а.) мініс көлік әкелгенде, ол аяғын үзеңгіге салып: «Бисмилләһ» – деді де, жануарға қарғып мініп, жайғасып алған соң: «Бұны бізге бағындырған Аллаһқа мақтау айтамыз. Егер оны бізге бағынышты етіп жаратпағанда, оны бағындыруға қауқарымыз жетпес еді. Түбінде бәріміз де Раббымызға қайтамыз», – деді. Содан кейін үш рет «Әлхамду лилләһ» және үш рет «Аллаһу акбар» деп: «Уа, Аллаһ Тағалам! Сен барлық кемшілік атаулыдан пәксің, ұлысың! Мен өз-өзіме қиянат жасадым, мені жарылқап, кешіре гөр! Расында, бір Өзіңнен басқа бізді жарылқап, күнәмізді кешіретін ешкім жоқ», – дегеннен соң езу тартып, күлімсіреді. Сонда қасындағылар: «Уа, мүміндердің әміршісі! Неге езу тарттыңыз?» – деп сұрады. Али: «Бірде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәл қазір менің істегенімдей істеп, содан соң езу тартқанын көріп, сендер секілді: «Уа, Аллаһтың елшісі! Неліктен езу тарттыңыз?» – деп сұраған едім. Сонда ол: «Расында, Ұлы әрі кемшілік атаулыдан пәк Раббың құлының, күнәларын Аллаһтан басқа ешкімнің де кешіре алмайтынын біліп, «күнәларымды кешіре гөр» деп жалбарынғанын ұнатады», – деп айтты», – деген.

(Әбу Дәуіт, жиһад 74; Тирмизи, дағауат 46).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣3️⃣-ХАДИС:

Ибн Омар (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сапарға шығарда түйесіне мініп, жайғасып алған соң, үш рет «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтып: «Бұны бізге бағындырған Аллаһ ұлы әрі кемшілік атаулыдан пәк. Егер оны бізге бағынышты етіп жаратпағанда, оған қауқарымыз жетпес еді. Түбінде бәріміз де Раббымызға қайтамыз. Уа, Аллаһ Тағалам! Бізге осы сапарда игілік, тақуалық және Өзің разы болатын игі істер істеуді нәсіп ет! Уа, Аллаһ Тағалам! Сапарымызды жеңілдетіп, біз үшін алысты жақындата гөр! Уа, Аллаһ Тағалам! Сапардағы серігіміз де, артта қалған отбасыларымыздың өкілі де бір Өзіңсің! Уа, Аллаһ Тағалам! Сапардың машақатынан, сары уайымға салатын қандай да бір жағдайдан және сапардан оралғанда дүние-мүлкіміз бен отбасымызды бәле-жалаға ұшыраған күйде көруден бір Өзің сақтай гөр!» – деп дұға жасайтын-ды. Сапардан қайтқанда осы дұғаларына: «Біз сапардан қайтып келеміз, Раббымыздың алдында тәубеге келіп, құлшылық етіп, мадақ айтып келеміз!» – деген мадақ сөздерін қоса айтатын», – деп айтты.

(Муслим, хаж 425).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣7️⃣2️⃣-ХАДИС:

Жәбир (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жорыққа шығуға бел буғанында: «Уа, мұһажирлер мен ансарлар! Араларыңда дүниесі де, арқа сүйер туысы да жоқ бауырларың бар. Әрбірің жағдайы жоқ екі-үш адамды қамқорлығына алып, өзімен бірге ертіп жүрсін. Көлігі барлар қамқорлығына алған бауырларымен кезектесіп мінсін», (153) – деп бұйырды. Жәбир: «Мен де қасыма екі-үш адамды алып, түйемнің игілігін солармен бірге бірдей пайдаланып, кезектесіп міндім», – деп айтты.

(Әбу Дәуіт, жиһад 34).

❗(153) Яғни, көлік өзімдікі екен деп, көлік үстінде ұзақ отырып алмасын.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.