ПМХЗ-да Merox технологиясы бойынша сұйытылған газды тазартудың жаңа кешені іске қосылды🏭Павлодар облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов
Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) барды. ҚМГ басшысы зауыттың өндірістік қуаттарының техникалық жағдайымен, кәсіпорынды одан әрі жаңғыртуға бағытталған жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ Honeywell корпорациясының құрамындағы UOP (Universal Oil Products) американдық компаниясының
Merox технологиясы бойынша сұйытылған көмірсутек газын (СКГ) сілтілі тазартатын жаңа қондырғы іске қосылды.✔️Бұл қондырғы өнім сапасын жақсартып, шығарындыларды азайта отырып, меркаптан күкіртінен жылына
100 мың тонна СКГ-ны тазартуға мүмкіндік береді.
🗣Кәсіпорында өткен жиында өндірістік тиімділікті арттыру, ПМХЗ тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
🟦Зауытта
қысқы дизель отынын өндіру бойынша жобалар іске асырылуда. Дизель отынын гидротазарту қондырғысын (ДО ГТ) реконструкциялаудың екінші кезеңі шеңберінде депарафинизация блогының құрылысы жүргізілуде.
Жұмысты аяқтау жыл соңына жоспарланған. ДО ГТ жаңғырту Shell компаниясының технологиясын пайдалана отырып
жүргізілуде, ол тек жазғы және маусымаралық дизель отынын ғана емес, сонымен қатар қондырғының ағымдағы қуатын жылына
2,3 млн тонна деңгейінде сақтай отырып,
қысқы отынды да шығаруға мүмкіндік береді.
🟦
2025 жылдың бірінші тоқсанында қуаттылығы
сағатына 12,5 мың текше метр сутегі өндіретін екінші қондырғының құрылысын бастау жоспарлануда (зауытта қуаттылығы
сағатына 20 мың текше метрлік қондырғы жұмыс істеп тұр).
Air Liquide компаниясымен бірлескен жобаны іске қосу
2026 жылдың күзіне жоспарланған. Жобаға салынатын инвестициялар
80 миллион еуродан асады деп бағаланады. Техникалық сутегі мұнай өңдеуде шешуші рөл атқарып, бензин, авиациялық керосин және дизель отынын өндіруде көмірсутекті азоттан, күкірттен және металдардан тазарту үшін қолданылады.
✔️Бұл жобаларды іске асыру еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде сұранысқа ие
жоғары үшінші классты қысқы дизель отынын шығаруға мүмкіндік береді.
🔵Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов ПМХЗ басшылығына
жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайтып, операциялық тиімділікті арттыру және өндірістік персонал үшін еңбек жағдайларының сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
🗣Мемлекет басшысы жариялаған 2025 жыл ─
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ПМХЗ-да зауыт қызметкерлері биіктікте жасайтын жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша біліктілігін арттыратын
жаңа оқу-жаттығу орталығы ашылды.
📊
2024 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар мұнай-химия зауыты рекордтық
5,5 млн тонна мұнай өңдеді, бұл жоспарлы көрсеткіштен
50 мың тоннаға артық.
Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі
73,2%, өңдеу тереңдігі
91,5% құрады.
📱
ҚазМұнайГаз