ҚазМұнайГаз бен MOL Group ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
📄 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстанға мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен мажарлық MOL Group мұнай-газ компаниясы ынтымақтастықты арттыру жөніндегі келісім жасасты.
Құжатқа ҚМГ басшысы Асхат Хасенов және MOL Group бас директоры Жолт Эрнади қол қойды.
Негізгі бағыттар:
✔️ Көмірсутектерді барлау және өндіру;
✔️ Перспективалы мұнай-химия жобаларын іске асыру.
🟣 ҚазМұнайГаз өндіріс тиімділігін арттыру үшін MOL Group тәжірибесін зерделей отырып, технологияны тартуға басымдық береді. Өндіріс шығындарын азайту және жалпы өндіру тиімділігін арттыру үшін озық шешімдерді пайдалану жоспарлануда.
🤝 ҚазМұнайГаз бен MOL Group — Батыс Қазақстан облысындағы Рожков газ конденсатты кен орнында табысты ынтымақтастық орнатқан серіктес компаниялар. Қазіргі таңда кен орны игеру бойынша бірінші кезеңде жобалық көрсеткішке қол жеткізді. MOL Group инвестициялары шамамен 200 млн долларды құрады.
🔵 Сонымен қатар, мұнай-газ химиясына ерекше көңіл бөлініп отыр, атап айтқанда тараптар қосылған құны жоғары өнім өндіру жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігін зерделеуге келісті.
📱 ҚазМұнайГаз