ҚМГ «Болашақ» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жандандырады
🤝 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қарамаржан Групп» ЖШС «Болашақ» жобасы бойынша ынтымақтастық қағидаттарына қатысты түпкілікті келісімге қол жеткізді.
✔️ Компаниялар жаңа «Болашақ» жер қойнауын пайдалану жобасын бірлесіп іске асыру бойынша ынтымақтастықтың негізгі шарттарын бекітті.
📍 Болашақ учаскесі Маңғыстау облысында орналасқан. ҚазМұнайГаз бен Карамаржан Групп тереңдігі 3500 және 4500 метр болатын екі барлау ұңғымасын бұрғылауды, сондай-ақ 432 км2 алаңда 3D-сейсмикалық барлау жүргізуді жоспарлап отыр.
🖋 Тиісті келісімдерге қол қою көмірсутектерді іздеу саласында жергілікті компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ҚМГ-ның отандық инвесторлармен ынтымақтастық орнатуға деген ұмтылысын айқындай түседі.
«Болашақ» жобасын іске асыру ҚМГ-ның геологиялық барлау қызметінің Қазақстандағы перспективалы мұнай-газ учаскелерін зерттеуге және игеруге бағытталған маңызды қадамы болмақ.
✔️ Жоба Маңғыстау облысының көмірсутек қорын ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін болады.
📱 ҚазМұнайГаз