Қазақша әдеби кітаптар


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


Ассалаумағалейкум оқырмандар каналымызға қош келібсіздер.Қазақша әдебиеттерімізді жане басқада елдердің кітаптарын салып жариялап барамыз.
Өз каналым: @gashykzhan 🧡
Ұстаздарға Көмек Әдістер: @zhanasha_adister
Группамыз: @adebiyet2024
Админ : @uska_agay

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


ЖЫЛДЫҢ ЕҢ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТІ 2024✅

Құттықтап қойсаңыздар болады😊👍Шүкір аллаға. Факультеттің ең белсенді студенті болдым Жыл жумағы бойынша❤️
Ата-анама ұстаздарыма алғыс айтамын😌
Қуанып тұрмын😁😝

@gashykzhan 🙊😍


Келін «келін» болмады, «келсап» болды,
«Жақсы қыз ғой» дегенім жансақ болды.
Жалақысын көрсетпей жоқ қылатын,
Жақсы көрген жан екен жан сақтауды.

«Келін, келін» дегенім «келсап» екен,
Ардан жұрдай, ұяттан алшақ екен.
Иманды адам ибалы іс қылмай ма,
Жат жұртқа кеп болса да қанша бөтен.

Келін келін болмады, көркімді алды,
Келген жерге сіңбеді. Төркінжанды.
«Өз қызымдай көрем» деп бауыр тартып,
Жаутаңдаған енелік еркім қалды.

Келін келін екенін демде ұмытқан,
Баптап ішер шайымды мен де ұмытқам.
Шайтан түртіп шығатын шайпау тілі
Ада болды әдепке сай ғұрыптан.

Келін келін болмады, кесір болды,
Сүйіп алған күйеу де шошыр болды.
Бәле іздесе ұрды деп сотқа беріп,
Сәбиін де талай тірі жетім қылды.

Қанбай өскен тектілік бұлағынан,
Енді оның жөнделуі жүдә күмән.
Yй мен жайын жау шауып жатса-дағы,
Телефонын тастамас құлағынан.

Қолданбайтын уақытты қол босаған
Көргенім жоқ дәл мұндай маубас адам.
Немереммен мауқымды басамын да,
Сабыр қылам Құдайға, тәуба соған!

«Алма алыс түспейді ағашынан»,
Келешекті ойлаймын да, тағы ... ашынам,
Тауфиық бер, Тәңірім, бүлдіршінге
Қайталайтын көргенін анасынан!

// Үміт Битенова – Кейбір енелер жыры




Туады адам шалқалап,
Өсірер оны арқалап.
Отырар сосын абайлап,
Жан-жағына қарайлап.

Тұрып ап тәй-тәй басады,
Шуағын күндей шашады.
Сүйкімді сол бір сәбиді
Бауырға бәрі басады.

…Нығырақ басып жөнелер,
Азамат болар ел ерер.
Қызыққа жұрты кенелер,
Ағайын-туған теңелер.

…Қартайып барып бір күні,
Азайтып дархан күлкіні,
Көзінің нұры көшеді,
Көбейіп ыңқыл-сыңқылы.

Отырар сосын қайтадан
Маңайын шолып байқаған,
Ақылды, дана қария
Құдіретке басын шайқаған.

Бататын күнге көп қарар,
Күбірлеп сөзін ақтарар:
«Біздің де барар жеріміз –
Сіздің де кеткен жақ болар…».

Толқынды толқын қуады,
Ақырғы сәт те туады.
Бойына қуат, әл берер
Тірліктің соңғы шуағы.

Ғұмырың қысқа, көкем-ау,
Тамшыдай ғана екен-ау!
Шалқадан жатып сол адам
Аттанып бір күн кетер-ау!

Туу мен өлу арасы, –
Тепе-тең сурет қарашы.
Ғажайып өмір иесі –
Жасай бер, адам баласы!

// Бақытжан Раисова - Ғұмырдың тепе-теңдігі




Лев Толстой «Сурат кофеханасы»

Бұл кітапта орыс жазушысы Лев Толстойдың бірнеше шығармалары қазақша аударылып берілген. Шығармалардың дені экзистенция, логотерапия принциптерімен жинақталды. Әрі балалардың тіліне лайықталып, оқуға ыңғайлы етіп ықшамдалған. Кітап экзистенциялық бағыттағы әдебиеттерге қызығатын оқырманға арналады.

209 бет


Поэзия өлеңдер Қазақша🇰🇿 dan repost
Сағындым❤️‍🔥
Оқыған: @gashykzhan


Қызды ауылдың сыртынан,
Қылаң еткен жиырма бес.
Қызды көрсем қиқайып,
Құлай кеткен жиырма бес.
Суға келген жеңгейге,
Ұнай қалған жиырма бес.
Жеңге, халің қалай? — деп,
Сұрай қалған жиырма бес.
Қыз-бозбала жиналып,
Қызып кеткен жиырма бес.
Алдында мың қамалды
Бұзып кеткен жиырма бес.
Іздесең де табылмас,
Өтті-ау, кетті-ау жиырма бес.

Күлдір-күлдір кісінетін,
Күреңді мінген жиырма бес.
Күрек тісін ақситып,
Сұлуды құшқан жиырма бес.
Тастан қашқан түлкідей,
Сылаң қаққан жиырма бес.
Жастық шақтың қызығын,
Ұрандатқан жиырма бес.
Төрде жатқан кемпірден
Қарғыс алған жиырма бес.
Бесіктегі баладан
Алғыс алған жиырма бес.
Іздесең де табылмас,
Өтті-ау, кетті-ау, жиырма бес.

// Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы


С.Құттықадам - Ұлтқа қызмет ету.epub
812.4Kb
Сейдахмет Құттықадам - Ұлтқа қызмет ету


Сарыжаз

Сарыжаз – тау бөктері, құт мекенім,
Кең дала, таза ауа – жұпар демім.
Хан Тәңірі құшағында жайқалғандай,
Табиғатың ғажайып сырлы өлеңім.

Бұлақтарың сыңғырлап ән салады,
Шырқау шыңдар биікке қол созады.
Қыран қанат қағардай еркін ұшып,
тұлпарменен шапсаң желден озады


Көгінде бұлттар көшіп ерке ағады,
Сары далам сезімге толы бағы.
Қар жамылған асқар тау көркем бейне,
Туған жерім – арманым, мәңгі бағы.

Сарыжазым, жанымның бір бөлшегі,
Сезімімнен жаралған жұпар демі
Кіндік кесіп, қанат қаққан ордам едің,
Саған деген махаббат мәңгі өшпейді


Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.




Қаншама таң атты екен ағараңдап,
Қалаған бақ бермейді ғалам арбап.
Қандай әсем сөздер бар тілімізде,
Қалдырмай бәрін жаздым саған арнап.

Қаңтарылып сезімдер — қылуетім,
Тұман мұңлық сен жайлы, түні жетім.
Ғұмыр бойы өзіңді жырлатардай,
Жаным, қандай бар екен құдіретің?

Жауқазындай көктемгі шықты күткен,
Сені үнсіз сағынам… мықтылық кем.
Сағынышым сен жоқта сарнайды әлі,
Сені үнсіз іздейтін күптіліктен…


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қазақстан - күллі қазақтың қара шаңырағы! Бірден бір Отаны! Оның шекаралық тұтастығын, бейбітшілігін, бірлігін, тұрақтылығын, береке-ынтымағын сақтау - әрбір қазақтың қасиетті парызы!

Тәуелсіздік - бәрінен қымбат! Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың арманы орындалып, қазақтың көк туы биікте желбіреген күн!
Тәуелсіздік - болашағымыздың мызғымас кепілі!
Тәуелсіздік күні - алаштың мерейі үстем болған күн!
Тәуелсіздік күні - ел үшін жан қиған ерлердің ерлігі мадақталған күн!

Қазақстан - мәңгілік ел! Қазақ халқы - Күн сөнгенше сөнбейтін халық!

Барша қазақстандықтарға, дүниенің түкпір-түкпірінде жүрген барлық Қазақ ұлты өкілдеріне

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Оқты мылтық атылар кезін біліп,
бір бүліктің боларын сезіндіріп,
Жұбан ақын мінбеге көтерілді,
шаңырақтай көзінде көзілдірік.

Қалың жұрттың үні өшті, есі кетті,
Тағдыр сыйын ақынға нәсіп етті.
От ойнаған Жұбанның қара көзі
Геннадидің көк көзін тесіп өтті.

Шаттанатын кез емес, қуанатын,
мезгіл жетті қолына ту алатын.
Кәрін төккен Колбиннің мысын басып,
бүй деп еді қаһарлы Жұбан ақын:

«Ұлым, қызым жазықсыз азапталған,
құтылатын күн бар ма мазақтардан.
Ел егесі – Геннади, сен емессің,
Жер егесі – ежелден қазақ болған!

Жағаласып жетім мен жесірменен,
кімің қалды желігіп есірмеген?!
Менің қызым қолаңшаш қос бұрымын,
сенің ұлың жұлсын деп өсірмеген!

Тегім – Түрік, Хас, Сақпыз – асылданбыз,
тарихыма үнілсең, тасым да аңыз...
Алтай менен Атырау арасында
еркін өскен елімді басыңбаңыз!

Қанатым жоқ биікке ұшқанменен,
жылуым жоқ құшаққа қысқанменен.
Қорғау үшін Отанды соғысып ем,
толарсақтан қан кешіп дұшпанменен.

Амандығы қазақтың – бар тілегі,
атқа қонар елім деп нар түлегі.
«Желтоқсанның көргенше он алтысын»,
қан майданда өлгенім артық еді ...

Мен – қазақпын ешкімге бас ұрмаған,
басынғанда бастан сөз асырмаған.
Ақын жүрек қашанға шыдар дерсің,
аман болсын, туған ел, асыл далам !... »

Шұғыласын алтын күн шашқанында,
осып өтті найзағай қас қағымда.
Шоқ жұлдызы Жұбанның жанып тұрды,
желтоқсанда.
Алматы аспанында ...


// Ғалым Қадибекұлы – Ақтық сөз (1986. Жұбан ақынның Жазушылар одағында Колбинмен кездесуде айтқан соңғы сөзі)




Қарады кеудемізден заман мініп,
Кеуледі жәдігөйлік — жаман ғұрып.
Алмастай кесіп түсер ақиқатты
Айтуға жетпей іште табандылық!

Шен-шекпен саулығы үшін сан алдырып,
Мансапқа жығылуды амал біліп.
Жарбақай жандайшаптар жалпылдады,
Иілмес жерде жетпей табандылық!

Адамзаттық назарын алаң қылып,
Балқаш құрып, баратты Арал құрып.
«Бас кессе де, тіл кеспек жоқ»—дейтұғын
Жігерлі жетпей қайсар табандылық!

Амалсыз үнсіз іштей далам бұғып,
Ғұмыр кешсек болды деп аман жүріп.
Атышулы аштықты айта алмадық,
Таба алмай туған жерден табандылық!

Діңкелеп, дімкестеніп, амал құрып,
Көзіне жас іркілген жанарды ұғып.
Отыз Жеті сұмдығын айта алмадық,
Таба алмай табан тірер табандылық!

Бетбұрысқа бейілін Заман бұрып,
Әлемді алабөтен алаң қылып.
Басталды Ұлы кезең — Тәуелсіздік,
Басталды Ұлы дәуір — ТАБАНДЫЛЫҚ!

// Шөмішбай Сариев - Табандылық


Бұл табиғат тарту қылған көрікті
Əркім қалай қабылдаса ерікті.
Сұлу қыздың сымбатынан не пайда,
Баса алмаса бойындағы желікті?

Өмірінің сақтау үшін шаттығын,
Қара түннен қорғау керек ақ күнін.
Жас жігіттің қайратынан не пайда,
Баса алмаса бойындағы аптығын?

Данышпанның ақылынан не пайда,
Барар жердің жақынынан не пайда,
Бұл дүнияның қызығынан не пайда,
Ғұмыр-жіптің ұзынынан не пайда?

Абайла, дос, алды-артыңды абайла,
Өмір сүру түспейді əсте оңайға.
Жақсылыққа жақсы қызмет етпесе,
Жамандықты өңмеңінен теппесе,
Не пайда бар?
Соны ойла!

// Ақылбек Шаяхмет


gashyk zhan💚 dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Нурқанат Бөкен деген бауырларымнан тамаша ән😊



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.