Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Bloglar



Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Bloglar
Statistika
Postlar filtri


Қаңтар айын қорытындыласам:

Өткенде бір блогердің қаңтарды қорытындылаа, жоспарларының орындалғанын айтып жатқанын көріп өз блокнотымды ашқам ғой. Сөйтсем, мен қасқа, жылдық жоспар жасаппын да, қаңтарға мүлдем жоспар жасамаппын 😅Шынын айтсам, жасамағаныма қуанып қалдым 🙈 Сіңлім “Бәрібір жасамайтыныңды білгенсің ғой, сосын жасамағансың” дейді.

Қаңтардың басында Ұлытауда болдық. Жолда ауырыңқырап келдік те, үйге жете бәріміз қатты суықтап ауырып қалдық. Солай қаңтардың жартысынан көбі өте шығыпты. Ех! Уақыт қандай жүйрік, иә?!

Одан бөлек инстаграмымды жүргізуді қолға алдым. Алла күш-қуат берсін деп отырмын енді. Әзірге беталыс жаман емес. Енді ақпан сәтті болғай 🤲


Жазуы тым ұсақ екен. Көзімді ауыртып жатыр 😒


#аптасына1кітап оқимын деп мақсат қойған ем ғой. Осы аптаның кітабы - “Атом улаған дала”. Қанша естіп жүрсем де қызыға қоймағам ғой, бұрын. Содан бір күні ютубтен Тоғжан Қасенованың сұхбатын тыңдап қалдым да, авторды ұнаттым. Сосын Ақжарқын атты журналист сіңлімнің осы кітап әсер етіп, полигон туралы жоба жасап жатқанын көргеннен кейін де оқу керек деп қойған ем. Енді бүгін Т.Қасеновамен кездесу болатынын естіген соң жанталасып кітапқа тапсырыс бердім. Аз да болса оқып ап, бүгін кездесуге барсем деп отырмын 😎


Тарихты жазатын – еркектер. Қалай айтылса да, турасы осы. Әйелдер көндіккен бәріне. Бұл соғыста біз көлеңкеде қалдық. Соғыс біткеннен кейін біз ешқандай шерулерге шақырылмадық. Бізге медаль тақпады. Тарих кітаптарына бізді ешкім қоспады.

Кристин Ханна “Бұлбұл” кітабы


Бәрінен маңыздысы – естеліктер. Тән жарасы жазылады. Жан жарасы ұмытылады. Қалатыны – махаббат. Қалатыны – біз.

Кристин Ханна “Бұлбұл” кітабы


Қарсылық өзіңе сұрақ қойған кезде пайда болады. Сосын ол сұрақты сен өзгелерге қоясың.

Кристин Ханна “Бұлбұл” кітабы


Неге осы еркектерге бұл өмірде қалағанын істеу соншалықты оңай да, әйелдерге бәрі қиын?

Кристин Ханна “Бұлбұл” кітабы


Жалпы, ханымдар тағатын әшекейге барынша маңыз бергені абзал. Өйткені кез келген заттың өз «даусы» бар екенін ескерсек, бұл фәни жалғанда арзан салпыншақтан қатты «айқайлайтын» ештеңе жоқ.

Кристин Ханна “Бұлбұл” кітабы


Қаңтардың алғашқы кітабы Кристин Ханнаның “Бұлбұл” романы боп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін енді😊 Мына кітапты оқығансыз ба? Пікіріңіз қандай?


ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНДЕ ЕЛІМІЗ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ДҰҒА

Я, Алла тағалам! Тәуелсіздігімізді баянды ет, басшыларымызды әділ ет! Олардың тек қана ел игілігі үшін қызмет етуін нәсіп ет!

Халқымызға амандық, жерімізге тыныштық бер! Жұртымыздың ризық-несібесін арттырып, бай-бақуатты елдердің қатарына қос! Қазағымыздың әр шаңырағын бақыт пен татулыққа, ырыс пен берекеге толтыр!

Жаратқан Ием! Еліміздің ертеңі үшін тәуелсіздік жолында құрбан болған ата-бабаларымыздың рухын пейіштің төрінде шалқыт! Ұлтының оянуы жолында жанын қиған, бір уыс топырақ бұйырмай, әр жерде атылып, өртеліп кете барған Алаш зиялыларына шәһиттік дәреже бер!

Я, Раббым! Қазақтың кең байтақ даласын, ұлан ғайыр жерін ұрпағымыздың игілігіне қалдыр! Оның қызығы, астындағы байлығы тек халыққа бұйырсын!

Уа, Жасаған! Елімізді жайлаған жемқорлықтан ада етші! Әділдік үстем құрған ізгі қоғамға жеткізші! Халық ішінде озбырдан жәбір көргенге Өзің арашашы болшы!

Алла тағалам! Қазағымның әр баласының көкірегіне білім-ғылымға деген махаббат құйшы! Рухани әлемімен қатар техниканың тілін жетік меңгерген, саналы ұрпақ нәсіп етші!

Тәңірім! Төмен түскен тіліміздің мәртебесін көтерші. Қазақ қазақ боп тұрғанда тек ана тілімізде сөйлеп, ана тілімізде білім алуды бұйыртшы!


Күнделікті жасайтын әрекеттеріңді өзгертпей, өмірің де өзгермейді. Жетістігіңнің кілті - күнде жасайтын әдеттеріңде.

Джон Максвелл


Инстаграм болмағанның бір пайдасы, өзіңнің арман-мақсаттарың еске түсе бастайды екен 😀 Айналысқым келетін істерді есіме түсіріп, соларды қолға алсам деген дүние пайда боп жатыр. Алла күш-қуат берсін, енді 🤲


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Инстаграмымды өшірдім. Жұрттың пайдалы, пайдасыз сторизін көп көріп, соған көп уақыт арнайтын болғанымды байқадым. Содан 10 шақты күн демалайын деп шештім. Есесіне осында жазып отырғым келеді ☺️ Бүгін тауға барып, демалып қайттым 😇 Тау күздің әдемі суреттеріне боялып, сұлу боп кетіпті 😍


Меломанға кітап қарауға келгем. Мына кітаптың фильмін көргенмен өзін оқымағам. Көріп қатты алғым келсін. Мұқабасы да әдемі екен. Қысқасы, алмадым. Кейінге қалсын ☺️

Сіздер кітабын оқығансыздар ма? Фильмінен күштірек пе?


Мына кітапты оқып көрмекпін. Оқығандарыңыз бар ма? Қандай кітап?


Соңғы оқыған кітаптарымның бірі. Көп нәрсе күтіп қойған сияқтымын. Ұнады дей алмаймын. Терең зерттеулер болар деп ойлағам. Сөйтсем, дат халқы балауыз жағады, достарымен бас қосады, бірге тамақ пісіреді, велик көп тебеді, содан бақытты дегендей бірдеңе. Оқуға кеңес бермеймін ❌

Бірақ ең ұнамаған кітаптың өзінен бірдеңе аласың ғой. Алған инсайтымды иснтада сторизге бөлісіп жатырмын.

Ал сіз “Хүггені” оқыдыңыз ба?


Соңғы жылдары онша кітап оқымай кеттім. Айына бір кітап оқысам, ол да роскошь боп кетіп еді. Бірақ қазір кітапқа құмарлығым қайта артып, кітапқа аш қасқырдай кірісіп жүрмін. Тіпті рецензия жазып үлгермей жатырмын. Аллаға шүкір! Ұзағынан болсын! 🤲😊







20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.