Достықтың шарттары«Адамдар үш түрлі болады:
1. Достар. Ондайлар өте аз;
2. Таныстар. Олардан зиян көбірек;
3. Бейтаныс адамдар. Сен олардың зиянынан, олар сенің зиянынан сәлеметтіктесіңдер.
Дос дегеннің өзі жеті түрлі қасиетке ие болуы тиіс:
1. Сүннет иесі;
2. Тақуа, себебі бидағат иесі немесе күнәһар өз досын өз пікіріне тартады немесе адамдар досын сонымен бірдей деп ойлап қалады. Себебі, адам өз досының дінінде;
3. Ақылды болуы керек, себебі ақымақпен дос болудың өзі бәле;
4. Мінез-құлық иесі болуы керек, себебі жаман мінезді адам саған бір мезетте жау болып кетпеуіне кепілдік жоқ;
5. Сенің көзіңше де, сен жоқ уақытта да саған ілтипатты болу. Яғни, ол саған жаулық, немес жауыздық, немесе көре алмаушылық, немесе екіжүзділік дегеннен алыс болуы керек;
6. Саған адал болу керек. Яғни шыдамсыз немесе бейімделмелі болмауы керек;
7. Сен оның ақыларын бергендей ол да сенің ақыларыңды орындауы тиіс, себебі сен оның алдындағы міндеттеріңді орындасаң да сенің алдындағы міндеттеріңді орындамайтын адаммен дос болуда береке болмайды».
Ибн Джузи әл-Ғирнати «القوانين الفقهية», б. 328-329
Ассоц. проф. Абдулла Бухаридің ресми
x-парақшасынанДайындаған: Алтай Беріш
@altayberish