Newsroom.kz


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Официальный канал сайта www.newsroom.kz сайтының ресми каналы. Сұрақтар бойынша info@newsroom.kz

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


YEDILOV ONLINE dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Сотрудница колледжа в Актау
Алиса Арман узнала свою студентку Перизат Кайрат (ранее Касенгалиева), которую отчислили после кражи телефонов в общежитии
Видео с Instagram
@yyedilov


Еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тың ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады

2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинаған.

> 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды.
> Қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алған.

Осы бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.
Тергеу жалғасуда.

Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбандарына Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 10 мекен-жайы бойынша немесе +7 (7172) 70-84-78 телефон нөмірі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлассаңыз болады.

@newsroom


Құрметті оқырман! Бізде ең үздік облыс әкімін анықтау үшін әлеуметтік сауалнама жүріп жатқанын еске саламыз. Қапы қалмаңыз


Президент мемлекеттік қызметтегі сыйақы беруге қатысты пікірін білдірді

Президент мемлекеттік органдардың тиімділігі мен кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті еңбекақы мен сыйақы жүйесінің маңыздылығын баса айтты,- деп хабарлайды
newsroom.kz.

Білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту және кадр тұрақсыздығын азайту сыйақы мен жалақыны әділ жолмен көтермейінше мүмкін еместігін атап көрсетті. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығы мен кәсібилігін арттырудың негізгі факторы болып табылады.

Жақында мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салынатындығы туралы мәселе қызу талқыланды. Қаржы министрлігі оған тыйым салуға негіз жоқ екенін түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары. Олардың табысы айтарлықтай көп емес. Кей кездері түнімен жұмыста отырады. Мемлекеттік қызметшілердің де отбасы мен міндеті, қала берді қарапайым адам ретіндегі қалауы мен жоспары бар.Мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру үшін қатардағы қызметкерлердің еңбекақысы бәсекеге қабілетті болуы керек деп ойлаймын. Сыйақы аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Басқа жолмен мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тартып, кадр тұрақсыздығы проблемасын шешу қиын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

@newsroomkz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қарағанды-Балқаш тас жолында жол апатынан жеті адам қаза тапты

Бүгін таңғы сағат 10 шамасында Қарағанды-Балқаш тас жолында «Тойота Альфард» көлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, жол-көлік оқиғасы орын алды. Көлік аударылып, жол жиегіндегі сайға түсіп кеткен.

Апат салдарынан жүргізуші мен алты жолаушы, оның ішінде екі бала, оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы жолаушы қыз медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

@newsroomkz


Бұдан былай әуе компаниялар рейстердің кешігуіне, кейінге шегерілуіне және бағыттың өзгеруіне қатысты жауапқа тартылады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Өз міндетін дұрыс атқармаған компанияларға салынатын айыппұлдар көлемін екі есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Мәселен, бір рет ереже бұзылса 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, егер қайталанса 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, 2022 жылы отандық авикомпаниялар - 20 302 рет, 2023 жылы - 16 666 рет, 2024 жылы 17 827 рет рейстерді кешіктірген.

@newsroomkz


Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 15 қарашаға валюта бағамы:

USD/KZT – 493.85 (АҚШ доллары);

EUR/KZT – 519.04 (Еуро);

RUB / KZT – 4.97 (Ресей рублі);

CNY / KZT – 68.16 (Қытай юані)

TRY / KZT – 14.37 (Түрік лирасы);

KGS / KZT – 5.73 (Қырғыз сомы);

AED/KZT – 134.46 (БАӘ дирхамы);

GBP/KZT – 624.28 (Фунт стерлинг);


@newsroomkz
UAH / KZT – 11.98 (Украин гривнасы).


2024 жылдың 21-23 қарашасында Астанада Nobel Fest & Teachers’ Summit 2024 халықаралық форумы өтеді

Шараға әлемнің жетекші ғалымдары, технологиялар, жасанды интеллект, нейробиология және білім беру саласындағы сарапшылар мен педагогтар қатысады. Сонымен қатар, "Қазақстан мұғалімі" республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Жеңімпаздарға 20 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталады.

Форумда білім беру, технологиялар, адамзаттың болашағы және жасанды интеллекттің әсері талқыланады. Нейроғылым, генетика, болашақ медицинасы және тұлғалық даму мәселелері де қарастырылады.

Nobel Fest хедлайнерлері:

Гарри Боллс – жұмыс және карьераның болашағы бойынша әлемдегі №1 сарапшы, Сингулярлық университетінің профессоры.
Александр Колмановский – отбасылық және ата-ана-бала қатынастары бойынша белгілі психолог.
Константин Северинов – генетика саласындағы әлемге танымал ғалым.
Ариф Анис – бизнес және саясат көшбасшыларының жаһандық коучы, бестселлер авторы.
Teachers’ Summit хедлайнерлері:

Кейшиа Торп – 2021 жылғы "Жаһандық мұғалім" сыйлығының иегері.
Сестра Зеф – 2023 жылғы "Жаһандық мұғалім" сыйлығының иегері, гуманистік психология сарапшысы.
Ранжит Дисале – 2020 жылғы "Жаһандық мұғалім" сыйлығының иегері, білім беру инновацияларының авторы.
Анатолий Некрасов – психолог, "Аналық махаббат" кітабының авторы.
Форум аясында білім берудің болашағы, балаларды тәрбиелеу және менталдық денсаулық тақырыптарында воркшоптар өтеді. Психология бойынша арнайы қонақ – Михаил Лабковский, "Қалаймын және істеймін" кітабының авторы.

Үш күндік шара барысында қатысушылар заманауи ойшылдардың жетекшілігімен құнды тәжірибе мен білім алады.

@newsroomkz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Батыс Қазақстан облысында шетелдік университеттердің бірде-бір филиалы ашылмаған


Мамандардың айтуынша, бір жастағы бала кемінде 10-15 сөзді, екі жастағы бала 300-дей сөзді анық айтып, ал үш жастан асқасын еркін сөйлесе алатын жағдайда болуы қажет.

Толығырақ: https://newsroom.kz/86493/bala-tilini-kesh-shy-uyna-ne-sebep




ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 dan repost
📌 Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру жасындағы азаматтарға қатысты рейдтер жүргізу туралы түсіндірмесі

🔊 Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жастарды еріксіз ұстап алып, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіп жатқан бейнематериалдар таратылуда.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жылына екі рет (көктемгі және күзгі әскерге шақыру) жүзеге асырылатын әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібін түсіндіруге өкілетті.
Шақыру науқандары барысында кейбір азаматтардың әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақытылы келмеу фактілері байқалады.
Сонымен қатар әскерге шақыру жасындағы азаматтарды есепке алуда да қиындықтар туындайды. Өйткені олардың көпшілігі тіркелген жерінде тұрмайды. Ал қоныс аударған жағдайда жаңа тұрғылықты мекенжайына тіркелмейді.
🔺 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шақыру қағазын әскерге шақырылушының жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған кезде оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі.
Рейд кезінде кейбір азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатады. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы.
🔺 Шақыру комиссиясы жеткізілген адамдардың мәртебесін сол жерде  анықтайды. Мерзімді әскери қызметке шақыруға негіз болмаған жағдайда оларды үйіне жібереді. Ал шақыруға негіз болса, медициналық комиссиядан өтуге және шақыру шеңберіндегі басқа да іс-шараларды өткізуге жібереді.

📍Естеріңізге сала кетейік, мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Осының негізінде азаматтардан қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауды және жалған ақпаратты таратпауды сұраймыз.

@modgovkz / twit / insta / t.me / youtube /


Қазақстандағы дәрі-дәрмектің сапасы күмән тудырады

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты шаралар қабылданып жатыр.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жетекшілігімен өткен Үкімет отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жиында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Еркен Жақатаев, сондай-ақ бейнеконференция арқылы ірі отандық фармацевтика компанияларының өкілдері сөз сөйледі. Олардың қатарында «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» атқарушы директоры Светлана Киль мен «Химфарм» компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Айгүл Исенова болды.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда елімізде 19 931 дәрілік зат пен медициналық бұйым тіркелген, оның ішінде 6 891 дәрілік зат және 13 040 медициналық бұйым бар.

Жыл бойы жүргізілген 5 562 сараптама нәтижесінде 145 жағдайда (2,6%) бұзушылық анықталған. Ал сапаны бағалау бойынша 103 601 тексеріс өткізілгенде 1 586 жағдай (1,5%) сәйкессіздікке тап болған. Сәйкестік бағалауында жүргізілген 2 127 тексерістің 650-інде (30%) бұзушылықтар тіркелді.

Сонымен қатар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды инспекциялау мақсатында 89 тексеру жүргізілді. Дәрілерді таңбалау және қадағалау жүйесі енгізіліп, отандық өндірушілерге арналған 19 объект, дәріхана қоймалары үшін 276, дәріханаларға 3 168 және медициналық ұйымдарға 1 784 бақылау пункті құрылды.

@newsroom


Newsroom.kz порталы Қазақстанның ең үздік облыс әкімін анықтамақ. Сондықтан еліміздің әр тұрғынының дауысы маңызды. Сіздің ойыңызша қай облыстың немесе қаланың әкімі ең үздік? 2-БЛОК
So‘rovnoma
  •   Жетісу облысының әкімі - Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
  •   Батыс Қазақстан облысының әкімі - Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы
  •   Қарағанды облысының әкімі - Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы
  •   Қостанай облысының әкімі - Ақсақалов Құмар Іргебайұлы
  •   Қызылорда облысының әкімі - Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы
  •   Маңғыстау облысының әкімі - Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы
  •   Павлодар облысының әкімі - Байханов Асайын Қуандықұлы
  •   Солтүстік Қазақстан облысының әкімі - Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы
  •   Түркістан облысының әкімі - Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы
  •   Ұлытау облысының әкімі - Рыспеков Дастан Адайұлы
11 ta ovoz


Қызметкер амалсыздан қызметке кіру үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара берген, бұл соманы қамтамасыз ету үшін жұбайы банктен несие алған.

Толығырақ сілтемеде: https://newsroom.kz/86483/para-bergeni-shin-sottaldy

@newsroomkz


Newsroom.kz порталы Қазақстанның ең үздік облыс әкімін анықтамақ. Сондықтан еліміздің әр тұрғынының дауысы маңызды. Сіздің ойыңызша қай облыстың немесе қаланың әкімі ең үздік? 1-БЛОК
So‘rovnoma
  •   Астана қаласының әкімі - Қасымбек Жеңіс Махмудұлы
  •   Алматы қаласының әкімі - Досаев Ерболат Асқарбекұлы
  •   Шымкент қаласының әкімі - Сыздықбеков Ғабит Әбдімәжитұлы
  •   Ақмола облысының әкімі - Ахметжанов Марат Мұратұлы
  •   Абай облысының әкімі - Ұранхаев Нұрлан Телманұлы
  •   Ақтөбе облысының әкімі - Шахаров Асхат Берлешұлы
  •   Алматы облысының әкімі - Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы
  •   Атырау облысының әкімі - Шәпкенов Серік Жамбылұлы
  •   Шығыс Қазақстан облысының әкімі - Көшербаев Ермек Беделбайұлы
  •   Жамбыл облысының әкімі - Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы
13 ta ovoz


Астана. 12 қараша. Newsroom – Қазақстан Үкіметінің бүгінгі отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов есеп берді. Үкімет отырысындағы министрлердің барлық презентациялары мемлекеттік тілді емес, орыс тілінде болғанын ескерте кетейік.

Министрдің айтуынша, бірінші рет Ақмола облысында өрт сөндірушілерден, дәрігерлерден және құтқарушылардан тұратын әмбебап жоба пилоттық негізде іске қосылған. Бұдан бөлек биік ғимараттардағы өртті сөндіру үшін алғаш рет дрондарды сатып алынбақ. Олардың саны – 2.

Биыл республикалық, жергілікті бюджеттен және лизинг арқылы техникалар сатып алғанын айтты. Оның ішінде:

Арнайы автотехника саны – 728

Жалпы құрал жабдықтар саны – 18 041


Министр елімізде өрт сөндіру депосының жетіспейтінін, олардың саны 121 екенін де айтты. Министрдің есебіне сүйенсек, елімізде жалпы ТЖ кезіндегі жұмыстар алғаш рет орындалып жатқандай. Бұлай дейтініміз, эвакуация кезінде тікұшақты пайдаланып, құтқару-жаттығу жұмыстарын жүргізуді де бірінші рет қолданып көргелі отырмыз.

1 миллионнан астам тұрғын үйге жылыту маусымы кезінде профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Олардың ішінде 291 082 заң бұзушылық тіркелсе, 139 029-інің алдын алып үлгерген. Ал 31 404 үйге кіре алмаған, себебі тұрғында үйіне кіргізбеген.

@newsroomkz


Қазақстанда букмекерлік кеңеселерге қатысты жаңа заң күшіне енді
Заң талаптарын бұзған жағдайда жарнама беруші, жарнама өндіруші және жарнама таратушы жауапкершілікке тартылады.


«9 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына қатаң шектеулер енгізілді», – делінген хабарламада.

Жарнама келесі орындарда тыйым салынған:
ашық кеңістіктерде, ғимараттардың қасбеттерінде, көліктерде және сыртқы құрылымдарда, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың орналасқан орындарын қоспағанда;спорт ғимараттарының ішінде және спортшылардың киімдерінде.

Букмекерлік кеңселердің логотиптері мен тауар белгілерін басқа бизнес жарнамасында қолдануға болмайды;кинотеатрларда, анықтамалық басылымдарда және жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында, тек қана мамандандырылған спорттық арналарда рұқсат етіледі. Жалпы мазмұндағы телеарналарда, мысалы, «Хабар» және Qazaqstan, букмекерлердің жарнамасын тек халықаралық спорттық шаралардың тікелей эфирі кезінде көрсетуге рұқсат беріледі;көлік құралдарында.Жарнамаға спорттық БАҚ-та және спорттық шаралар кезінде рұқсат етілген.

Сонымен қатар, букмекерлердің логотиптері мен тауар белгілерін спорттық киімде, спорт жабдықтарында және спорттық турнирлердің атауларында қолдануға болады. Букмекерлердің тауар белгілері спорттық турнирлердің, объектілердің және жобалардың ресми атауларына қосыла алады, егер заң талаптары сақталса.

«Халықаралық спорттық шаралардың тікелей эфирі кезінде: Жалпы мазмұндағы телеарналарда букмекерлердің жарнамасына тек халықаралық спорттық жарыстардың тікелей көрсетілімі кезінде ғана рұқсат беріледі. Көрсетілім алдында және одан кейін жарнаманы көрсетуге тыйым салынады», – делінген хабарламада.

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнама туралы заң талаптарын орындамау әкімшілік айыппұлдарға әкеледі:
Алғашқы бұзушылық: жеке тұлғаларға – 60 АЕК, лауазымды тұлғаларға – 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен ҮЕҰ-ға – 120 АЕК, орта бизнес субъектілеріне – 170 АЕК, ірі бизнеске – 400 АЕК.Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық: жеке тұлғаларға – 170 АЕК, лауазымды тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен ҮЕҰ-ға – 250 АЕК, орта бизнес субъектілеріне – 350 АЕК, ірі бизнеске – 650 АЕК.

Заң талаптарын бұзған жағдайда жарнама беруші, жарнама өндіруші және жарнама таратушы жауапкершілікке тартылады.

@newsroomkz


“Қазхром” кәсіпорнында тағы бір жұмысшы мерт болды

Оқыс оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Компанияға қарасты Дөң тау-кен байыту комбинатында биіктен құлаған жұмысшы ауруханада жатып көз жұмғаны анықталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
«4 қараша күні «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы - Дөң тау-кен байыту комбинатында монтаждау жұмысын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның қызметкері биіктен құлап кетті. Компания оған кәсіби медициналық көмек көрсету үшін бар күшін салды. Оның өмірі үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы күресті. Өкінішке қарай, құтқару мүмкін болмады», – делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.


@newsroomkz


Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі Талибан билігі БҰҰ ұйымдастырған конференцияға қатысатынын растады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық агенттіктің делегациясы Баку қаласына жетіп үлгерген.

Осыған дейін Талибан билігі мұндай іс-шараларға қатыспаған. Әзербайжан астанасында өтетін COP29 климаттық саммиті Кабулды басып алғаннан бері Талибан өкілдерінің қатысуымен өтетін ең ірі халықаралық шаралардың бірі болмақ.

Айта кетелік, БҰҰ Талибан билігін әлі күнге дейін Ауғанстанның ресми үкіметі ретінде мойындамағандықтан, олар Бас ассамблеяға толыққанды мүше бола алмайды. Бұған тәліптердің әйелдерге қойған шектеулері, олардың білім алуына және қоғамдағы еркін қозғалысына тыйым салуы себеп болып отыр.

@newsroomkz

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.