Newsroom.kz


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Официальный канал сайта www.newsroom.kz сайтының ресми каналы. Сұрақтар бойынша info@newsroom.kz

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Aqorda 🇰🇿 dan repost
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Жумангарин Серик Макашевич назначен Заместителем Премьер-Министра – Министром национальной экономики Республики Казахстан

Он освобожден от ранее занимаемой должности.

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды

✍️ Указом Главы государства Байбазаров Нурлан Серикович освобожден от должности Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики Республики Казахстан


t.me/aqorda_resmi


🇰🇿🇬🇼«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

@NEWSROOM


Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы қаралуда

Парламентте Түркістан қаласына рухани және тарихи астана мәртебесін беру туралы заң жобасы қарастырылуда. Бұл шешім Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы ретінде мойындалуына және тарихи-мәдени мұраларды сақтауға негізделген.

Негізгі жаңалықтар:
Археологиялық ескерткіштер резерватын құру.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында құрылысқа шектеу қою:
Қорғау аймағынан 100 метр қашықтықта биіктігі 7 метрден асатын құрылыс салуға тыйым салынады.
Ұлттық қолөнер шеберлерінің шығындарын бюджет есебінен ішінара өтеу.
Әкімдікке жерді уақытша тегін пайдалану құқығын беру.
Қосымша құзыреттер:

Мәслихатқа:
Қаланың дизайн-кодын және архитектуралық келбетін бекіту.
Әкімдікке:
Тарихи мұраларды сақтау,
Құрылыс стандарттарын реттеу,
Туристік инфрақұрылымды дамыту.
Қосымша заңнамалық өзгерістер:
Заң жобасы Жер кодексіне, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау туралы» және «Туризм туралы» заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді.

Мақсаты: Түркістанды Қазақстанның рухани және тарихи орталығы ретінде дамыту және оның тарихи келбетін сақтау.

@newsroomkz


БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейдің неонацизмге қарсы қарарын қабылдады

14 желтоқсан, Нью-Йорк – БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресей ұсынған «Нацизмді, неонацизмді және нәсілшілдік пен ксенофобияны дәріптеуге қарсы күрес» қарарын қабылдады.

Нәтиже:

119 ел қолдады;
53 ел қарсы болды (Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Украина, Жапония);
10 ел қалыс қалды.
Құжатта: нацизмді дәріптеуді айыптау, тарихи шындықты қорғау және өшпенділік насихатына қарсы шаралар қабылдау қарастырылған.

Қосалқы авторлар: Беларусь пен Түрікменстан.

@newsroomkz

Ресей бұл қарарды 2005 жылдан бері жыл сайын ұсынып келеді.


21 адам қаза тауып, жүздегені жарақат алды: Франция президенті «Шидо» дауылынан кейін ұлттық аза тұту жариялауды жоспарлап отыр

BFMTV телеарнасының хабарлауынша, арал билігі дауыл салдарынан 21 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы 45 адам ауыр халде, ал 1373 адам орташа деңгейдегі жарақат алған.

Еске сала кетейік, 14 желтоқсанға қараған түні Францияның теңіз асындағы аумағына «Шидо» циклоны соғып, ауқымды қирауларға әкелді. Алдын ала болжам бойынша, тұтас елді мекендер жойылған. Желдің жылдамдығы 225 км/сағ дейін жеткен. Бұл — соңғы 90 жылдан бергі ең күшті дауыл.

Францияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Майоттада 100 мыңнан астам заңсыз мигрант тұрады.

@newsroomkz


XIX ғасырда «әлеуметтік аурулар» ұғымы пайда болып, сифилис әлеуметтік жағдайлардың нәтижесі ретінде талдана бастады. Алкоголизм, венерологиялық дерттер мен кедейлік – қоғамдағы әділетсіздік пен тұрмыс төмендігінен туындады деп есептелді. Кеңес Одағында бұл идея одан әрі дамып, әлеуметтік теңдікті орнату, әйелдерді еңбекпен қамту және жалпы өмір сүру деңгейін арттыру арқылы венерологиялық ауруларды да жоюға болады деген сенім қалыптасты.

https://newsroom.kz/87073/sifilis-mahabbat-indetini-tarihy


🇰🇿🇬🇼18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.

@newsroomkz


Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің дауысына қатысты алаяқтық жағдайы туралы хабарлады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, алаяқтар жасанды интеллект көмегімен оның дауысын қолдан жасап, хабарламалар таратып жатыр.

Құрметті достар!
Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті.
Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар.
Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! — деді министр

@newsroomkz


Aqorda 🇰🇿 dan repost
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Олжас Бектенов:

✔️экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады:
– биылғы қаңтар-қараша айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4 пайызды құраған;
– экономиканы әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы (13,4 пайыз), құрылыс (10,3 пайыз), сауда (8,2 пайыз), көлік (8,1 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (5,3 пайыз), соның ішінде металлургия (7,2 пайыз) және машина жасау (6,9 пайыз), химия өнеркәсібі (8,4 пайыз), сондай-ақ ақпарат және байланыс (5,3 пайыз) салаларында өсім байқалған;
– биыл экономиканың өсіміне мұнайдан тыс салалардың дамуы есебінен қол жеткізілген. Соған қарамастан мұнайды игерудің болжамды көрсеткішінің орындалмауы экономика дамуының жалпы қарқынына әсер еткен;
✔️отандық өндірушілерді қолдау және терең өңдеуді ынталандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі жөнінде мәлімет берді. Өңделген тауар экспорты 10,2 пайызға өсіп, 23,3 миллиард долларға жеткен. Тауар импортының көрсеткіші 3,3 пайызға кеміген. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,1 пайызға ұлғайған. Бұл орайда шикізаттық емес салаларда айтарлықтай өсім бар;
✔️іскерлік белсенділікті одан әрі арттыру және аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды күшейту жоспарын таныстырды.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларындағы оң динамиканы сақтау бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ инвестиция тарту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, импорт алмастыру және әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылау бойынша бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Талғарда ер адам пышақпен көшедегілерді қорқытты

Әлеуметтік желіде ер адамның пышақпен екінші адамды қуып, оған қоқан-лоқы көрсеткен видеосы тарады. Оқиға орнында болған әйел шабуылдаушыны тоқтатуға тырысты, оның танысы болуы мүмкін.

Полицияның мәліметінше, бұл туралы ресми арыз түспеген. Алайда Талғар аудандық полициясы бұл оқиғаны жедел түрде тіркеп, жанжалға қатысушыларды анықтады.

Тексеру нәтижесінде олар 37 жастағы және 31 жастағы аудан тұрғындары екені белгілі болды. Екеуі де полиция бөліміне жеткізіліп, заң аясында жауапкершілікке тарту үшін тексеру жүргізілді.

Белгілі болғандай, жанжалдың себебі тұрмыстық дау болған. Оқиғаға қатысқан әйел жанжалдасушылардың бірі — өзінің күйеуі, екіншісі — бауыры екенін айтып, оларды сабырға шақырған.

Қазіргі уақытта жағдай толық реттеліп, тараптардың бір-біріне қоятын шағымдары жоқ екені хабарланды.

@newsroomkz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Атырауда 40 млн теңгенің вейпі тәркіленді

Атырау қаласында полиция қызметкерлері заңсыз айналымда жүрген вейптерді тәркіледі. Оқиғаға байланысты 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол тыйым салынған құрылғыларды сақтап, сатумен айналысқан.

Тергеу барысында күдіктінің вейптерді курьерлер арқылы әртүрлі мекенжайларға жеткізіп отырғаны анықталды. Полиция қызметкерлері қаладағы дүкендердің біріне тінту жүргізу барысында арнайы қойма тапты. Қоймада шамамен 3 мың дана вейп сақталған. Тәркіленген тауардың жалпы құны 40 миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция бұл оқиғаға қатысты қосымша деректерді анықтауда. Заңсыз өнімнің қайдан жеткізілгені және кімдермен байланыста болғаны тергеу барысында белгілі болады.

@newsroomkz


16 жасар жасөспірім өз отбасы мүшелерін атып өлтірді
Күдікті қылмыс болған жерден қашпай, полицияға өзі хабарласып, мас күйінде жасағанын мойындаған. Қазір тергеушілер оның мұндай жантүршігерлік әрекетке не итермелегенін анықтау үстінде




Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇰🇿Қазақстан Республикасының ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы.

Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді.

Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!
Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!

t.me/aqorda_resmi


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Оралда құтқарушылар сиырларды шанамен тасып құтқарды...

Зачаганск шағын ауданында алты сиыр суатқа кеткеннен қайтып оралмаған.

Белгілі болғандай, малдар тасқыннан кейін қалған шағын Чаган өзенінің бір тармағына шығып кеткен. Жағалаудың суы таяз болғандықтан, мұз берік көрінген. Алайда, жануарлардың салмағынан мұз шытынап кеткен. Олардың аяқтары жан-жаққа тайып, өз бетінше жағаға шыға алмаған.

Құтқарушылар жеткенше сиырлар мұз үстінде жатып қалған. Оперативті-құтқару жасағының қызметкерлері тапқырлық танытып, шана жасап, тоңған малдарды жағаға сүйреп шығарды.


🚔 Жел қатты жел жүк көлігінің тіркемесін Абай облысындағы тасжолда аударып тастады

14 желтоқсан күні күндіз Алматы — Өскемен тасжолының 938 шақырымында қатты желдің екпіні Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесін аударып тастады.

Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қолайсыз ауа райы себеп болған.

*️⃣ Полиция жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады!

@newsroomkz


QR Madeniet zhane sport ministrligi dan repost
Запущен новый брендированный поезд из Астаны в Боровое

Из Астаны в первый рейс отправился новый туристический поезд, который соединяет столицу Казахстана с одним из самых популярных курортов — Боровым.

Особое внимание уделено дизайну поезда. Вагоны украшены яркими изображениями достопримечательностей Астаны и Борового, таких как Байтерек, монумент «Қазақ елі» и живописные пейзажи курортной зоны. Внутреннее оформление отражает атмосферу столицы и природную красоту Борового, создавая уютную и гармоничную обстановку для путешественников.

Кроме того, поезд предложит пассажирам эксклюзивную аудиоэкскурсию, в ходе которой они смогут узнать интересные факты об истории и культуре Астаны и Борового, что сделает поездку не только комфортной, но и познавательной.

«Запуск нового туристического поезда — важный шаг в развитии внутреннего туризма и создании новых возможностей для путешествий по Казахстану. Уверены, что этот проект станет любимым способом для жителей и гостей нашей страны добраться до одного из самых красивых курортов», — отметил Председатель Комитета индустрии туризма МТС РК Нуртас Карипбаев.


Поезд будет курсировать между станциями Нурлы Жол (Астана) и курортом Боровое без остановок. Время в пути составит 2 часа 26 минут.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Сот Перизат Қайраттың мүлкін тәркіледі

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сот Перизат Қайраттың ұрланған қаржыға алынған деп болжанған мүлкін тәркіледі:

🔹 Жылжымайтын мүлік: «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау», «Sensata Plaza» тұрғын үйлеріндегі пәтерлер және «Vela Village» коттеджі мен автотұрақ орындары.
🔹 Көліктер: Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600 және Haval.

Тінту барысында қымбат техникалар, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada сынды брендтердің зергерлік бұйымдары мен заттары табылды. Барлық тәркіленген мүлік заттай айғақ ретінде іске тіркелді.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.