Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Атырауда 40 млн теңгенің вейпі тәркіленді
Атырау қаласында полиция қызметкерлері заңсыз айналымда жүрген вейптерді тәркіледі. Оқиғаға байланысты 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол тыйым салынған құрылғыларды сақтап, сатумен айналысқан.
Тергеу барысында күдіктінің вейптерді курьерлер арқылы әртүрлі мекенжайларға жеткізіп отырғаны анықталды. Полиция қызметкерлері қаладағы дүкендердің біріне тінту жүргізу барысында арнайы қойма тапты. Қоймада шамамен 3 мың дана вейп сақталған. Тәркіленген тауардың жалпы құны 40 миллион теңгеден асады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция бұл оқиғаға қатысты қосымша деректерді анықтауда. Заңсыз өнімнің қайдан жеткізілгені және кімдермен байланыста болғаны тергеу барысында белгілі болады.
@newsroomkz