Поэзия өлеңдер Қазақша🇰🇿


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


Поэзия оқуға қызығушы жастарға арналған арнамызға қош келдіңіз.Арнамызда өлеңдер және оқу үшін фон музыкалар барлығы сіздер үшін🇰🇿
@uska_agay сұрақтар бойынша😊
Инстаграм арнамада тіркелші😊👇
@ozanchik03

T.me/poeziya_muzika

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Саған мына,
Қайтадан ғашық болып, сүйіп қалсам,
Сен десе болды өлердей күйіп жансам.
Сенен қалған тәп-тәтті естеліктің,
Тым болмаса бір бөлшегін қиып алсам.

Саған мына,
Қайтадан бағым деп айталсам ғой,
Сенің тәтті күлкіңді қайтарсам ғой.
Сені мен көргенімде желілерден,
Тарам-тарам шумақ боп, жайқалсам ғой.

Сені мына,
Қара торы өз үйімнен көрсем деймін,
Сенімен жақсы жаққа жол сермеймін.
Саған жазған өлеңдерді мәз боп оқып,
Бір жастықта қартайып, өлсем деймін.

Шіркін менің, сол мақсатым орындалса,
Көңіл ғажап болады, өмір қанша.
Мен сен жайлы жаратқанға айта берем,
Жаным менің бұл өмірден жоғалғанша.


Білесің бе не екенің сезімнің,
Сол жанды ойлап таң атқанда көз ілдің.
Ол басқамен бақытты боп жүргенде,
Сен оны ойлап іштей күйіп езілдін.

Білесің бе, не екенің сезімнің,
Жан досына айналасың төзімнің
Бастан өтсе түсінерсің төркінін,
Мағынасын түбі мына сөзімнің.

Махаббатың білесің бе, алауын,
Бола бермес әр кезде өз қалауын,
Жарыс болса жаралаудан жүректі,
Болар едім көтерген жеңіліс жалауын.

© Дәулетқызы Перизат




𝚃𝚊𝚗́ 𝚂𝚑𝚊𝚙𝚊𝚐𝚊𝚝𝚢☀️ dan repost
Дүниең бар болса қимастық,
Түкте емес қадірің-бағаңда!
Сезімнің бастауы-сыйластық,
Сыйластық кемде-кем ғаламда.

Сүйем деп алдайды өздерін,
Сезімі жалған боп шығады.
Жүрегін ойыншық қып өзгенің,
Мәңгілік бақытсыз қылады.

Ғашықтар сапта тұр дәлелде-
Аңызда, дастанда қаншама.
Адалдық жоғалған әлемде,
Махаббат табам деп шаршама!

©Шапағат Ерғалиқызы🖋

#өлең


Сен мені ойламадың,
Түнімен сен болдыңғой, ойлағаным.
Сезімің жоқтығы маған деген.
Жаныма мұң болдығой сыйлағаның

Ақындар ізін күшті қылып жазып беріңіздерші🥹


Қазақша әдеби кітаптар dan repost
Ал ақындар жалғастырамыз:

Сен мені ойламадың,
Түнімен сен болдыңғой ойлағаным.

Жас ақындардан жалғасын күтемін🥹❤️




Санамды кеп таяқтайды сан мұңды ой,
Сосын айтам:
— Жә, Хайыры! Тағдыр ғой!
Қуанышқа ортақтасар адам көп,
Жұбататын адам таппай қалдым ғой.

Күрсіністен өксігенде шер кеудем,
Бақ табатын ертеңіме сенгем мен.
Жанашырым болса ғой деп ойладым,
Жан көрмедім жалғыз өзі емделген.

Қай күрсініс ұрлап қойды күлкімді,
Жасым келіп жанарыма іркілді.
Көз көргеннің барлығымен күлісіп,
Өлетіндей болып жүрмін біртүрлі.

Санамды кеп таяқтайды сан мұңды ой,
Сосын айтам:
— Бәрі жақсы, тағдыр ғой.
Жылар едім құшағында бір жанның,
Тек жұбатар адам таппай қалдым ғой.


Бұлдыр-бұлдыр
өткен шағым — елес күн,
Пендемін ғой, мен мәңгілік емеспін.
Менің майшам ғұмырымда тұтанған,
Сенен басқа түсінбейді мені ешкім.

Жаным жылап,
іңгәлаған сәтімде,
Бағасыз боп хакімің кім, ақыл не?
Менің қысқа ғұмырымда қамшыдай,
Сүйген өзің, жіберместен дәтің де.

Менің қысқа ғұмырымның бағасы,
Жазылмаған жүрегімнің жарасы.
Батылыңның жеткенін де білемін,
Ақыныңның жетпей жатыр шамасы.
кешірші…

Жалт-жұлт етіп ажал атты үкімім,
Атқақтайды жүректегі лүпілім.
Мен сопылық қылмағанмын туғалы,
Бірақ, сені сүйемін ғой, Шүкірім.

Сағым-сағым,
сарғаятын сағым мұң,
Сопылықтан, соқпағымнан жаңылдым.
Бұл Алматы сағынады көктемін,
Мен де сені сағындым…

Сүйем деген сөзім қалған естегі,
Менің жаным өзің үшін не істеді?
Миғражда мұғжиза боп барар ем,
Бара алмаймын, кеш мені.

Мынау менің қай ғұмырым,
нешінші?
Сезімдерім не бақытты, не сыншы…
Сені мәңгі сүйер едім, амал жоқ,
Менің жасым мәңгі емес қой…
кешірші…


Ей, Ажал!
Сен мені аларда ескертші!
Мені алшы құмарым, құшырым қанғанда,
Ғаламнан жалғыз ұшыну қалғанда.
Мына лас әлемнің дағын кетіріп,
Тап-таза кәусармен ғұсылымды алғанда.

Мені алшы бойдағы асылы кеткенде,
Ал жаным жаһаннан тәсілім еткенде.
Мені алшы Каспийдің ернеуі суға,
Толғанда жамырап тасуы көктемде.


Ара-тұра өзімді “ұлы ақын” деп еркелетіп тұрамын. Бірақ, сол сөзді өзіме айтқан сайын еңсемді зіл басатын. Қандай ауыр атақ еді?…

Ақындар өлген кезде халықтың жаппай өлеңдерін оқып кететін әдеті бар емес пе? Содан болар, “ақынмын” деген әр бейбақтың өлімге асық болатыны.

Шанда-шанда жан-жағымнан:
— Сенің мына өлеңің ұнайды.
— Мына өлеңіңді жаттап алдым.
— Мықтысың ғой,— деген сөздерді естіп, қомпаңдап қалатыным бар.

Ертең мен өлгенде бір дәуір көшетіндей мұра қалады ма? Өлеңдерімді халық аузынан тастамайды ма? Алматының бір бұрышынан көше беріледі ме екен, тым құрығанда автобуста:
— Следующая остановка «Аскербаева 39» — деп хабарлап тұратын.

Мүмкін ауылыма мүсін тұрғызар, мектеп атын берер. Болмаса, бір бұрыштан кабинет бөлер.

Сонда біздің алар ақымыз осы ма?


Мен өлгенде…
Әрі кетсе ұзыншақ даңғыл қалар,
Бір ақыннан шимайлау тағдыр қалар.
Бәрі бітіп жалғаннан, содан кейін…
Содан кейін… сағынған жаңбыр қалар.

Жаңбыр қалар содан соң нөсерлеген,
Қалам қалар, өлеңге төселмеген.
Мақсатына жетеді сол бейшара,
Көк аспанға ертерек көшем деген.

Ай толады, содан соң жыл жылысып,
Бір гүл өсіп шығады, бір гүл үсіп.
Содан кейін ақынның өлеңдері,
Көкке қарай кетеді бұлбұл ұшып…

Біліп тұрып жүрегі жаншыларын,
Көкке төгіп кетеді тамшыларын.
Ақындарға жарасып қала берер,
Көрде жатып қарсы алу таң шуағын.


Жырыма тұрған жиып тың әнін,
Балдан да тәтті құйып бұлағын.
Кеудемнен қанша итергеніңмен,
Мен сені, жаным, сүйіп тұрамын.

Сезімнің шекер татып бал әнін,
Өзіңді ойлап жатып қаламын.
Сүймесең, мейлі, өкпелемедім,
Сүюден сені бақыт табамын.

Үніңнен сиқыр құлақ тұнады,
Түнімнен жұлдыз құрап тұрады.
Ренжітсең, мейлі, мені қаншама,
Ренжіткенің де ұнап тұрады.

Мысың да мені басып тұрады,
Көңілім тағы жасып тынады.
Үлбіреп тұрған қызыл ерінің,
Күлдіріп мені ғашық қылады.

Махаббат десе биік ғаламым,
Өзіңді ойлап ұйықтамадым.
Көзіңе қарап қалған кезімде,
Алғаш көргендей сүйіп қаламын.

Жетсем деп, сірә, үміт қыламын,
Жүректі қинап, бүлік қыламын.
Мұңайсаң егер қуанту үшін,
Жылап тұрсам да күліп тұрамын.

Осылай мені жылатады өлең,
Жанардан тамшы құлатады өлең.
Қинасаң дағы мені қаншама,
Неліктен сені ұната берем?

Сағынсам Күнге қарап қаламын,
Мен қанша жырды парақтамадым?
Жауапсыз болған махаббатыма,
Бір күні мен де жауап табамын…


Айналайық  махаббат символына

Дүниенің бәрінен қашып, тарыға,
Сұлулығың қанымды тасытқаны ма?
Ел-жұрттың бәрі қызыға қарар,
Айналайық махаббат ғашықтарына.

Күлгенде басып түнегімді арай,
Өзіңе мәңгілік күлемін қарай.
Сүйейін мәңгі өзіңді, жаным,
Төлеген сүйсе Жібегін қалай.

Айналып барар қазығым болсаң,
Өмірлік айтар саз-үнім болсаң.
Өзіңді ғана сүйіп, күтетін,
Ләйлісін күткен Мәжнүн болсам.

Танытқаны жоқ аяушылығын,
Содан ба, шықты қаяушыл үнім.
Қозысын сүйер өле-өлгенше,
Бола аласың ба Баян сұлуым?

Күндейтіндер көп айылын жимай,
Сезімге артық айыбын жинай.
Ақбөбектей бұлаққа айналып,
Жылап тұратын Қайыбын қимай.

Әлемде көп қой сыңарлар нағыз,
Сезіммен сүю "сұралған парыз".
Кешіккен көктем кедергі емес,
Кедергі емес жоғалған тамыз...


Көңілімнің түзеп тұрып тиегін,
Сені ойладым…
сені ойладым, киелім.
Мен өзіңді бәрінен де қызғанып
Сүйемін.

Махаббаттың еншілеген хақы мұң,
Бәрін үнсіз түсінемін ақырын.
Мен өзіңді сүйемін ғой білдіртпей,
Жақыным…

Ренжісең жаһан құшар тағы мұң,
Тағы мұңнан алып тұрмын тағылым.
Сені қинап сүйгеніме кешірші,
Жарығым!

Сезімімді жүрегіммен өлшедім,
Мен жабықтым сенің жаның көрсе мұң.
Сені қалай жүрегімнен бөлемін,
Бөлшегім?…

Маңдайыңның жұпар исін сағындым,
Қателестім, қапер кештім, жаңылдым.
Сенің қалай қадіріңді білмеймін,
Қадірлім?

Сен бақытты болған кезде биікпін,
Сенсіз қандай бақытты мен жиыппын?
Мен өзіңді сүйемін ғой әлі де,
Сүйіктім.


Әңгіме керек болса осы группаға тіркеліп қой😁❤️




кім онлайн?
Жазыңдарш әңгімелесейік😁

@ozanchikk




МЕН СЕНІ ТІЛЕДІМ ТӘҢІРДЕН!..
(Элегия)

Сеземін...
Сеземін бәрін мен.
Кеудемнен шыққанда ауыр дем,
Мұңлы күй кешкенде, көңілсіз кештерде,
Сезіммен,
Сеніммен,
Сабырмен,
Мен сені тіледім Тәңірден!

Арылмай мың ойдан,
Табылмай табысар бір айлам,
Жабыққан, зарыққан, мұңайған сәттерде,
Жарығым,
Мен сені сұрадым Құдайдан!

Басыма бағалы бақты ілген,
Жан едің пейілі пәк мүлдем.
Мейірлі махаббат әуенін,
Тыңдатып, тіл қатып тәтті үнмен,
Сен маған жолықтың,
Тек сонда жаныма жұбаныш таптым мен.

Жарығым,
Жанарың жәудіреп,
Қарайсың нұрланып, мөлдіреп.
Ізгілік, іңкәрлік аңқыған жүрекпен,
Егіліп, елжіреп,
Мен сені сүйемін соңғы рет!

Шаршатып, сабылтып,
Аңсатып, сағынтып,
Тағдырың жаныңды жылатар.
Тулаған, тасынған,
Алқынған, ашынған,
Ақынмын ақылсыз, күнәһар.
Ақадал жүрегің жаралы, қайтейін,
Менде де дәрмен жоқ жұбатар...

Сезіммен,
Сеніммен,
Сабырмен,
Мен сені тіледім Тәңірден!..

Мұқағали ТАШКЕНОВ



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.