Бір сәт назар аударып, ойланып көріңізші: қаржылық біліміңізді қалай бағалайсыз?
Ақшаны қалай басқара алатыныңызды білу үшін мына 10 сұраққа шынайы жауап беруге тырысып көріңіз. Әрбір «иә» деген жауапқа 1 балдан қосып қойcаңыз болады. Балыңыз көбейіп/азайған сайын қаржылық біліміңізді бағалайсыз.
1. Кіріс пен шығысты «қағазға түсіріп», айлық бюджетті есептеп жүргізесіз бе?
2. Күнделікті тіршілікке кетіп жатқан шығындардың орташа сомасын білесіз бе?
3. Айлық жалақының бір бөлігін (кемінде 10%) жұмсамай, жинауға әдеттене алдыңыз ба?
4. Бір жағдай бола қалса, ешкімнен қарыз алмай жұмсай алатын ақшалай (сақтық) қорыңыз бар ма?
5. Базалық ставка дегеннің не екенін білесіз бе?
6. Кредит пен депозитте проценттер қалай жұмыс істейтінінен хабарыңыз бар ма?
7. Кредиттік «ахуалыңыздан», тарихынан хабарыңыз бар ма?
8. Қарыз бен кредиттік міндеттемелерді азайтудың амалын жасайсыз ба?
9. Ай сайынғы кредиттік төлемдерді айлық табыстың 20-30%-дан асып кетпеуін қадағалайсыз ба?
10. Коммуналдық төлемдер мен кредитті уақытында төлеп жүрсіз бе?
Енді есептеп көріңіз. Балыңыз аз болса, «жоқ» деп белгілеп кеткен пунктер бойынша қаржылық біліміңізді көтеріп алған жақсы. Өйткені мұның бәрі күнделікті өмірге қажет тармақтар. Бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.
t.me/qarzhylyq_sauat