Qazaqstan.tv


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


🗣Канадада келесі премьер-министрдің есімі аталды

Канаданың басқарушы Либералдық партиясының жаңа лидерінің есімі белгілі болды. Ол – Англия банкінің бұрынғы басшысы Марк Карни. Оған сайлаушылардың 85,9 пайызы дауыс берген.

Карни отставкаға кететінін мәлімдеген қазіргі үкімет басшысы Джастин Трюдоны алмастырады. Яғни Канаданың кезекті премьер-министрі болады.

Жеңіске жеткеннен кейінгі сөйлеген сөзінде Марк Карни Трампты Канаданы басып алу ниеті үшін айыптады. Сонымен бірге «Америка Канада емес. Канада ешқашан Американың бір бөлігі болмайды» деп мәлімдеді.

📺@qazaqstantv


⚡️Жетісу облысында жер сілкінді

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 11 наурызда Астана уақытымен сағат 1:14-те жер сілкінісін тіркеді.

📍Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 298 шақырымда, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Жер дүмпуі Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында 2 балл болып сезілді.

📺@qazaqstantv


🔥Қарағандыда көпқабатты үйдің жеделсатысы өртенді

Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйдің лифтісі өртеніп, 20 тұрғын, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Қаптаманың жануы салдарынан бүкіл кіреберіске қою түтін тарады. Құтқарушылары өрттің таралуын тоқтатып, тез сөндірді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

📺@qazaqstantv


🌤11 наурызға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық ағындардың ықпалымен еліміздің солтүстігінде және шығысында қар жауады. Орталығында қар немесе жаңбыр жаууы ықтимал.

Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында антициклон әсерінен күн райы ашық болады.

Еліміз бойынша солтүстікте, оңтүстік шығыста тұман түседі, орталықта көктайғақ болады, солтүстік және оңтүстік шығыста боран соғып, жел күшеюі ықтимал.

🌥Астанада күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -2-4°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с -ге жетеді.

🌥Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +8+10°C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

⛅️Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +14+16°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

📺@qazaqstantv


🌧Алдағы 3 күнде солтүстік аймақтарда қолайсыз ауа райы сақталады

«Қазгидромет» 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Солтүстіктегі өңірлерде алдағы 3 күн бойы солтүстік-батыс циклонының әсерінен қар жауады, қатты жел соғып, көктайғақ болады.

Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінде керісінше күн ашық болады деп күтілуде. Еліміздің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстікте ауа температурасы түнде -17, шығыста -25 градусқа дейін түссе, батыс және оңтүстік өңірлерде түнде 4-5 градус жылы болады. Күндіз + 22 ге дейін көтерілуі мүмкін.

📺@qazaqstantv


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🎓70 жастағы әже студент атанды

Студент әжелердің білімге деген құштарлығы жастардың өзін таң қалдырып отыр. Ақтөбеде «Күміс университет» жобасы аясында 170 зейнеткер тоғыз бағыт бойынша білім алып жүр. Қариялардың өркениет жетістіктерінен қалғысы жоқ, сондықтан көбі «Ағылшын тілі» мен «Цифрлық сауаттылық» пәндерін таңдаған.

⚡️Дариға апа ұзақ жыл бойы білім беру саласында еңбек еткен. Одан бөлек қоғамдық жұмыстарда да өзін мақтаулы маман екенін дәлелдеген. Зейнеткерлікке 10 жыл бұрын шықты. Алайда биылдан бастап университетке келіп, «Цифрлық сауаттылық» бағыты бойынша білім алуда.

📺@qazaqstantv


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🔴Жасанды интеллектінің бақылаусыз дамуы АҚШ-та буллингті күшейтті

Әсіресе мектептерде жасанды зерденің көмегімен оқушылардың жалаңаш суретін жасап, әлеуметтік желі арқылы тарату фактісі көбейген. Сондықтан АҚШ Конгресі дипфейк жасайтындарды қылмыстық жауапкершілікке тартатын арнайы заң жобасын талқылап жатыр.

Енді мұндай қылмысқа барғандар жазасыз қалмайды. Тіпті түрмеге түсуі мүмкін. АҚШ сенаты арнайы заң жобасын бекітті. Бұдан былай жасөспірімдердің интимді бейнелерін ол шынайы не фейк болсын жаралағандар мен бөліскендер үш жылға дейін түрмеге қамалады. Ал заңсыз әрекет ересектерге қатысты болса, екі жылға дейін жаза қаралған.

📺@qazaqstantv


📍Солтүстік Қазақстан облысында өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары басталды

Тасқынның алдын алуға бағытталған бұл жұмыстарға 62 млн теңге бөлінді. Аталған сома өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп.

Әзірге 49 учаскеде мұз жару жоспарланған. Олар Петропавл қаласы мен Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Қызылжар, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарында орналасқан.

Мамандар болжамынша, Солтүстік Қазақстан облысында 116 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін.

📺@qazaqstantv


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Еуропалық Одақ Қазақстандағы құқықтық реформаларға оң баға берді

Бұл туралы олар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы адам құқықтары жөніндегі диалогтың Брюссельде өткен 16-отырысында мәлімдеді. Басқосуда тараптар адам құқығын қорғау, заңның үстемдік етуі, сот жүйесі, азаматтық қоғамды дамыту сынды өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қазақстандық делегация жетекшісі елдегі демократияны дамыту, адам құқығын қорғауға бағытталған реформалар жайлы баяндады. Еуропалық Одақ өкілдері Қазақстандағы қылмыстық істерді электрондық түрде тергеп-тексеру жүйесін жоғары бағалап отыр.

📺@qazaqstantv


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
❗️БҚО-да күн жылынып, қар күрт ериді

Батыс Қазақстан облысында күннің күрт жылынып, қардың қарқынды еруіне орай ескерту жарияланды. «ҚазГидроМет» мамандары ертеңнен бастап Орал қаласы мен 8 ауданда ауа температурасы түнде де жоғарылайды деп болжап отыр. Бұл қарғын судың ағыны күшейіп, өзендерде мұз қабатының жұқаруына және су деңгейінің көтерілуіне әкелуі мүмкін.

✍️Сондықтан қала мен ауыл-аймақта қар шығарып, еріген қар суын сорғызып жатыр. Шаһарда бұл іске 300-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Коммуналдық қызмет екі ауысымда тәулік бойы жұмыс істеуде.

⚡️Бүгіннен бастап қалалық штабтың байланыс желісі іске қосылды.

📺@qazaqstantv


⛈Елордада қолайсыз ауа райы: Боран салдарынан жолдар жабылды

⚡️Солтүстікте мұз жару жұмыстары басталды

⏺«Күміс университет» жобасы аясында 170 зейнеткер тоғыз бағыт бойынша білім алып жүр

❔Алдағы 5 жылда сұранысқа ие болатын кәсіп түрлері қандай?

«ЕуроОдақ-Қазақстан» отырысында адам құқықтары, заңның үстемдігі сөз болды

✍️Лондонда қазақстандық мамандар тәжірибе жинақтады

📺Толығырақ 20:00-де «Ақпаратта»

📺@qazaqstantv


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇨🇦🇰🇿Канадада Қазақстанның тау-кен саласындағы мүмкіндіктері таныстырылды

Канадада өткен пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі халықаралық көрмеде Қазақстанның тау-кен саласындағы мүмкіндіктері таныстырылды. Жиында қазақстандық делегация әлемнің әр бұрышынан келген инвесторлармен елімізге инвестиция тарту, геологиялық барлау жұмыстарын жетілдіру мен жаңа ынтымақтастық орнату жайын талқылады.

✍️Торонто қаласында өткен шара – тау-кен саласы бойынша әлемдегі ең беделді халықаралық көрме. Себебі 90 жылдан аса тұрақты өткізіліп келеді. Қазақстан тарапы да осы аса маңызды көрмеге төртінші жыл қатарынан қатысып жүр. Биыл да 135 елден жеткен 30 мыңға жуық адамға үш күн бойы еліміздің инвестициялық әлеуетін көрсетті.

📺@qazaqstantv


⌨️Наурызда ҰБТ тапсырғандардың 57%-ы шекті балды жинады

Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады. Оған 21 мыңға жуық адам қатысқан.

Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 57%-ға жуығы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 53 балл (бес пән бойынша);
✔️ең жоғары балл – 135 балл.

Ереже бұзған 22 адамның нәтижесі жойылды. Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 10 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 12 адам шығарылды.

Еске салсақ, наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.

📺@qazaqstantv


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🚨Металл сынықтарын заңсыз экспорттағандар анықталды

Ішкі істер министрлігі тыйым салынғанына қарамастан қара металды дайын өнім немесе шикізат ретінде көрсетіп, теңіз және темір жолы арқылы заңсыз экспорттауды ұйымдастырғандарды анықтады.

Мәселен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері «жоғары легирленген болат» деген атаумен көрші мемлекетке теміржол арқылы қара металды жөнелтуді ұйымдастырған ЖШС басшысының заңсыз әрекетін тоқтатты.

«Компания елден 1,5 мың тоннадан астам, жалпы құны 170 млн теңгеден асатын металл сынықтарын әкеткен. Металл базасының аумағында салмағы 1 мың тоннаға жуық қара металл сынықтары, оның ішінде шетелге жөнелтуге дайындалған 7 вагон табылды», - деді ІІМ департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


Осыған ұқсас жағдай Маңғыстау облысында тіркелді. Онда компаниялардың бірі Каспий маңы елдеріне теңіз арқылы қара металл жөнелтумен айналысқан. Былтыр бұл компания 400 тоннадан астам металды елден шығарып үлгерген. ЖШС аумағында салмағы 420 тоннадан асатын қара металдың сынықтары, оның ішінде көрші мемлекетке жөнелтуге дайындалған екі контейнер табылды.


📺@qazaqstantv


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


🔥Елордада үш қабатты ғимараттағы өрт сөндірілді

👩‍⚕️Атырауда кен орнындағы өрт кезінде жұмысшы зардап шекті

💦Қызылорда облысында Жосалыға кірген қарғын суды тұрғындар бұрып үлгерді

✈️Астанада боран салдарынан жолдар жабылды, 14 ұшақ жолдан қалды

Канадада Қазақстанның тау-кен саласындағы мүмкіндігін насихаттайтын көрме ашылды

📺Толығырақ 17:00-де «Ақпаратта»

📺@qazaqstantv


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
📌Еңбек адамы - ел мақтанышы

Әр адам еңбек адамы мен оның қызметіне құрмет көрсетуі керек. Себебі олар қоғамның бір қадам алға дамуы үшін аянбай еңбек етеді.

«Еңбек адамы» арнайы жобасы әр саланың еңбексүйгіш мамандарын дәріптейді, қызметін көпке үлгі қылады.

Жобада сан салада адал еңбек етіп жүрген жандардың бір күндік жұмысы көрсетіледі.

📺Арнайы жобаны «Qazaqstan» телеарнасынан 12 наурыздан бастап ⏰14:30-да көре аласыздар.

📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook


🚓Елордада 100-ге жуық жол апаты тіркелді

Астана қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, таңертеңнен бері қалада жүзге жуық жол апаты тіркелген.

Полиция ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге сақ болуды ескертті. Олар кенет маневр жасаудан аулақ болуды, алдыңғы көлікке дейінгі қашықтықты әдеттегіден 1,5-2 есе артық ұстауды ұсынды.

📺@qazaqstantv


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
⚡️«Шымбұлақта» қар көшкіні жүрді

ТЖМ-ның хабарлауынша, бүгін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында үш шаңғышы өз бетімен сырғанау аймағынан шығып, қарлы беткейді кесіп өткен. Салдарынан қар көшкіні жүріп, тау етегіне шамамен 3,5 мың текше метр қар сырғып түскен. Осыған байланысты екінші аспалы жол уақытша жабылды.

«Қазселденқорғау» мамандары бұған дейін сол тұсқа белгі мен қоршау қойған, алайда оның ешкім елемеген.

Көшкін түскен жерге ТЖД, Республикалық жедел-құтқару жасағы, «Қазселденқорғау» және «Шымбұлақ» әкімшілігі барды.

Қауіпсіздік ережесі бойынша жабдықталған шаңғы трассасының шекарасынан шығуға қатаң тыйым салынады. Қазір тәртіп бұзғандар іздестіріліп жатыр. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет таратылмады.

📺@qazaqstantv


❄️Елордада қатты боран соғып тұр: Әуе рейстері кейінге шегеріліп, қаладан шығатын жолдар жабылды

Астанада қалың қар жауып, қатты боран соғып тұр. Желдің екпіні 15-20 м/с жетті, кей уақыттарда одан да қатты соғуда.

🛬«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының мәлімдеуінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты жоспарланған 84 әуe рейсінің алтауы және 86 тұрақты ұшып келу рейсінің сегізі кейінге қалдырылды.

⛔️Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты елордада Щучинск, Павлодар-Шідерті, Қарағанды-Алматы, Нұра-Теміртау, Атбасар бағытындағы жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

🚌CTS компаниясының хабарлауынша, №310, 315, 316, 317, 327, 328, 329 қала маңы бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

🚂Сондай-ақ, басқа өңірлерден Астанаға келетіндер үшін пойыздарда қосымша орындар қарастырылды.

📺@qazaqstantv

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.