✔️Қазақстан Мажарстанға 700 млн тұратын 95 тауар түрін жеткізуге дайын
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
Екі ел делегациялары Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін талқылады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
– Екі елдің өзара тауар айналымы былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 9% артты. Алдағы меже – өзара алыс-берісті 1 млрд долларға дейін арттыру. Біз Мажарстанға жалпы құны 700 млн доллар болатын 95 тауар түрін жеткізуге дайынбыз. Энергетика, металлургия, мұнай-химия, машина жасау, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласының өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар. Мажар компаниялары Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қызығушылық танытып отыр. Елімізге 2005 жылдан бері 370 млн доллар мажар инвестициясы тартылды. Бүгін Мажарстандағы «UBM» холдингімен жем шығаратын үш зауыт салу туралы жобаға қол қойдық. Оның құны – 62 млн доллар. Сирек металдар, су және ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін толық пайдалануымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.
Екі ел делегациялары Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін талқылады.
Азиядан Еуропаға құрлықпен тасымалданатын жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. Алдағы уақытта бұл бағытпен 10 млн тонна жүк жеткізілетін болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.