Embassy of Kazakhstan to China


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Siyosat


🇰🇿🇨🇳Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің ресми каналы
🇰🇿🇨🇳Официальный канал Посольства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Siyosat
Statistika
Postlar filtri


🔷 Бейжің, 2024 жылғы 14 қараша – ҚХР Коммуникациялар және көлік министрлігінде (ККМ) Шаңхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Н.Аққошқаров ҚХР ККМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ван Синсинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ҚР мен ҚХР арасындағы көлік саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың келешегін, алдағы қарымта сапарларды, бірлескен іс-шараларды, сондай-ақ ШЫҰ аясында ҚХР төрағалығы кезіндегі екі елдің ынтымақтастығын талқылады.

Астанада өткен ШЫҰ саммитінің қорытындыларын Ван Синсин жоғары бағалай отырып, ол ҚР мен ҚХР арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықтың жоғары серпінін сақтау маңыздылығын атап өтті.

Н.Аққошқаров Қытайдың ШЫҰ-дағы төрағалығын назарға алып, 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында ШЫҰ мүше мемлекеттердің порттары мен логистикалық орталықтары басшыларының Қазақстанда өтетін бірінші кездесуіне қытай тарапының қатысуына үміт білдірді.

Қытай тарапы қазақстандық бастаманы қолдап, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің порттары мен логистикалық орталықтары басшыларының алғашқы кездесуін ұйымдастыру мақсатында ҚХР ККМ жағынан жауапты тұлғаны бекітті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық одан әрі өзара тиімді дамитынына үміт білдірді.
__

🔶 Пекин, 14 ноября 2024 года – в Министерстве коммуникаций и транспорта (МКТ) КНР состоялась встреча Постоянного представителя Республики Казахстан при Секретариате Шанхайской организации сотрудничества Н.Аккошкарова с Заместителем директора департамента международного сотрудничества МКТ КНР Ван Синсинем.

Во время встречи стороны обсудили перспективы двустороннего и многостороннего сотрудничества между РК и КНР в транспортной сфере, предстоящие взаимные визиты, проведение совместных мероприятий, а также другие аспекты сотрудничества между двумя странами в рамках председательства КНР в ШОС.

Ван Синсин, высоко отметив итоги Астанинского саммита ШОС, подчеркнул важность сохранения высокой динамики сотрудничества между РК и КНР в транспортной сфере.
Н.Аккошкаров, учитывая китайское председательство в ШОС, выразил надежду на участие китайской стороны в Первой встрече руководителей портов и логистических центров государств-членов ШОС в первой половине 2025 года в Казахстане.

Китайская сторона поддержала казахстанскую инициативу и определила контактное лицо от МКТ КНР с целью организации Первой встречи руководителей портов и логистических центров государств-членов ШОС.

По итогам встречи стороны выразили надежду на дальнейшее развитие взаимовыгодного двустороннего и многостороннего сотрудничества в транспортной сфере.


🔷 Қазақстанмен ынтымақтастық ҚХР Коммуникациялар және көлік министрлігінде талқыланды
_

🔶 В Министерстве коммуникаций и транспорта КНР обсудили сотрудничество с Казахстаном


UKIMET dan repost
📍 Премьер Госссовета КНР Ли Цян и главы делегаций стран-участниц международной выставки ознакомились с продукцией, представленной в Национальном павильоне Казахстана «Новая эра, общее будущее», сфокусированном на теме цифровизации. Достижения страны, в том числе по развитию электронных и финансовых услуг, трансграничной торговли, привлечению инвестиций презентовали министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев, представители АО «Национальные информационные технологии», Kazakh Invest, МФЦА, QazTrade, Kaspi Bank. Кроме того, продемонстрированы стартапы казахстанских разработчиков, такие как: Squares – сервис, позволяющий быстро найти и забронировать локацию в любой точке мира; Alaqan AI – новое решение в сфере биометрической идентификации личности по рисунку вен ладони; Cerebra AI – разработка диагностической программы на основе искусственного интеллекта для выявления инсульта и др.

• В коммерческом павильоне Казахстана новшеством в этом году стали онлайн продажи отечественной продукции. На площади 260 м2 организована выставка товаров порядка 50 казахстанских производителейэто мясная, молочная, масложировая, зерновая продукции, кондитерские изделия, соки и напитки, мед, текстиль и многое другое. Запущен стриминг через платформу TikTok, что позволяет не только посетителям стенда, но и зрителям по всему миру ознакомиться с ассортиментом товаров и приобрести их в режиме реального времени. Только за первые часы выставки в режиме онлайн казахстанских товаров продано на сумму порядка $22 тыс. Также павильон в т.г. увеличен в 2 раза, более 80% участников выставки – представители МСБ. Ежегодно международную выставку посещают более 300 тыс. китайских профессиональных закупщиков, что создает условия для наращивания экспорта в КНР.

📱 https://t.me/KZgovernment


UKIMET dan repost
Олжас Бектенов принял участие в открытии VII Китайской международной импортной выставки в Шанхае

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в церемонии открытия VII Китайской международной импортной выставки – China International Import Expo в г. Шанхай. Цель ежегодного многоотраслевого мероприятия – укрепление экономической интеграции на международном уровне. Участие в выставке создает новые возможности для расширения торгово-экономических связей с зарубежными партнерами и вывода национальной продукции на международные рынки.

🔹 В торжественной церемонии открытия международной выставки также приняли участие Премьер Государственного совета Китайской Народной Республики Ли Цян, премьер-министры Малайзии Анвар Ибрагим, Узбекистана – Абдулла Арипов, Монголии – Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ, Сербии – Милош Вучевич.

• По итогам прошлого года на Казахстан пришлось более половины товарооборота Китая со странами Центральной Азии.

➤ Премьер-министр Олжас Бектенов в своем выступлении отметил важность усиления взаимодействия государств в области развития безбарьерной торговли, электронной коммерции, транспорта и логистики, внедрения передовых технологий ИИ.

✔ Перспективным является укрепление сотрудничества в создании пилотной зоны «Электронная коммерция Шелкового пути». Казахстанские павильоны уже успешно функционируют на крупнейших торговых платформах Alibaba и JD. com, ведется работа по открытию павильона на площадке Douyin, строительству в РК бондовых складов и комплексной складской инфраструктуры для упрощения логистики через цифровые торговые каналы. Казахстан охватывает более 80% наземных перевозок из Китая в Европу. Реализуются такие крупные инфраструктурные проекты, как международный транзитный автокоридор «Западная Европа – Западный Китай», логистический центр в порту Ляньюньган, грузовой терминал в сухом порту Сиань, третий железнодорожный пункт пропуска на границе с Китаем и др., направленные на усовершенствование системы трансконтинентальных экономических коридоров, наращивание товарооборота и повышение благосостояния населения стран.

➤ В области цифровизации РК занимает 24-ю позицию по индексу развития электронного правительства, 10-е место по онлайн услугам, а также 6-е место в индексе зрелости государственных технологий согласно рейтингу Всемирного банка. Обмен опытом по вопросам применения искусственного интеллекта может стать движущей силой экономического прогресса, подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 https://t.me/KZgovernment


UKIMET dan repost
📍 ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян және халықаралық көрмеге қатысушы елдер делегацияларының басшылары цифрландыру тақырыбына бағытталған Қазақстанның «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» ұлттық павильонында ұсынылған өнімдермен танысты. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Kazakh Invest, АХҚО, QazTrade, Kaspi Bank өкілдері еліміздегі табысты жобаларды, оның ішінде электрондық және қаржылық қызметтерді, трансшекаралық сауданы дамыту, инвестициялар тарту бойынша жетістіктерін таныстырды. Сонымен қатар қазақстандық әзірлеушілердің стартаптары көрсетілді, мысалы: Squares – әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан жерді жылдам табуға және брондауға мүмкіндік беретін сервис; Alaqan AI – алақан тамырларының суреті бойынша жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру саласындағы жаңа шешім; Cerebra AI – инсультті анықтау үшін жасанды интеллект негізінде диагностикалық бағдарламаны әзірлеу және басқалары бар.

• Қазақстанның коммерциялық павильонында биылғы жаңалық отандық өнімді онлайн сату болды. 260 м2 алаңда қазақстандық өндірушілердің 50-ге жуық тауарының олар ет, сүт, май, астық өнімдері, кондитерлік өнімдер, шырындар мен сусындар, бал, тоқыма және басқа да өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. TikTok платформасы арқылы стриминг іске қосылды, бұл стендке келушілерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі көрермендерге өнімдердің ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақыт режимінде сатып алуға мүмкіндік береді. Көрменің алғашқы сағаттарында ғана онлайн режимінде $22 мыңға жуық сомаға қазақстандық тауар сатылды. Сондай-ақ павильон биыл 2 есеге ұлғайтылды, көрмеге қатысушылардың 80%-дан астамы – ШОБ өкілдері. Жыл сайын халықаралық көрмеге 300 мыңнан астам қытайлық кәсіби сатып алушылар қатысады, бұл ҚХР-ға экспортты ұлғайтуға жағдай жасайды.

📱 https://t.me/KZgovernment


UKIMET dan repost
Олжас Бектенов Шанхайда өткен VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов Шанхай қаласында өткен China International Import Expo – VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Жыл сайынғы көпсалалы іс-шараның мақсаты – халықаралық деңгейде экономикалық интеграцияны нығайту. Көрмеге қатысу шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және ұлттық өнімді халықаралық нарыққа шығаруға жаңа мүмкіндіктер туғызады.

🔹 Халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңсесі Премьері Ли Цян, Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагим, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ, Сербия Премьер-министрі Милош Вучевич қатысты.

• Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың Орталық Азия елдерімен тауар айналымының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі болып отыр.

➤ Премьер-министр Олжас Бектенов өз сөзінде мемлекеттер арасындағы кедергісіз сауда-саттық, электронды коммерция, көлік пен логистиканы дамыту, озық ЖИ технологияларын енгізуде өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Жібек жолы электронды коммерциясы» пилоттық аймағын құрудағы ынтымақтастықты нығайту перспективалы болып саналады. Қазақстандық павильондар Alibaba және JD. com ірі сауда платформаларында табысты жұмыс істеп тұр, Douyin алаңында павильон ашу, Қазақстанда цифрлық сауда арналары арқылы логистиканы жеңілдету үшін бонд қоймалары мен кешенді қойма инфрақұрылымын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Қытайдан Еуропаға жер үсті тасымалының 80%-дан астамын қамтиды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автодәлізі, Ляньюньган портындағы логистикалық орталық, Сиань құрғақ портындағы жүк терминалы, Қытаймен шекарадағы үшінші теміржол өткізу пункті және басқа да ірі инфрақұрылымдық жобалар трансқұрлықтық экономикалық дәліздер жүйесін жетілдіруге, тауар айналымын ұлғайтуға және екі ел халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

➤ Қазақстан цифрландыру саласында электрондық үкіметтің даму индексі бойынша 24-ші орынды, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орынды, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің рейтингіне сәйкес мемлекеттік технологиялардың жетілу индексінде 6-шы орынды алады. Жасанды интеллектіні қолдану мәселелері бойынша тәжірибе алмасу экономикалық прогрестің қозғаушы күші бола алады, деп атап өтті Олжас Бектенов.

📱 https://t.me/KZgovernment


UKIMET dan repost
✔ Важной составляющей в казахстанско-китайских отношениях является сотрудничество в области сельского хозяйства. По итогам 9 месяцев т.г. взаимная торговля в сфере АПК увеличилась на 5,8%, что свидетельствует о спросе на казахстанскую органическую и экологически чистую сельскохозяйственную продукцию со стороны граждан Китая. В этой связи обсуждена возможность не только расширения экспорта казахстанского зерна, растениеводческой и животноводческой продукции, но также и аккредитации для поставок на китайский рынок новых казахстанских предприятий по производству пшеничной и ячменной кормовой муки, пшеничных отрубей, пшеницы, масличных культур и др. Также отмечена важность увеличения приема грузов, перевозимых всеми видами железнодорожных вагонов.

• Премьер-министр Казахстана и Премьер Госсовета КНР обсудили вопросы укрепления сотрудничества в транспортно-логистической сфере. Свыше 80% наземных перевозок из Китая в Европу на сегодня осуществляются через Казахстан. В этом контексте Казахстан заинтересован в углублении взаимодействия в рамках реализации инициативы «Один пояс, один путь». Олжас Бектенов отметил, что имеющий глобальное значение проект совместно с Транскаспийским международным транспортным маршрутом, пролегающим через территорию Казахстана, способны раскрыть потенциал коридоров «Север-Юг» и «Восток-Запад». За 9 месяцев т.г. объем перевозок по Среднему коридору превысил показатели всего прошлого года на 23% и составил 3,4 млн тонн. К 2030 году планируется увеличить объем грузоперевозок до 10 млн тонн в год.

✔ В области контейнерных перевозок в результате открытия казахстанского логистического центра в Сиане транзитные перевозки по маршруту «Китай – Европа – Китай» увеличились в 24 раза и достигли 24 тыс. ДФЭ. В октябре текущего года в кооперации с компанией «Порт Ляньюнган» начато строительство контейнерного хаба в порту Актау. Проект позволит увеличить мощности порта Актау по перевалке контейнеров до 300 тыс. ДФЭ в год. Также обсуждены вопросы ускорения таможенных процессов на фоне увеличения на 60% объема перевозок грузов автомобильным транспортом. В настоящее время ведется работа по открытию новых пунктов пропуска в Алматинской и Восточно-Казахстанской областях.

🔻 В свою очередь Премьер Госсовета КНР Ли Цян отметил, что Китай намерен и дальше следовать курсу, взятому лидерами стран по углублению казахско-китайского стратегического партнерства.
«Китай и Казахстан являются давними дружественными соседями, нас связывает общая граница протяженностью свыше 1700 километров. За 30 лет с момента установления дипломатических отношений между нами странами построено взаимовыгодное сотрудничество на основе добрососедства, дружбы, уважения и равенства. Под стратегическим руководством глав двух государств в последние годы наши отношения обрели новое дыхание, достигнув высокого уровня стабильного и всестороннего стратегического партнерства», — отметил Ли Цян.


➤ Стороны подтвердили намерения обеспечить поступательное развитие инвестиционного и торгово-экономического сотрудничества двух государств.

✍ По итогам переговоров был подписан ряд документов.

📱 https://t.me/KZgovernment


UKIMET dan repost
Олжас Бектенов и Премьер Госсовета КНР Ли Цян обсудили вопросы развития торгово-экономического сотрудничества

📍 Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов обсудил с Премьером Государственного совета Китайской Народной Республики Ли Цяном вопросы развития торгово-экономических отношений в рамках задач, поставленных на уровне глав двух государств. Обсуждены меры по укреплению сотрудничества в сферах торговли, инвестиций, транспорта и логистики, сельского хозяйства, энергетики, туризма, а также расширению культурно-гуманитарных связей.

🔹 Стороны положительно оценили динамику развития сотрудничества между Казахстаном и КНР по самому широкому спектру вопросов. За январь-сентябрь т.г. объем двусторонней торговли составил $33 млрд.
«Президент Касым-Жомарт Токаев уделяет особое внимание развитию сотрудничества с Китаем, нашим крупнейшим торговым партнером. Государственный визит Председателя КНР Си Цзиньпина в Казахстан придал дополнительный импульс казахстанско-китайскому сотрудничеству в очередную эпоху «золотого 30-летия». В соответствии с поставленной на высшем уровне задачей, мы намерены в ближайшем будущем наращивать взаимный товарооборот. Правительство Казахстана готово развивать полноформатное и взаимовыгодное сотрудничество с Китаем по всему спектру взаимодействия», — отметил Олжас Бектенов.


📌 Руководитель Правительства подчеркнул, что Казахстан готов наращивать масштабы и оптимизировать структуру торговли, в том числе и за счет продукции с добавленной стоимостью. Речь идет о 180 товарных позициях на сумму $1,6 млрд. Есть возможность увеличения поставок изделий металлургической, нефтехимической, пищевой, машиностроительной и строительной отраслей.

📱 https://t.me/KZgovernment




UKIMET dan repost
✔ Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының маңызды құрамдас бөлігі – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша АӨК саласындағы өзара сауда айналымы 5,8%-ға артты, бұл қытай азаматтары тарапынан қазақстандық органикалық және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысын көрсетеді. Осыған байланысты қазақстандық астық, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері экспортын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар жемдік бидай және арпа ұны, бидай кебегі, бидай, майлы дақыл және басқа да дақылдар өндіретін жаңа қазақстандық кәсіпорындарды қытай нарығына шығару үшін аккредиттеу мүмкіндігі талқыланды. Сондай-ақ теміржол вагондарының барлық түрімен тасымалданатын жүктерді қабылдау көлемін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

• Қазақстан Премьер-министрі мен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда Қытайдан Еуропаға жерүсті тасымалының 80%-дан астамы Қазақстан арқылы жүзеге асырылады. Осы тұрғыда Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру шеңберінде өзара іс-қимылды тереңдетуге мүдделі. Олжас Бектенов жаһандық маңызы бар жоба Қазақстан аумағы арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытыменн бірлесіп, «Солтүстік – Оңтүстік» және «Шығыс – Батыс» дәліздерінің әлеуетін ашуға қабілетті екенін атап өтті. Биылғы 9 ай ішінде орташа дәліз бойынша тасымалдау көлемі өткен жылдың көрсеткіштерінен 23%-ға асып, 3,4 млн тоннаны құрады. 2030 жылға қарай жүк тасымалдау көлемін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

✔ Контейнер тасымалы саласында Сианда қазақстандық логистика орталығының ашылуы нәтижесінде «Қытай – Еуропа – Қытай» бағыты бойынша транзиттік жүк тасымалы 24 есеге өсіп, 24 мың ЖФБ-ге жетті. Биылғы қазан айында «Ляньюнган порты» компаниясымен кооперацияда Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысы басталды. Жоба Ақтау портының контейнерлерді ауыстырып тиеу қуатын жылына 300 мың ЖФБ-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемін 60%-ға ұлғайту аясында кедендік процестерді жеделдету мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысында жаңа өткізу пункттерін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

🔻 Өз кезегінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян Қытайдың қазақ-қытай стратегиялық әріптестігін тереңдету бойынша екі елдің көшбасшылары ұстанған бағытты одан әрі жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

«Қытай мен Қазақстан – ежелден тату көрші, бізді 1700 шақырымнан асатын ортақ шекара байланыстырып жатыр. Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жыл ішінде біздің тату көршілік, достық, құрмет пен теңдік рухында өзара тиімді ынтымақтастық құрылды. Екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен соңғы жылдары біздің қарым-қатынасымыздың жаңаша тынысы ашылып, тұрақты әрі жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне жетті», — деп атап өтті Ли Цян.


➤ Тараптар екі мемлекет арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үдемелі дамуын қамтамасыз ету ниетін қуаттады.

✍ Келіссөздер нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды.

📱 https://t.me/KZgovernment


UKIMET dan repost
Олжас Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

📍 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен екі мемлекет басшылары деңгейінде қойылған міндеттер аясында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады. Сауда-саттық, инвестиция, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту шаралары талқыланды.

🔹 Тараптар Қазақстан мен ҚХР арасындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың даму қарқынына оң баға берді. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында екіжақты сауда көлемі $33 млрд-ты құрады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біздің ірі сауда әріптесіміз Қытаймен ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөледі. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары "алтын 30 жылдықтың" кезекті кезеңіне Қазақстан-Қытай ынтымақтастығына қосымша серпін берді. Жоғары деңгейде қойылған міндетке сәйкес, біз жақын арада өзара тауар айналымын арттыруға ниеттіміз. Қазақстан Үкіметі өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қытаймен толық форматты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📌 Үкімет басшысы Қазақстан сауда айналымы ауқымын арттыруға және құрылымын, оның ішінде қосылған құны бар өнім есебінен оңтайландыруға дайын екенін атап өтті. Мәселе құны $1,6 млрд-ты құрайтын 180 өнім түрі туралы болып отыр. Негізінен, металлургия, мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс салаларының бұйымдарын жеткізу көлемін арттыруға мүмкіндік бар.

📱 https://t.me/KZgovernment





13 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.