Embassy of Kazakhstan to China


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Siyosat


🇰🇿🇨🇳Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің ресми каналы
🇰🇿🇨🇳Официальный канал Посольства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Siyosat
Statistika
Postlar filtri


🔷 Казахское традиционное искусство презентовано в Китае

Дэчжоу, Ланфан, 20-22 июня 2024 года – в рамках «Года туризма Казахстана в Китае» Посольством РК в КНР при содействии Министерства культуры и информации РК в городах Дэчжоу (пров.Шаньдун) и Ланфан (пров.Хэбэй) состоялись концерты Государственной концертной организации «Қазақконцерт» имени Розы Баглановой.

На церемонии открытия концерта в г.Дэчжоу выступили советник-посланник Посольства Казахстана в Китае А.Шалкарбаев и Заместитель руководителя Управления иностранных пров.Шаньдун КНР Сунь Ебао.

Казахстанский дипломат проинформировал зрителей о проводимой работе в рамках сотрудничества между Казахстаном и Китаем, об основных достижениях двустороннего взаимодействия. Акцентировал внимание, что текущий год проходит под эгидой «Года туризма Казахстана в Китае», а также пригласил присутствующих посетить достопримечательности Казахстана.

Сунь Ебао в своем выступлении подчеркнул, что Казахстан является близким другом и надежным партнером Китая. Он также отметил растущую динамику культурного взаимодействия между двумя странами, которая придаст дополнительный импульс развитию вечного всестороннего стратегического партнерства между двумя странами.

В программу концерта вошли выступления Казахского государственного фольклорного ансамбля «Астаны сазы», танцевального ансамбля «Гульдер», традиционных исполнителей Елмура Жанабергена, Ерболата Шалдыбекова, Ардак Балажановой, оперных певцов Салтанат Ахметовой, Медета Чотабаева, а также популярного певца Адильхана Макина.

Мероприятия состоялись при полном аншлаге, общее количество гостей составило более 2000 человек.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/798317?lang=ru


Дэчжоу, Ланфан, 2024 жылғы 20-22 маусым – «Қытайдағы Қазақстанның туризм жылы» аясында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Дэчжоу  (Шаньдун өлк.) және Ланфан (Хэбэй өлк.) қалаларында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының гастролін ұйымдастырды.

Дэчжоу қаласында өткен концерттің ашылу салтанатында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі А.Шалқарбаев және Шаньдун өлк. Сыртқы істер басқармасы басшысының орынбасары Сунь Ебао сөз сөйледі.

Қазақстандық дипломат көрермендерді Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың негізгі жетістіктері туралы хабардар етті. Биылғы жыл «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» аясында өтіп жатқанына назар аударып, қатысушыларды Қазақстанның көрікті жерлеріне баруға шақырды.

Сунь Ебао өз сөзінде Қазақстан Қытайдың жақын досы және сенімді серіктесі екенін атап өтті. Ол екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан серпінін атап, бұл екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қосымша серпін беретіндігіне сенім білдірді.

Концерт бағдарламасына «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Гүлдер» би ансамблі, дәстүрлі орындаушылар Елмұр Жаңаберген, Ерболат Шалдыбеков, Ардақ Балажанова, опера әншілері Салтанат Ахметова, Медет Чотабаев, сондай-ақ танымал әнші Әділхан Макиннің қойылымдары кірді.

Іс-шаралар толық залмен өтіп, қонақтардың жалпы саны 2000-нан астам көрерменді құрады.


🔶 Қытайда қазақтың дәстүрлі өнері таныстырылды


Бейжің, 2024 жылғы 21 маусым – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің басшысы Фу Хуамен кездесіп, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе, жаңалықтар және контентпен алмасу келешектерін талқылады.

Ш.Нұрышев «Синьхуа» агенттігі 1992 ж. Алматы қаласында және 2013 ж. Астана қаласында өз өкілдігін алғаш ашқан Қазақстанның бұрыннан келе жатқан серіктесі екенін атап өтті. «Синьхуа» қазақстандық ақпараттық агенттіктермен жемісті өзара іс-қимылды жалғастыратынына сенім білдірді.

Агенттіктің мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің екіжақты қарым-қатынастарының жоғары деңгейін ақпараттық сүйемелдеудегі маңызды рөлін атап өтті.

Әңгімелесу барысында Фу Хуа ағымдағы жылы Алматы қаласында Орталық Азия бойынша «Синьхуа» Өңірлік кеңсесін ашу жоспары туралы хабарлады. Сондай-ақ, ШЫҰ-ның алдағы Саммитіне белсенді дайындық туралы хабардар етті. Агенттік осы іс-шараны «Синьхуа» платформаларында егжей-тегжейлі жариялау үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, тараптар «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» шеңберінде өтіп жатқан және алдағы екіжақты іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу саласындағы жұмысты жалғастыруға келісті.

«Синьхуа» ақпараттық агенттігі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік ақпараттық агенттігі болып табылады.
Агенттіктің 200-ден астам өкілдігі бар, оның ішінде бүкіл әлем бойынша 183 халықаралық кеңселері бар, Агенттіктің бас кеңсесінің штаты 10 мың қызметкерлерді құрайды.


🔷 Қазақстанның Қытайдағы Елшісі «Синьхуа» агенттігінің басшысымен кездесті


MFA Qazaqstan 🇰🇿 dan repost
​​🔹 Қытай компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

🔸 Китайская компания заинтересована в расширении сотрудничества с Казахстаном

@PressMFAKZ


🔶 Казахстан и Китай углубляют сотрудничество в сфере  нефтехимии

Пекин, 19 июня 2024 г. Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Китайской Народной Республике Шахрат Нурышев встретился с генеральным директором компании «Sinopec Engineering Group» Чжан Синьминем.

В ходе встречи были обсуждены текущее состояние казахстанско-китайского сотрудничества в нефтехимической отрасли, вопросы добычи и переработки нефти и газа, а также ход реализации китайской компанией действующих и перспективных проектов на территории РК.

Наряду с указанным, стороны обменялись мнениями о перспективах сотрудничества по строительству на территории РК новых объектов в сфере переработки сырья.

«Sinopec Engineering Group» - инжиниринговое подразделение «Sinopec Group», одна из ведущих международных компаний в области проектирования и строительства объектов нефтепереработки и нефтехимии. С 2005 года по настоящее время компанией реализовано более 30 тысяч проектов в Китае и более 200 проектов за рубежом. В Казахстане компания в 2011-2017 гг. в составе консорциума построила комплекс глубокой переработки нефти на Атырауском нефтеперерабатывающем заводе, за что получила в Китае престижную премию «Лу Бань» в категории «строительство высокотехнологичного предприятия за рубежом».

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/797153?lang=ru


Бейжің, 2024 ж. 19 маусым – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев «Sinopec Engineering Group» Бас директоры Чжан Синьминмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҚР-ҚХР арасындағы мұнай-газ өндіру және өңдеу, мұнайхимия салаларындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы, сондай-ақ қытай тарапының Қазақстан аумағындағы асырылып және жоспарланып отырған жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстандағы шикізатті өңдеу саласындағы жаңа жобаларды игеруге қатысты ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасты. 

«Sinopec Engineering Group» - «Sinopec Group» компаниясының инжиниринг бөлімшесі, мұнайды өңдеу және мұнайхимия нысындарын жобалау және құрылыс саласындағы халықаралық жетекші компаниялардың бірі. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қытайда 30 мыңнан астам жоба және шетелде 200 ден астам жобаны іске асырған. 2011-2017 жж. Қазақстанда Атырау мұнай өңдеу зауытының мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысына консорциум құрамында қатысып, осы жоба үшін «шетелде жоғарғы технологиялық кәсіпорын құрылысы» санатында Қытайдың беделді «Лу Бань» марапатына ие болды.


🔷 Қазақстан мен Қытай мұнайхимия
саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде 


В рамках казахстанского председательства отметили «День ШОС»

Пекин, 14 июня 2024 года – в Секретариате Шанхайской организации сотрудничества (ШОС) состоялся прием по случаю Дня ШОС с участием Специального представителя КНР по делам Евразии Ли Хуэй, губернатора провинции Шэньси Чжао Ган, послов и дипломатов государств-членов, стран-наблюдателей и партнеров ШОС по диалогу.

Генеральный секретарь ШОС Чжан Мин, открывая мероприятие, подчеркнул, что «всего за 20 лет ШОС превратилась из региональной организации из шести государств-членов в большую семью из 26 стран (включая государства-члены, наблюдатели и партнеров по диалогу).

Ли Хуэй выразил уверенность, что предстоящее заседание Совета глав-государств ШОС в Астане 3-4 июля 2024 года станет яркой страницей в летописи Организации и, несомненно, внесет важный вклад в укрепление солидарности, сотрудничества и модернизации деятельности ШОС. Он также сообщил, что китайская сторона всемерно поддерживает Казахстан в выполнении поставленных задач в рамках Организации.

В качестве представителя государства-председателя в ШОС Посол РК в КНР Шахрат Нурышев поздравил всех присутствующих с Днем ШОС и подчеркнул, что Казахстан как одно из государств-основателей ШОС активно участвует в деятельности Организации с первых дней ее создания и стремится к дальнейшему углублению многостороннего сотрудничества со странами «большой семьи ШОС».

Посол сообщил, что с июля 2023 года Казахстан в четвертый раз председательствует в ШОС, и в качестве председателя приложил все усилия для активизации деятельности Шанхайской организации в ключевых сферах (на текущий момент проведено более 140 мероприятий). Казахстанский дипломат отметил, что одним из значимых событий Астанинского саммита станет предоставление Беларуси статуса государства-члена ШОС, а также проведение впервые встречи в формате «ШОС плюс». Поблагодарив все государства-члены за содействие, оказанное в рамках казахстанского председательства, Ш.Нурышев пожелал удачи последующему председательству Китая в ШОС.

В качестве специального гостя на церемонии открытия также выступил губернатор провинции Шэньси Чжао Ган. Он рассказал участникам о созданной в г.Янлин 5 лет назад Демонстрационной базе ШОС по обмену сельскохозяйственными технологиями по инициативе Председателя КНР Си Цзиньпина, а также пригласил страны «большой семьи ШОС» на 31-ю Янлинскую выставку высоких и новых научно-технических достижений в сельском хозяйстве и Сельскохозяйственную выставку ШОС, запланированных на 25-29 октября 2024 года в провинции Шэньси.

Республика Казахстан председательствует в ШОС с июля 2023 года. После Астанинского саммита ШОС в июле 2024 года председательство в Организации перейдет к Китайской Народной Республике.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/792914?lang=ru


Бейжің, 2024 жылғы 14 маусым – Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Хатшылығында ҚХР-дың Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэй, Шэньси өлкесінің губернаторы Чжао Ган, Ұйымға мүше, бақылаушы және диалог бойынша серіктес мемлекеттерінің елшілері мен дипломаттарының қатысуымен ШЫҰ күніне арналған қабылдау өтті.

ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин іс-шараның ашылуында 20 жыл ішінде алты мүше мемлекет құрған аймақтық ұйымнан 26 елден тұратын (мүше, бақылаушы және диалог бойынша серіктес мемлекеттерді қоса алғанда) үлкен құрылымға айналғанын атап өтті.

Ли Хуэй биыл 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері басшыларының отырысы Ұйым жылнамасында жарқын із қалдыратынына және Қазақстан тарапы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға және Ұйымның қызметін жаңғыртуға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Қытай тарапы ұйым шеңберінде қойылған міндеттерді орындау барысында Қазақстанды жан-жақты қолдайтынын мәлімдеді.

ШЫҰ-дағы төраға-мемлекеттің өкілі ретінде Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев барлық қатысушыларды ШЫҰ күнімен құттықтай отырып, Қазақстан Ұйымның құрылуының алғашқы күндерінен бастап негізін қалаушысының бірі ретінде оның қызметіне белсенді қатысып келе жатқанын және «Үлкен ШЫҰ отбасы» елдерімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ұмтылатынын атап өтті.

Елші 2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Ұйымға төртінші рет төрағалығы кезінде Шанхай ұйымының негізгі салалардағы қызметін жандандыру үшін барлық күш-жігерін жұмсағанын хабарлады (қазіргі уақытта 140-тан астам іс-шара өткізілді). Қазақстандық дипломат Астана саммитінің маңызды оқиғаларының бірі Беларуське ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру, сондай-ақ алғаш рет «ШЫҰ плюс» форматында кездесу болатынын атап өтті. Ш.Нұрышев қазақстандық төрағалық кезіндегі қолдаулары үшін барлық мүше мемлекеттерге алғысын білдіріп, ШЫҰ келесі төраға-мемлекеті Қытайға сәттілік тіледі.

Іс-шараның арнайы қонағы болған Шэньси өлкесінің губернаторы Чжао Ган қатысушыларға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен 5 жыл бұрын Янлин қаласында құрылған ШЫҰ Ауыл шаруашылығы технологияларымен алмасу жөніндегі демонстрациялық базасының жетістіктерімен таныстырып, ШЫҰ елдерін 2024 жылғы 25-29 қазанда Шэньси өлкесінде жоспарланған 31-ші Янлин және ШЫҰ Ауыл шаруашылығы көрмесіне шақырды.

Қазақстан Республикасы ШЫҰ-ға 2023 жылғы шілдеден бастап төрағалық етуде. 2024 жылғы 3-4 шілдеде ШЫҰ Астана саммитінен кейін Ұйымға төрағалық Қытай Халық Республикасына өтеді.


🔷Қазақстанның төрағалығы аясында «ШЫҰ күні» атап өтілді


🔷 Қазақстан мен Қытай мәдениет және музей ісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
__

🔶 Казахстан и Китай расширяют сотрудничество в области культуры и музейного дела

Подробнее ➡️
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing?lang=ru


MFA Qazaqstan 🇰🇿 dan repost
​​🔹 Қазақстанның Қытайдағы Елшісі «Шыңжаңның тарихы мен болашағы» атты халықаралық форумға қатысты

🔸 Посол Казахстана в Китае принял участие в международном Форуме «История и будущее Синьцзяна»

@PressMFAKZ


MFA Qazaqstan 🇰🇿 dan repost
​​📢 Об аккредитации иностранных журналистов для освещения Саммита Шанхайской организации сотрудничества

Уважаемые представители иностранных средств массовой информации!

4 июля 2024 года во Дворце Независимости г. Астаны под председательством Республики Казахстан состоится Саммит Шанхайской организации сотрудничества.

В мероприятии примут участие главы государств и правительств Казахстана, Индии, Ирана, Китая, Кыргызстана, Пакистана, России, Таджикистана, Узбекистана, Беларуси, Монголии, Азербайджана, Катара, ОАЭ, Турции и Туркменистана, а также Генеральный секретарь ШОС и Исполнительный директор Регионального антитеррористической структуры ШОС. На Саммит приглашены Генеральный секретарь ООН и руководители таких международных организаций, как СНГ, ОЭС, СВМДА, ОДКБ, ЕЭК и ИОПБ.

В ходе заседания планируется рассмотрение широкого спектра актуальных вопросов, способствующих дальнейшему укреплению роли ШОС в решении актуальных международных и региональных проблем.

Для прохождения аккредитации необходимо до 12.00 ч. 21 июня 2024 года заполнить прикрепленную форму и направить её на электронную почту mfakzaccreditation@gmail.com

Для представителей СМИ 3-4 июля 2024 года будет функционировать пресс-центр во Дворце мира и согласия по адресу г. Астана, проспект Тәуелсіздік, 57.

При возникновении дополнительных вопросов просим обращаться в Пресс-службу МИД РК:

- Камзабек Нурали, р.т.: +7 (7172) 72-01-33, м.т.: +7 (701) 705-30-47 (WhatsApp, Telegram).


@PressMFAKZ


🔶Вопросы расширения сотрудничества между Казахстаном и
Боаоским азиатским форумом обсудили в Пекине

Пекин, 7 июня 2024 года – Посол Казахстана в Китае Шахрат Нурышев встретился с вновь назначенным Генеральным секретарем Боаоского азиатского форума (БАФ) Чжан Цзюнем.

Стороны обсудили вопросы дальнейшего расширения представленности Казахстана в БАФ, проведения совместных мероприятий на площадке Международного форума «Астана», а также обменялись мнениями по актуальным вопросам регионального и глобального экономического развития.

В ходе встречи Посол Ш.Нурышев поздравил Чжан Цзюня с назначением на пост Генерального секретаря БАФ, а также выразил благодарность за внимание и поддержку инициатив Казахстана в рамках Форума.

Ш.Нурышев отметил, что Казахстан, являясь одним из
государств-учредителей, придает большое значение расширению сотрудничества с Боаоским азиатским форумом как авторитетной международной площадки.

В свою очередь, Чжан Цзюнь высоко оценил участие Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в 23-й сессии БАФ в марте этого года, отметив весомый вклад Казахстана в развитие международного сотрудничества.

Генеральный секретарь Чжан Цзюнь подтвердил готовность Боаоского азиатского форума поддерживать международные усилия Казахстана и содействовать развитию всего азиатского региона.

По итогам встречи стороны обсудили планы по проведению юбилейных мероприятий БАФ в 2025 году и договорились продолжить активный диалог по всем обсуждаемым вопросам.

Боаоский азиатский форум – неправительственная и некоммерческая международная организация, призванная содействовать продвижению региональной экономической интеграции и совместному развитию государств Азии.

БАФ служит универсальной площадкой для государственных деятелей, представителей деловых кругов и международных организаций, крупных ученых и аналитиков, в целях осуществления обмена мнениями, прогнозами и новыми идеями по проблемам и перспективам дальнейшего развития азиатских стран и их диалога с другими регионами мира.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/788570?lang=ru


Бейжің, 2024 жылғы 7 маусым - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Боао азиялық форумының (БАФ) жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Чжан Цзюньмен кездесті.

Тараптар Қазақстанның БАФ-та өкілдігін одан әрі кеңейту, «Астана» халықаралық форумының алаңында бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірлік және жаһандық экономикалық дамудың негізгі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында Елші Ш.Нұрышев Чжан Цзюнді БАФ-тың Бас хатшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, форум аясында Қазақстанның бастамаларына көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Ш.Нұрышев Қазақстан құрылтайшы мемлекеттердің бірі бола отырып, беделді халықаралық алаң ретінде Боао азиялық форумымен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мән беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Чжан Цзюнь Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың наурыз айында БАФ-тың 23-ші сессиясына қатысуын жоғары бағалап, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Бас хатшы Чжан Цзюнь Боао азиялық форумының Қазақстанның халықаралық күш-жігерін қолдауға және бүкіл Азия өңірінің дамуына жәрдемдесуге дайындығын растады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар 2025 жылы БАФ мерейтойлық іс-шараларын өткізу жоспарларын талқылап, барлық өзекті мәселелер бойынша белсенді диалогты жалғастыруға келісті.

Боао азиялық форумы - аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілетуге және Азия мемлекеттерінің бірлескен дамуына ықпал етуге арналған үкіметтік және коммерциялық емес халықаралық ұйым.

БАФ мемлекет қайраткерлері, іскер топтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, ірі ғалымдар мен талдаушылар үшін Азия елдерінің одан әрі даму мәселелері мен перспективалары бойынша пікір, болжамдар мен жаңа идеялармен алмасуды және олардың әлемнің басқа өңірлерімен диалогын жүзеге асыру мақсатында, әмбебап алаң ретінде қызмет атқарады.


🔷Бейжіңде Қазақстан мен Боао азиялық форумы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды


🔶 В Пекине обсуждено сотрудничество в рамках формата «Центральная Азия – Китай»

Пекин, 6 июня 2024 года – Посол Казахстана в Китае Шахрат Нурышев встретился с Исполнительным директором Секретариата Формата «Центральная Азия-Китай» У Инцинем.

Ш.Нурышев подчеркнул, что Казахстан всецело поддерживает сотрудничество в рамках данного формата и готов совместно продвигать региональное взаимодействие.

Казахстанский дипломат акцентировал внимание на необходимости сосредоточить усилия на практических вопросах реализации взаимовыгодных проектов и поиске новых точек роста экономик стран формата.

В свою очередь, У Инцинь информировал о текущей деятельности недавно созданного Секретариата формата «ЦА-Китай» в г.Сиань и о дальнейших планах по развитию профильных механизмов сотрудничества.

По итогам Саммита глав государств «ЦА-Китай», который состоялся в мае 2023 года, была подписана «Сианьская декларация» и принят Перечень договоренностей, содержащий 54 инициативы и намерения о создании 19 механизмов сотрудничества.

30 марта 2024 г. в г.Сиань состоялось церемония открытия Секретариата формата «ЦА-Китай».

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/788355?lang=ru


Бейжің, 2024 жылғы 6 маусым – Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «Орталық Азия-Қытай» форматы Хатшылығының Атқарушы директоры У Инцинмен кездесті.

Ш.Нұрышев Қазақстан осы формат шеңберіндегі ынтымақтастықты толығымен қолдайтынын және өңірлік өзара іс-қимылды бірлесіп ілгерілетуге дайын екенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат өзара тиімді жобаларды іске асырудың практикалық мәселелеріне және форматтағы елдер экономикаларының өсуінің жаңа нүктелерін іздеу қажеттігіне күш-жігер салуға баса назар аударды.

Өз кезегінде У Инцинь Сиань қаласында жаңадан құрылған «ОА-Қытай» форматындағы Хатшылықтың ағымдағы қызметі туралы және ынтымақтастықтың бейіндік тетіктерін дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы хабардар етті.

2023 жылғы мамырда өткен «ОА-Қытай» мемлекет басшылары саммитінің қорытындысы бойынша «Сиань декларациясына» қол қойылды және ынтымақтастықтың 19 тетігін құру туралы және 54 бастамалар мен ниеттерден тұратын уағдаластықтар тізбесі қабылданды.

2024 жылғы 30 наурызда Сиань қаласында «ОА-Қытай» форматындағы Хатшылықтың ашылу салтанаты өтті.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.