Бейжің, 2024 жылғы 21 маусым – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің басшысы Фу Хуамен кездесіп, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе, жаңалықтар және контентпен алмасу келешектерін талқылады.
Ш.Нұрышев «Синьхуа» агенттігі 1992 ж. Алматы қаласында және 2013 ж. Астана қаласында өз өкілдігін алғаш ашқан Қазақстанның бұрыннан келе жатқан серіктесі екенін атап өтті. «Синьхуа» қазақстандық ақпараттық агенттіктермен жемісті өзара іс-қимылды жалғастыратынына сенім білдірді.
Агенттіктің мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің екіжақты қарым-қатынастарының жоғары деңгейін ақпараттық сүйемелдеудегі маңызды рөлін атап өтті.
Әңгімелесу барысында Фу Хуа ағымдағы жылы Алматы қаласында Орталық Азия бойынша «Синьхуа» Өңірлік кеңсесін ашу жоспары туралы хабарлады. Сондай-ақ, ШЫҰ-ның алдағы Саммитіне белсенді дайындық туралы хабардар етті. Агенттік осы іс-шараны «Синьхуа» платформаларында егжей-тегжейлі жариялау үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, тараптар «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» шеңберінде өтіп жатқан және алдағы екіжақты іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу саласындағы жұмысты жалғастыруға келісті.
«Синьхуа» ақпараттық агенттігі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік ақпараттық агенттігі болып табылады.
Агенттіктің 200-ден астам өкілдігі бар, оның ішінде бүкіл әлем бойынша 183 халықаралық кеңселері бар, Агенттіктің бас кеңсесінің штаты 10 мың қызметкерлерді құрайды.