✨✨✨
📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР
1️⃣-ИМАН КЕЛТІРУ
Иман етудің мән-мағынасын тереңінен түсінген халқымыз иманды үлкен байлық санаған. «Иманы кеткеннің жиғаны кетеді» деу арқылы имансыздықты бүкіл берекенің жоғалуына теңеген. Жалпы, иман сөзінің тілдік мағынасы сену, нану дегенді білдірсе, дінімізде иман ету деп Аллаға және Оның елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сенімді жүрекпен бекітіп, тілмен жеткізуді айтады. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, иман еткендер! Алла Тағалаға, Оның елшісіне және Оның елшісіне түсірілген кітапқа иман етіңдер» (15), - деп бұйырады. Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жәбірейіл періште иман жайлы сұрағанда, Ол кісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Қиямет күніне, сондай-ақ тағдырға - оның жақсылығы мен жамандығына иман етуің», - деп жауап берген.
Абай атамыз өлең жолдарында:
Мумин болсаң, әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол,
Шын илан да, таза ойла бір иманды, Мунафиқ намаз қылмап па, мағлум ғой ол, деп пенденің Жаратушысына иман етуінің маңыздылығы жайлы тоқталған. Қара сөзінде де «Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз» (16), деген. Осыған ұқсас Ахмет Иүгінеки бабамыздан қалған: «Бірлігіңді білуге ұмтылғандар, бір заттан мың түрлі дәлел табар», - деген де сөз бар. Расында, айналысына назар салып, ой жүгірткен адам бұл ғаламның өздігінен жаратылмағанын, оның ұлы бір Жасаушысы бар екенін ұғынады. Бұл ғаламда талай ғибраттың барын білген адам, өзіне берілген сансыз игілік пен нығметтің сұрауы болатынын түсініп, Аллаға деген шүкірлігін арттырады һәм алғысын амалымен көрсетуге ұмтылады.
❗(15) «Ниса» сүресі, 136-аят;
❗(16) Абайдың жиырма сегізінші қара сөзі;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris