SERIK JUMASH


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Қандай да бір ақпаратты көшірсеңіз сілтеме жасауды ұмытпағайсыз!
Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCaIorXH0Bm9PLXIe3bdyo7w
Курстар тізімі
https://taplink.cc/serikzhumash

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


"Әрдайым ең тартымды адам – өзінің ақылымен және талғамымен ерекшеленетін құрметті адам болып қала береді.

Ол қателескен кезде кешірім сұрайды, бірдеңе сұрамас бұрын рұқсат сұрайды және көмектескен адамға алғыс айтады.

Ол бірінші болып күлімсірейді, жеке ара-қашықтығыңызды құрметтейді және көңіл-күйіңіздің өзгерістерін түсінеді."


©Жүсіп Хаттар (Алла панасына алсын)


دعاء ليلة النصف من شعبان.pdf
261.2Kb
دعاء ليلة النصف من شعبان
Шағбан айының ортаңғы түнінде жасалатын дұға 🤲


"Егер жүректер дүниенің сыртқы көрінісімен алданбағанда есіктерге құлып салынбас еді."

Кешкілік саудагерлер дүкендерінің есіктерін жауып кетіп бара жатқан кезде туындаған ой ғой.


Дұғаның жүрек тыныштығы мен көңілдің жайлануына және бақытты сезінуге үлкен әсері бар, өйткені дұға – ғибадаттың нақ өзі.

Пайғамбарымыз ﷺ : «Дұға – ғибадат» деп, кейін Алла Тағаланың мына сөзін оқыды:

"Раббың: «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін. Ал Маған құлшылық қылудан менменсініп бас тартқандар жәһаннамға қорланған күйде кіреді», – деді (Ғафир, 60).

©Жүсіп Хаттар (Алла панасына алсын)


"Алла Тағалаға қарай жүрудің шарты ешқашан періштедей пәк болу емес. Оған өзіңнің балшықтан жаратылған салмағыңмен жүре бер, өйткені ол сенің өзіне қарай еңбектеп болса да келуіңді жақсы көреді".

©Жүсіп Хаттар (Алла панасына алсын)


"Өткеннің бәріне жылай берме, оны өзіңе сабақ ет, себебі сені мықты қылатын – үлкен ауыртпалық. Әрбір құлау – аяқталу емес, өйткені жаңбырдың түсуі – ең әдемі бастама".

©Жақия Ғаусани (Алла панасына алсын)


Нун немесе тәнуиннен кейін 15 араб әріптерінің біреуі келсе ихфә қылынады.

Яғни, изһар қылып тілді нунның махражына тигізбейміз. Сонымен қатар, идғам қылып нунды келесі әріпке кіргізіп, тілді нунның махражынан алыстатып та жібермейміз.

Ихфә кезіндегі тілдің мысалы, көлікті оталдыру кезіндегі тұтандыру шамдары тәріздес. Тұтандыру шамдары қатты жақындап кетсе, моторды жандырады. Алыстап кетсе, моторға тоқ бармай қалады.
#тәжуид #ихфә

©Жақия Ғаусани (Алла панасына алсын)


Жайшылықта имам сәлем бере сала атып тұрып, тасбихты жолда тартамыз. Оқылған құранды мүлдем естімей, батаға да қол жаймай кетеміз.

Ал, қысыл-таяң (емтихан) кезде имаммен бірге тасбих тартып, Құранды беріліп тыңдап, батаны да ең соңғы болып бітіреміз.

Бұл ненің белгісі деп ойлайсыз?


Құр қол болмайық...

Ибраһим Әдһам деген әулие өткен екен.
Қыстыгүні тоңып, моншаға түскісі келеді.
Монша ақылы монша екен.
Ақшасы болмаған соң, моншашы:
"Ақшаң болғанда, кейін кіресің",- деп кіргізбей қойыпты.
Ол болса, көңілі түсіп моншаның сыртында жатып қалыпты.

Оны көрген адамдар:
" Әй, Ибраһим тұр, патшалығыңнан түсіп қалып, енді моншаға кіруге бір теңге таба алмай қиналып жатқаныңа өкпелеп жатырсың ба? Міне біз төлеп береміз, моншаға кіріп шық ",- дейді.

Сонда Ибраһим Әдһам:
" Мен моншаға кіре алмай қалғаныма өкініп жатқан жоқпын. Монша - шайтанның үйі болып саналады. Осы шайтанның үйіне құр қол келіп кіре алмадым. Алланың жәннаттағы үйіне қалай кіремін? Ана дүниеге құр қол кетсем, жағдайым қалай болады деп қорқып жатырмын",- деп жауап берген екен.

Алла баршамызды құр қол қылмай, жақсы амалдар нәсіп етсін!

©Қуат Қабдолда


"Ілім талап етушіге жылдам келетін нәрсе - тәкаппарлық"

©Имам әл-Ғазали


Әрбір алыстау – тастап кету немесе жай ғана тыныштық емес...

– Кейде алыстау – қысымнан арылу мен оңашалану.
– Кейде алыстау – шектен тыс көп уақыт өткізгендіктен, өзгелердің көзінде мәніміздің бәсеңдеуі.
– Кейде алыстау – көпшілікпен уақыт өткізіп, күш-қуатымызды босқа сарқып тастағандықтан.
– Кейде алыстау – өсек-аяң мен жорамалдардан бойды аулақ ұстау.
– Кейде алыстау – сенім артып, жанымыз жай тапқан адамдардың бізді алдағанынан.
– Кейде алыстау – олардан суық сезім байқап, өзіміздің ешқашан елеусіз қалмайтынымызға сеніп жүргенімізден.

Сөйтіп, біз өмірдің кейбір сабақтары тым қатал болатынын түсіндік.
Бұл сабақтарды өміріміздің ең әдемі әрі маңызды бөлігінен айырылғаннан кейін ұғынамыз.

©Жүсіп Хаттар (Алла панасына алсын)


әл-Уахиди: «Аяттардың түсу себептері мен оқиғаларын білмей, аяттардың тәпсірін түсіну мүмкін емес»,— десе, Ибн Дақиқ әл-Айд: «Аяттардың түсу себептерін білу - Құран мағыналарын түсінудің бірден-бір жолы», - деген.

📚 "Құран ілімдеріне кіріспе", Қайрат Құрманбаев


🔰Егер сіз үйлене алмай жүрсеңіз,
🔰егер сіз азық-түліктен қысылсаңыз,
🔰егер сіз баспаналы болғыңыз келсе,
🔰егер сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз,

⚠️онда мына Құранда келген дұғаны жиі айтуыңыз керек:

اللهم إني لما أنزلتَ إليّ من خير فقير

"Аллаһумма инни лимә әңзәлтә иләйя мин хайрин фәқир"

Аллаһым, сенің маған берген әрбір жақсылығыңа мұқтажбын.

©Махмуд Хассан (Алла оны панасына алсын)


📚Дневник библиофила dan repost
سَيبقى حُسنُ صنعكَ حين تَفنى
وَيُدفنُ حسنُ وجهكَ فِي الرِّمال


〰️Когда ты исчезнешь, останутся лишь твои добрые дела,
А красота твоего лица будет поглощена песками.✨

https://t.me/bibliophile_diary


❌Ешкім сіздің сезіміңізді сезіне алмайды, тіпті оларға сағаттап түсіндірсеңіз де.

❌Олар сіздің жүрегіңіздің сезімін сезінбейді, көз жасыңыздың ыстығын да сезбейді.

❌Жан сырыңызды адамдарға ашпаңыз, өйткені олардың жүрегі сіздің мұңдарыңызды көтере алмайды.

❗️Тек Аллаға жүгініңіз, өйткені Ол ғана сіздің жүрегіңізге тыныштық сыйлай алады. Тек «Уа, Раббым!» деп айтыңыз.

©Жүсіп Хаттар (Алла панасына алсын)


Менің сыпайы болуым – менің шекарамды бұзуыңа жол беремін деген сөз емес.

Менің мейірімді болуым – менің аңғал екенімді білдірмейді.

Менің көркем мінезді болуым – сен мені мазақ еткенде үнсіз қаламын деген сөз емес.

Менің жомарт болуым – сенің мені алдауыңа мүмкіндік беремін дегенді білдірмейді.

Мұның бәрі менің дұрыс тәрбие арқылы қалыптасқан ұлы құндылықтарға берік екенімді білдіреді.

Бұл – менің әлсіздігімнің немесе жігерсіздігімнің белгісі емес.
Сондықтан, өзгелердің жоғары көркем мінезін оларды қорлауға рұқсат ететін әлсіздігі деп ойлама, өйткені ол – сені күтпеген жерден таңғалдыратын күштің шыңы!

©Жүсіп Хаттар (Алла панасына алсын)


https://www.tiktok.com/@serikjumash?_t=ZM-8tiA6w4xC4r&_r=1

Қазір сағат: 21:00 тікелей эфирде тәжуид (бастауыш деңгей) кітабын бастаймыз, ин ша Алла.

Әр аптаның дс-жм күндері


Олар қасқырды мақтайды, бірақ ол олар үшін қауіпті, ал итті менсінбейді, бірақ ол оларды қорғайды. Көптеген адамдар өзіне қызмет ететіндерді менсінбейді, ал өзін қорлайтындарды құрметтейді.

©Жақия Ғаусани (Алла панасына алсын)


"Өлім асылында гүзәл
Перде артында хабар
Өлім болмаса гүзәл
Өлер ме еді пайғамбар"

©Нәжіп Фазыл


18 #хикмет
«Істеріңді бос уақыттың пайда болуына қарай қалдыру – нәпсінің алдануының бір түрі.»

Ей мурид, ізгі амалдарыңды дүние істерінен бос болатын кезіңе ысыра беруің нәпсінің ақымақтығынан болып табылады. Себебі, бұл - ақыреттен дүние тіршілікті артық көру. Ал, дүние істері ешқашан таусылмайды.

Кейбір дана кісілер айтады: "Уақыт - қылыш тәріздес. Сен оны шаппасаң, ол сені шабады".

Хадисте былай деп келеді:
"Әрбір күн былай деп жар салады: Ей, адам баласы, мен жаңа жаратылыспын. Сенің амалыңа қарсы куәмін. Мені дұрыс пайдалан. Ақиқатында, мен қияметке дейін қайтып келмеймін".

📚 "Шарх әл-Хикәм әл-Атаия" Абдулмәжид Шурнуби

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.