SERIK JUMASH


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Қандай да бір ақпаратты көшірсеңіз сілтеме жасауды ұмытпағайсыз!
Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCaIorXH0Bm9PLXIe3bdyo7w
Курстар тізімі
https://taplink.cc/serikzhumash

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


«Түн уақыты кіргенде қуана-мын. Себебі, Раббыммен жалғыз қалуыма мүмкіндік туады. Ал таң уақыты кіргенде қайтадан түннің болуын қалаймын. Себебі, таңертең адамдармен жолығамын, олар болса Раббымды ойлауға кедергі келтіреді»

©Фудайл ибн Ғияд (Алланың оны рақым етсін)


"Ғашық жанға, оның ғашық болған сүйіктісі бір істі істеуін өтініш қылса, оны бар жан-тәнімен, ерекше ұқыптылықпен істейтіні белгілі. Ал Алла Тағаланы шынайы жақсы көрген жан діндегі әрбір амалға ерекше ықыласпен мән беріп, оны кіші не үлкен деп қарамайды. Тыйым етілген істерді де кіші күнә не үлкен күнә екендігіне қарамай барлығынан дерлік тыйылады. Өйткені Жаратушысына махаббатын арнаған жан үшін мәселе күнәнің кішілігенде емес, ол күнәні кімнің құзырында жасап тұр, соның ұлықтығының алдында жасап тұрғандығын жүрегімен сезінеді."

📚"Қалып", Думан Сайфулла


🔻Кейбір адамдар шылқыған бай болса да зәһид болуы мүмкін.
🔻Кейбір адамдар тақыр кедей болса да дүниеқор болуы мүмкін.

*зәһид - дүниені ақыреттен жоғары қоймаған адам.


Рамазанның қалған бес күнінде Алладан сұрап қалатын қандай арман-тілектерің бар?

©Жақия Ғаусани (Алла панасына алсын)


Мантық (логика) ілімін оқудың екі пайдасы бар:
🔻Дұрыс ойлау жүйесін қалыптастырады;
🔻Мантық қағидаларымен жазылған шариғи кітаптарды түсінуге көмектеседі.


©Нәжәти Гүнәйдүн (Алла панасына алсын)


Менің ойымша, бұл жерде тағы екі жорамал бар:

Біріншісі – ол балықтың ішінде болған кезде, Алланың оны құтқармайтынын ойлады, өйткені әдетте бұлай құтылу мүмкін емес деп санады. Бұл жағдайда «ойлады» деген сөз оқиғаның нақты барысына сәйкес келеді, яғни ол бұл ойға балық оны жұтып қойғаннан кейін келді. Ал оның Раббысына жалбарынуы – оның өз кемшілігін, асығыстығын немесе қателігін мойындап жасаған тәубесі. Сондықтан да ол: «Расында, мен өз-өзіме зұлымдық жасадым» деп айтты, яғни өз кінәсін мойындауда әсіреледі. Ол бұл әрекетті өзіне тән берік сипат ретінде көрсетті және өзін залымдардың бір мүшесі деп атады, бұл оның қателігін терең мойындағанын білдіреді.

Екіншісі – ол қалыпты себептерге сүйене отырып, өз халқының жерінен қашып кетемін деп ойлады, бірақ Алланың оны бұл әрекеттен тосатынын ойламады, өйткені оған Алладан алдын ала уахи түспеген еді.
#тәпсір

📚التحرير والتنوير


واعْلَمْ أنَّ كَلِمَةَ (نُنْجِي) كُتِبَتْ في المَصاحِفِ بِنُونٍ واحِدَةٍ كَما كُتِبَتْ بِنُونٍ واحِدَةٍ في قَوْلِهِ في سُورَةِ يُوسُفَ ﴿فَنُنْجِي مَن نَشاءُ﴾ [يوسف: ١١٠] ووَجَّهَ أبُو عَلِيٍّ هَذا الرَّسْمَ بِأنَّ النُّونَ الثّانِيَةَ لَمّا كانَتْ ساكِنَةً وكانَ وُقُوعُ الجِيمِ بَعْدَها يَقْتَضِي إخْفاءَها لِأنَّ النُّونَ السّاكِنَةَ تُخْفى مَعَ الأحْرُفِ الشَّجَرِيَّةِ وهي الجِيمُ والشِّينُ والضّادُ فَلَمّا أُخْفِيَتْ حُذِفَتْ في النُّطْقِ فَشابَهَ إخْفاؤُها حالَةَ الإدْغامِ فَحَذَفَها كاتِبُ المُصْحَفِ في الخَطِّ لِخَفاءِ النُّطْقِ بِها في اللَّفْظِ، أيْ كَما حَذَفُوا نُونَ (إنْ) مَعَ (لا) في نَحْوِ (إلّا تَفْعَلُوهُ) مِن حَيْثُ إنَّها تُدْغَمُ في اللّامِ.
وقَرَأ جُمْهُورُ القُرّاءِ بِإثْباتِ النُّونَيْنِ في النُّطْقِ فَيَكُونُ حَذْفُ إحْدى النُّونَيْنِ في الخَطِّ مُجَرَّدَ تَنْبِيهٍ عَلى اعْتِبارٍ مِنِ اعْتِباراتِ الأداءِ. وقَرَأ ابْنُ عامِرٍ، وأبُو بَكْرٍ عَنْ عاصِمٍ بِنُونٍ واحِدَةٍ وبِتَشْدِيدِ الجِيمِ عَلى اعْتِبارِ إدْغامِ النُّونِ في الجِيمِ كَما تُدْغَمُ في اللّامِ والرّاءِ.

📚التحرير والتنوير


Арасында осылай жазғышбек болып кететінім бар. Қатты нетіп қалмайсыздар ғой😁


Ардақты Пайғамбарымыз ﷺ:

مَنْ عَشِقَ فَكَتَمَ وَعفَّ وَ صَبَرَ فَمَاتَ فَهُوَ شَهِيدٌ

«Кімде-кім ғашық болып, оны жасырса, ұстамдылық танытса, сабыр етіп, сол күйде дүниеден өтсе, онда ол шәһиттік дәрежеде болады», — деген.

*Хадистің дәрежесі - әлсіз. Тоқыма да болуы мүмкін. Дегенмен хадисте қамтылған мағына - дұрыс.

📚"Қалып", Думан Сайфулла


«Ғашықтық — дерті маскүнемдік сияқты. Арақты адам басында адам өз ықтиярымен ішеді, кейін мас болғаннан кейін өзін ұстаудан қалады. Ғашықтық та тура сондай, басында ол адамның күлкісі, сөзі, басқа қылықтары ұнай бастайды. Осы кезде адам ақылымен ойланып, өзін тоқтатпаса, кейін ол жүрекке кіріп, пенде өз еркін жоғалтып алады».

📚"Қалып", Думан Сайфулла


🔸Сараңдық - үнемдеуде шектен шығу
🔸Ысырап - жомарттықта шектен шығу
🔸Ғашықтық - махаббатта шектен шығу

📚"Қалып", Думан Сайфулла


Жомарт болам деп ысырап қылма, ысырап қылмайын деп сараң болма! Осы екеуінің ортасын ұстан!


Мүбәрактың немересі Света есімді қазақ қызы: ""Мүбәрак" деп емес, "Берекелі" деп айту керек" деген екен.


"Ілімнің бір саласында жетік маман болғың келсе, бір ай бойы бір кітаппен өмір сүр. Жатсаң тұрсаң, тек сол кітапты оқы! Сол кітаптың жілігін шағып, майын іш!

Егер бір ғалымның қабілетін бойыңа сіңіргің келсе, бір жыл бойы сол ғалымның ғана еңбектерін оқы. Сол кезде сол ғалымның дүниетанымы мен көзқарасын меңгересің."

©Жақия Ғаусани (Алла панасына алсын)


Қадір түні жасайтын үш амал:

🌙 Жалғыз оңашада құлшылық жасау (тәһәжжуд намаз);
🌙 Әр түнді Қадір түні деп есептеу;
🌙 Көп зікір жасап, дұға ету;

✨Көп Құран оқу әрі өз-өзіңе есеп беру (мухасаба)

📺 дереккөз

Ал, сіз қандай кеңес бересіз? Пікірге жазыңыз.


Үш нәрсе үш нәрсенің ішіне жасырылған:

🔻Алла Тағала өз әулиелерін құлдарының арасына жасырып қойған;
🔻Өзінің ризашылығын құлшылықтарының ішінде жасырып қойған, Өзінің ашуын күнәлардың ішінде жасырып қойған;
🔻Қадір түнін Рамазан айының ішіне жасырып қойған.


📚"ән-Нәфәхәт ән-нурания"


Фетвы Шейха Нидаля аль-Ханафи dan repost
Вопрос (247): Является ли брак выбором самого человека?

Ответ (247): Это его собственный выбор.

Аллама Шейх Нидал аль-Ханафи


Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі:
«Бір адам далада келе жатқанда бұлт ішінен: "Пәленшенің бақшасын суғар!" – деген дауысты естіді. Бұлт жылжып барып, суын таспен қапталған бір жерге төкті. Су бір ағынмен ағып, бір арнаға жиналды. Әлгі адам судың ізімен жүріп отырып, су бағып жүрген бір кісіні көрді. Ол суды кетпенмен өз бағытына бұрып жатқан екен.
Сонда әлгі жолаушы:
– Уа, Алланың құлы! Атың кім? – деп сұрады.
Бағбан бұлт ішінен естілген есімді атады. Содан әлгі бағбан жолаушыдан:
– Менен атымды неге сұрап тұрсың? деді. Сонда жолаушы:
– Мен бұлттан: "Пәленшенің бақшасын суғар!" – деген дауыс естідім. Осы бақ сеніңкі ме? Сен мұнда не істейсің? – деп сұрады.
Бағбан:
– Егер сен осылай сұраған болсаң, айтайын: мен бұл бақшаның өнімін үшке бөлемін – үштен бірін садақаға беремін, үштен бірін өзім мен жанұям пайдаланамыз, ал қалған үштен бірін бақшаға қайта саламын, – деп жауап берді».
[Басқа бір риуаятта]:
«Оның үштен бірін кедейлерге, мұқтаждарға және жолаушыларға беремін».
#садақа

📚Ләйтәкә тәсләм


"Алла Тағала Құранда Мұса пайғамбардың сөзін келтіреді:
واجعل لي وزيرا من أهلي هرون أخي اشدد به أزري
"Маған өз отбасымнан Харун бауырымды көмекші қылшы, ол қолдаушы болсын" (Таһә сүресі, 29-31 аяттар)

Мұса пайғамбар бауыры Харунды өзімен бірге серік болуын сұрады. Ол Алланың сөзін естуге барғанда өзі жалғыз еді. Ол жайлы Алла Тағала:
ووعدناه موسى ثلثين ليلة
"Біз (Тауратты алуға дайындалып құлшылық етуі үшін) Мұсамен отыз түндік мерзімге келістік" (әл-Ағраф сүресі, 143 аят) деді. Себебі, жаратылысқа бару жатсынуға себеп болады. Сол себепті ол қиыншылық жүгін жеңілдету үшін бауырына серік болуын өтінді.

Тағы мынадай бір сөз бар: махаббат адамды оқшаулану мен жалғыздыққа итермелейді, әрі сүйікті жанмен бірге басқа біреудің болуына жол бермейді. Сондықтан Мұса пайғамбар Перғауынға барғанда бауырын өзімен бірге болуын сұрады, ал Таурат алу үшін белгіленген орынға (миқатқа) барған кезде өзімен бірге ешкімді ілестірмеді. Өйткені оның бару мақсаты – осы ерекше халде жалғыз өзі болу еді."
#махаббат

📚"Ләтаиф әл-ишарат", әл-Қушәйри


Саләфтардың (сахаба, табиғин және табаға табиғин кезеңі) бірі айтқан екен:

«Мүмін жан тәсілім етер кезде періштеге: "Басын иіске", – деп айтылады. Ол: "Басынан Құранның иісін сездім", – дейді. Сонда: "Жүрегін иіске", – делінеді. Ол: "Жүрегінен оразаның иісін сездім", – деп жауап береді. Кейін: "Аяқтарының иіске", – делінеді. Ол: "Аяқтарынан түнгі намаздың иісін сездім", – дейді. Сонда: "Өзін сақтағандай, Алла да оны сақтасын", – деп айтылады».

📚"ән-Нәфәхәт ән-нурания"

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.