Шимайшы


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Bloglar


Бұл жерде түрлі оқиғаларға деген көзқарасым, тіпті, фейсбукта жазбайтын дүниелер де жазылуы мүмкін. Күнделік очм...

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Bloglar
Statistika
Postlar filtri


21 жастағы маори қызының әрекетін қайталайтын біреу болмағаны ма? Тым болмаса сондай мультфильм ұйымдастыра салу керек еді. Бірақ, ол қыздікі шынайы әрекет.
Әй, ептілер-ау тым болмаса 4 адам қалыс қалып, 7-8 адам қарсы шықса да өтер еді-ау соо заң…


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Көшенің тазалығына әңгімем жоқ. Бірақ, қардың жауғанына біраз болған еді. Қайда әлгі мақтаулы пәленбай техникаларыңыз? Неге үлгермей жатырсыздар? Буынсыз жерге пышақ ұрып, қар жауғанның ертесіне видео түсіріп тұрғам жоқ. Сізді “хозяйственник” әкім дейді жұрт. Сол үшін де сыйлаймын. Бірақ, қар жапалақтап жауа қалса маңырағалы тұрмыз-ау…
#қарағанды #караганды #кудасмотритакимат #қарағандыоблысы


Еститін үкіметтің шағын механизмі осылай жұмыс істеу керек




Тәлкекке түскен тағдыр…
Біреулердің айтуынша туған ағасы пәтерден қуып шыққан. Яғни, түрмеден қайтып келген інісін қабылдамаған. Содан бері бұл жігіт осылай отыр…
Екінші біреулер ағасы мұны бірнеше жерге жұмысқа орналастырған. Бұл сиыспай шығып кете берген. Қазір көңілі қалғаннан кейін тіпті, есігінен сығалатпайды дейді…
Үшіншілер ағасының үйі жеке, інісінікі жеке. Кезінде алаяқтарға алданып қалған дейді…
Кім не десе де мына көрпенің астында адам отыр. Іштегі өкпесін, ызасын қаншама жылдан бері осылай көрсетуде. Сүрініп кеткен тағдыр иесін қолтығынан демейтін қоғам қалыптаспағаны көрініп қалады осындайда…


📌Ғазиз ағамнан көп дүниені үйрендім. Мені техникаға алғаш баулыған да осы кісі. Үшінші класс оқитын жылы Т-40 тракторын тебуді үйретті. Тіпті, ктп4 деп аталатын шөп шалғы тіркелген тракторды да емін-еркін тебе беретінмін.Жайлауымвзға соққан кезде трактор теуіп жүргенімді көрген кей үлкен кісілер таңғалып бас шайқайтын. Кейінірек Ғазиз ағам Балқаш қаласындағы әскери авиация бөліміне кеткен соң мен техникадан алыстап, төрт түлік малға толықтай берілдім. Ағаларым маған сенгені сонша жылқы, сиыр, қой дегендердің санын аптасына бір санайтын. Ол кісілер шөп пен егінде алаңсыз жүрді.
📌Ол кезде ауылдың мектебі тоғыз жылдық. Он-он бірді Балқашта оқыдым. Мәшне тебу, басқа тірлікке араласуды Ғазиз ағамнан қайта меңгере бастадым.Бұл 1999 жылдармен тұспа-тұс келетін оқиғалар, естеліктер желісі.
📌Мемлекеттің есін жимаған кезеңі. Жұртта ақша жоқ. Әскерилердің айлығы 4-5000 теңге жобасы ғана. Ағам екеуміз кешкілік уақытта тапсырыспен бақуатты адамдардың ескірген дивандарына паралон салып, сыртын велюр материалмен қаптаймыз. Қарағаннан сыпырғыш жасап сатамыз. Біздікі жәй ғана қол ұшын беру. Жұмыстың көбін ағам өзі жасайды.
📌Авиация болған соң ұшақ болады. Ұшақ керосинмен ұшады. Әскери бөлімдерде керосиннің өзі тапшы. Қанша тонна екенін білмецмін үлкееен әрі ұзын бөшкелер болатын әскери бөлімде. Әскерилер резервуар для керосина дей ме өздерінің ресми тілінде сондай бірдеңе. Мен ғой қазақшалап бөшке деп отырған. Үзындығы пойыздың вагонының жартысындай шығар. Осы бөшкедегі керосин біткен кезде бңздің тірлік басталады. Бұл еш ұрлвқ емес. Таза күн көріс еді. Себебі, әлгі бөшкенің кранын ашсаңызда ішінен керосиннің бір тамшысы да тамбайды. Себебі, керосин шүмектің тесігінен төмен жатыр. Ағам менің қолыма солдатский әлеумен күрешке мен екі жиырма летірлік темір кәністір беріп арқанмен резервуардың ішіне түсіреді. Күрешкемен бөшке түбіндегі керосинді қырып жүріп канистрге құйып алам. Қазір айтуға һәм жазуға оңай ғой. Ана бөшкенің ішіндегі иістен масаң күйде шығасың. Таксикоман деуші ме еді мұндайды😎.
Ана шетінен мына шетіндегі люкке жету мұң болатын кейде. Тәлтіректеп, намыстана тістеніп екі канистр толғанша таза ауаға шықпай, бөшкенің түбін қырнай беретінмін… Так ышто кейде менің жарыместеу тірліктерімді көрсеңіздер аса қатты мән бермеңіздер😂😂😂Миы кепкен адаммын.
📌Қазіргі балалар ақша қадірін білмейтіндей… Ата-анадан көп дүние күтетіндей… Иә, білем, оларды қамтамасыз ету біздің тікелей міндетіміз. Тек, күндердің бір күнінде аяқ асты өмірден озсақ балаларымыз мына қатал өмірге дайын ба?
Бүгін Ғазиз ағам медициналық тексерілуден өтуге келді. Бір кездегі күші тасып тұрған ағаларымның жәйлааап қартайып келе жатқанын көргенде жылағым келеді. Сіздер аман болыңыздаршы…




Негізі ше, негізі 1984-жылы туғандар бір түрлілеу болады екен. Хасан талгарский (Хуторский) да 84 екен


Кейінгі жылдары кывыенщиктер, эстрада әртістері түсірген фильмнен көз ашпайтын болдық қой. Жақсы жағы да бар шығар әрине. Әйтпесе, “Тағдыр-ай, хайот-ай”,-деп өзбек фильмін боомаса қырғыздардың киносын әлі көріп жүрер ек.
Бірақ, саны бар киноның сапасы болмай тұр. Кинотеатрдан шығысымен киноның не туралы екенін ұмытып қаласың. Солардың ішінде 5-6 күнге дейін ұмытпайтындай кино екен мына “Заманбек” дегеніңіз. Адал достық, әке мен бала арасындағы сыйластық, жауапкершілік алу деген қасиеттерді еске түсіретін фильм десем қателеспеймін. Ертең көргеніме тура бес күн болады. Ұмытып қалмай тұрғанда жазып қояйын деп шештім.


Шерзаттың әкесінің пышақпен жүрген видео қиындысы әрине қамаудағы тарапқа тиімді. Дәл сол үзіктің желіге таралуына ықпал етіп отырған мүдделі адам(дар) бар деген сөз. Бұл сот шешімінің жобамен қалай аяқталатынынан хабар берсе керек-ті… Біз үш күн шулап қоя салмай, ашық сот болуын талап ете беруіміз керек. Сонда ғана іділдікке жақындау шешімге қол жеткіземіз.
Хасанның сұхбатында көрдім. Әрине, ақталуға толықтай құқылы. Брәчкаларын төбелесіңдер, өлтіріңдер деп айтақтап жібермеген де шығар. Тек, билеп-төстеп үйреніп қалған немелер қолды артық сілтеп жіберген болу керек. Сондықтан да, Қаржаубай пышақ ұстап тұр ма, қасық ұстап тұр ма маңызды емес. Ол ешкімді қансыратып пышақтаған жоқ. Отбасын, бизнесін қорғауға шыққан еркекті ғана көрдім. Бастапқы ойымнан танбаймын. Қамалғандардың жанына қамалмағандарды қосып қатаң жазалау керек. Әрине, Хасекең бұл разборкада болмағандықтан оған еш кінә арта алмаймыз заңдық тұрғыда. Бірақ, күштік құрылымдарда рычаг көп қой. Бұрап, сығып алған артықтық етпес еді.
#талғар


ЧПдан көз ашпаған Қарағандым-ай…
Қарқаралыдағы өрт…
Саяқтағы өндіріс орнындағы оқиға…
Марқұмдардың жақын-жуығына көңіл айтамын!


АЭС елімізге керек. Өте маңызды, салмақты мәселе деген сөздерін бір ғана динозаврмен унитазға ағызту дейді мұндайды


Жылда оқу жылы басталарда оқушы қыздың мектепке хиджаппен келуі және мектеп формасы тақырыбында дау туатынын білесіздер.
1️⃣ Қарағандыда Жаслан Айтмағамбетов атты құқық қорғаушы бар. Сол жігіт кеше өзінің инстаграмм парақшасында даулы мәселеге нүкте қоймақ болып бір дүние жазған болатын. Онысы сәтті болды деп айта алмаймын.
"Жоғарғы сот қыздардың мектепте орамал таққанына байланысты балалардың білім алу құқығы мен орамал мәселесіне нүкте қойды. Жоғарғы Соты облыстық соттың шешімін бұзып, оқушының орамалына байланысты шектеулер білім алу құқығын бұзады деп таныды. Балалардың құқықтарын қорғауға бірнеше заңгер мен белсенділер қатысты", – дейді құқық қорғаушы.
2️⃣ Иә, соттың бұл шешімі рас. Бірақ, Жоғарғы Сот мектеп формасына қатысты дауға нүкте қойған жоқ. Яғни, Білім министрінің мектеп формасы жайлы бұйрығы өз күшін жойған жоқ.
3️⃣ Сондықтан да, мектепке ертеңнен бастап орамалмен кіріп бару, Жасланның инстаграмын скриндеп алып мұғалімдермен қырылысудың еш мәні жоқ. Мектеп формасының сақталуы ата-ананың міндеті екенін ұмытпаған жөн.
4️⃣ "Сонда сот нені заңсыз деп тапты өзі?", деген сұраққа ораламыз. Ата заңымыз бойынша әр адам тегін орта білім алуға құқылы екенін білесіз. Осы тұрғыда оқушының сабаққа жіберілмеуі заңсыз деп отыр Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты. Ал, мектеп формасына еш өзгерту енбеді. Сондықтан да, бала тағдырына мектеппен қатар ата-ана да жауапты. "Шүу" дегенге желпілдей бермей, ки деген киімді киіп балаларыңызды оқытыңыздар. Дұрысы сол


АЭС жайлы роликтер тым қарабайыр, баяғыдан бері жауыр болған жаттанды сценариймен жасалуда.
Ондай ролик тиктокта өтпейді жастарға.
Мәселен, Қарағандыда “Кенші даңқы” монументі бар. Осы ескерткішке анимация арқылы жан бітіріп және кәдімгі өмірдегі боғауыз аралас тілмен(қара жұмыс, жерасты тілі) сөйлету керек.
-Мына қаратасты қашанғы көтеріп тұрамыз нақу. Елімізде АЭС салынғалы жатыр,-дейді де екеуі тасты лақтырып тастап әрі қарай “Кеттік, бәрін таста” музыкасының фонында жылыстап кетеді…
Сұраса сценарий айтамыз ғой. Әйтпесе, маймылды адамның құлағына “Референдумға барасың ба?”,-деп сыбырлатқан мем осымен төртінші науқанның тонын айналдырып киді…


EGOV.PRESS dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Чем ближе тот самый референдум, тем безумнее агитация. В Караганде гуляют пугающие аниматоры в виде АЭС и атома. Они призывают проголосовать на референдуме. Не спрашивайте, откуда и сколько денег потратили на эту гусятину.

Ұйықтасаң түсіңе кіретін түрлері сұмдық қорқынышты екен.

⚡️ @egovpress


Қайран, Қарағандым-ай😂😂😂Сені осы үшін де жақсы көрем😂😂


Құр су іше берсең ішің сыздап кетеді. Нан жеп отырып ішсең қарның тояды. Бірақ, нанды да көп жесең зияны бар.
Тырманың басын бассаң сабы маңдайыңды айыруы мүмкін. Бірақ, соны біле тұра қайта-қайта басатындар болады.
АЭС насихаты шегінен шығып кеткен кезде кері әсер беретінін жер-жердегі ІС басшылары, бас мамандары білуі тиіс. Бірақ, олар басқаша жұмыс істеу білмейді. Көзін ашқаннан көргендері осы жүйе, осы домбал әдіс. Сондықтан да маңдайларын дәкемен орап алып тырманы қайта басады. Бірақ, бұл жолғы тырманың сабы қысқа болса иегін айыратынын білмейді. Круглый дорақ қой өйткені😂😂😂


Біздікілер бірдеңе жасаса шегіне жеткңзіп, адамның не құсқысын, не тышқысын келтіретіні нес? Кешелі-бүгін Қайрат Нұртас бар, үйленіп жатқан жастар түскен ролик бар, опшым референдум жайлы типа PR видеоны біразіміз көрдік. Осының барлығын саралай келе АЭС туралы қысқа ролик сценариін сатам деп шештім. Бағасы жайлы жекеде сөйлесеміз. Қолымнан келетіндігін көрсету үшін бірінші сценарийді тегін ұсынам.
Ауыл. Спецовка киген бір жігіт өмірден түңіліп, өлмекке бекінеді. Секіріп өлуге биік ғимарат жоқ. Ойлана келе трансформаторға тоққа түспек болады. Жетіп барып, қос қолымен трансформатордың өкпе-бауырын шаша бастайды. Сөйтсе, қырсыққанда ауылда свет сөніп қалыпты. Шымылдық. “АЭС болмаса әр ауылда свет жиі сөнетін болады”, деген титрмен аяқтаймыз.


Норвегиямен тең ойнап жатырмыз әзірге. Негізі, Холанд деген бөжәй жігіттің топ командаларға қарсы ойнай алмайтын қасиеті бар еді…


Жигули көкемді жолдаудың “Арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтады. Егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екені белгілі болды. Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық”,-деген жерде көрсете қалуы жәй сәйкестік пе😎
Бүлдірген егеміз деп бірдеңені бүлдіріп жүргені жайлы ақпарат шығып еді бір кездері😂

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.