Шимайшы


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Bloglar


Бұл жерде түрлі оқиғаларға деген көзқарасым, тіпті, фейсбукта жазбайтын дүниелер де жазылуы мүмкін. Күнделік очм...

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Bloglar
Statistika
Postlar filtri


Ұлытау облысына қарасты “Жомарт” кенішінің шахтасының төбесі опырылып, жеті кенші жер астында қалды. Кабелдердің үзілуіне байланысты қазір жерастымен байланыс болмай тұр. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жаратқан өзің жар бол!


Біздің қаламызда өздерін "Біз қаланың проблемасын көтеріп жүрміз",-деп есептейтін 2-3 адамнан тұратын редакция бар. Тілі орысша. Арасында дұрыс дүниелерді де айтады. Көбіне, "қуып кететінін" де мойындаймын. Әрекеттеріне аса мән бере қоймайтынмын.
Өткен жұма күні қонақта болдық. Әңгімеден әңгіме шығып, "Айсұлтан, сен Алданыш марқұмды танушы ме ең?" деп сұрады біреу.
-Қай Алданыш?
-Сарандағы ше? Асаба болып жүретін, арасында "Жайдарман" ұйымдастыратын. Мәдениет жағында істейтін қара жігіт...
Иә, Алданышты студент шағынан білетінмін. Марқұм болғанын сол жерде естіп отырмын. Денем бір суып, бір ысып кетті. Біздің ауылдың 1979 әлде 80-жылғы жігіттерімен бірге Саран пединститутында оқыған. Түбі қай жақтың жігіті екенін білмеймін. Ауылға курстастарымен еріп келген кезінде танысқанбыз. Одан кейін де бірнеше мәрте көргенім бар. Бірде тойда, бірде әлдебір іс-шарада дегендей. Үнемі күліп жүретін жігіттін...
Алданышты соңғы рет әлгі редакцияның инстапарақшасынан көргенмін былтырлары. Сюжетсымақта "Мәдениет үйіне бөлінген пәлен млнды жеп қойған міне, мынау" дегендей сөздерден қашып, алақанымен объективті жасырмақ болған түрі есімде. Түтігіп кеткен. Сол кезде ол мәдениет үйін ресми басқармаған. ВриО деуші мек, сондайтын.
"Алданыш жемқорлықпен айналысып кетсе мына мемлекеттің болашағынан үміт жоқ екен" деп ойлағам да қойғам.
Неге екенін білмеймін, содан кейін сол мәселе естен шығып кетті. Әлде, өзім авариядан соң соттасып жүрген кезбе, әлде, содан сәл бұрын ба, әйтеуір есімнен шығып кеткені һақ.
-Сол Алданыш жаладан қайтыс болды ғой. Марқұмның үйі де жоқ. Өзі көп балалы еді. Жеп өлсе қазір келіншегі сол үйде отырар еді ғой. Жүректен кетіпті байғұс жалаға шыдай алмай...
Таныс келіншек самбырлап тағы бірдеңелерді айтып жатты...
Неге мемлекет өзінің адал сарбаздарын қорғамайды екен...
Неге жүйе осындай жақсы жігіттерді құрбандыққа шалып жібереді?
Ақшаны шын мәнінде жеп кеткен кім? Әлгі редакцияның қолы қан ендігі жерде мен үшін...


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Достар, "Бес сөз" жобасы қайта оралды.
Инфляцияны ескере отырып шоколадымыздың көлемін кішірейткенімізді мойындаймын😁.
Былтыр наурыз айында көлік апатына түсіп оңалуымызға, соттасуымызға 10 ай көлемінде уақыт кеткенін білесіздер. Сол екі ортада шығармашылық тоқырауға түскен едім.
Сол кезде барынша қолдаған Saryarqa Aqparat медиахолдингінің басшылығына және әр қызметкеріне алғысым шексіз.
"Бес сөз", "Қара жәшік", "Олдтар біледі" секілді жобаларымды осы холдингке қарасты "Life09 ақпарат агенттігінің парақшаларына жариялайтын боламын.
Сондай-ақ, былтырғы аштығымды басуға қол ұшын созып, еңбек адамына қатысты жобаның(айына екі мәрте шығады деп жоспарлап отырмыз) тізгінін ұстауға мүмкіндік беріп отырған Saryarqa TV телеарнасына да алғыстан басқа айтарым жоқ.
Мен үшін жанкүйер боп, шыр-пыр болған Maira Tóleý-begim апама да рахметімді айтамын.
Әзірге, "Бессөздің" биылғы алғашқы санын қабыл алыңыздар!


Қара төбет
Былтырғы Канн фестивалінің "Ерекше көзқарас" номинациясын алған Гуань Ху атты қытай режиссерінің фильмі. Бұл режиссерді әлем "Восемь сотен" фильмімен таныған. Себебі, 2020 жылы әлемде ең көп касса жинаған фильмдер ішінде екінші орынға табан тіреген екен. Өзі режиссер, өзі сценарист бұл жігіт патриоттық бағыттағы туындыларымен Қытайда Санжыдан шыққан Қабибол Қанапия секілді елге мәлім.
Жә, "Қара төбетке" қайта оралайық. Атауын "Қара ит" немесе "Қара тазы" деп алмаған себебім - төбет атауы жарасыңқырайтын секілді көрінді өзіме. Кинодағы ит не тазы емес, не төбет емес дүрегей шатыс бірдеңе әйтпесе. Дене тұрқы жарғақ құлақ тазыға, орыс борзысына келеді.
Сонымен, фильм бізді 2008-ші жылға шегіндіреді. Қытай. Елде Олимпиада болғалы жатыр. Бірақ, шалғайдағы ауылдар мен қалалардың жағдайы мәз емес. Бас кейіпкеріміз Гоби шөлінің бір бұшпағында орналасқан шағын қаланың тұрғыны. Қала болғанда да тоқсаныншы жылдары қаңырап қалған шағын қалаларды еске түсіретін мекен. Әлгі біздің "Қазақстан-2030" деген жазуымыз секілді қираған дарбазаларда "Олимпиада-2008" деген жазулар тұрады. Жұрт жаппай үлкен қалаға қоныс аударуда. Жұмыссыздық, ішкілік дегендей сүреңсіз өмір.
Бас кейіпкеріміз Лан он жылдан артық түрмеде отырып келген. Бұрынырақта қалаға танымал рок бағыттағы әнші, мотоциклдің құлағында ойнаған жігіт, қаңыраған қалаға қайтып келеді.
Олимпиада алдында қаңғыбас иттерді жаппай аулап, Гоби шөліне жібере салған екен. Ол иттерге қаладан көшкен тұрғындардың тастап кеткен иттері қосылып, қала тұрғындары мен жабайы ит саны қатарласып қалған.
Қаңғыбас иттер қала тұрғындарына маза бермегендіктен жергілікті әкімдік ит аулайтын топ құрады. Түрмеден енді шыққан Лан осы топқа қосылады. Дәп сол тұста қаланың әр бұрышынан "Құтырған қара төбетті ұстап әкелген адамға сыйақы берілетіндігі және қаланың құрметті азаматы атанатындығы" жайлы радио хабарлама қаланың әр бұрышындағы дыбыс ұлғайтқыштан саңқылдап тұрады...
Ит аулау барысында Ланды қара төбет қауып алып, ит те, адам да бір апталық карантинге жабылады. Адам мен иттің достығы осы жерден басталады.
Айтып, айтпай не керек, екеуі біраз тепкі, теперіш көреді. Лан түрмеге абайсызда кісі өлтіріп алып түскендіктен бостандықта оны марқұмның туыстары тайраңдатып қоймайтындығы белгілі. Баласы түрмеге кеткен соң әкесі ішімдікке әуестенеді. Түрмеден келген ұл мен әкенің арасында салқындық бар дегендей...
Кино аяқталған кезде төбет дегеніміздің жәй ғана төбет екенін, ал, нағыз төбет басты кейіпкеріміз лан екенін ұғынасыз.
Кино қалың жұртшылыққа арналмаған. артхаус бағытындағы дүние. Алғашқы 15 минуттан соң өшіріп тастауыңыз да мүмкін көріп отырған құрылғыңызды. Бірақ, айтар ойы бар фильм. Қандай қиыншылық болса да өмірдің жалғасатынын, алға қарай адымдай беру керек екенін тағы бір мәрте еске салатын туынды.


Қара төбет


Таң атпай ауыр жаңалық бөліскім келмеген. Облысымызда Саран деген қала бар. Сол жердегі әлдебір дүкеннің сатушысын қарақшы пышақтап, дүкенді тоүап кеткені бақылау камерасына түскен. Біраз сайт жазып та тастады. Видеоны жариялағандар да бар. Опшым, күдікті ұсталыпты:

Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Саран қаласының 27 жастағы тұрғының өліміне қатысты бар деген күдікті ұсталды. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобымен 50 жастағы күдікті қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Жуырда сіздер тұрмақ өзім ұмыта бастаған “Ұмытылған” атты жобамды қайта қолға аламын. Бұл жолы елді мекен жанынан ашылған кәсіпорындар жайлы сөз қозғаймыз. Өндіріс ошағы ашыларда берген уәдесін орындады ма, әлде, ұмытып кетті ме…


Бүгін құдайы аста некрофил туралы уағыз тыңдадым. Астан соң имамға ренішімді айттым. Толығырақ ертең не дүйсенбі жазармын🤓.


“Күшті президент-ықпалды парламент-есеп беретін үкімет” деген слоган бар еді. Күш те, ықпал да президентте еселеп артып жатқандай.
Кейінгі саяси оқиғаларды айтам да… Сатиралық парақшаның иесіне тиіскен соң қойдым.
“Следующий будеть бірдеңе”,-дегенді алғашқы атамыз сәуегейлікпен айтқан екен


📌Ұшақтың бір двигателіне құс кірген жағдайда екіншісімен де сәтті қона береді. Сондықтан бұл нұсқаны сызып тастау керек.
📌Құстың тұмсығы бұлай теспейтіні анық. Бір дроннан мынандай шұрық-тесік із қалмайды. Сірә, бытыра тәрізді шашырай жарылатын снаряд болса керек-ті…
Не болса да нақтысын сала мамандары айтар. Қайтыс болған жандардың жақындарына көңіл айтам. Зардап шеккен адамдар сауығып, қатарға жылдам қосылсын!


Ана жолы ақын қарындасымыздың кешіне бара алмай қалғаныма іштей налып ем. Бармағаным жөн бопты.
Скрин иесі мен емес. Ая Өміртайдың постының астынан әкелдім


Дариға Бадықова деген ақымақ “Моанаға бармаңдар, бөтен елдің бюджетіне ақша құймаңдар. Менің таптым-ау сені2 кинома келіңдер”,-деп шаптығып отыр. Ол ғатынның бірінші фильміне де бармағам. Әлемдік деңгейдегі шедеуірді өзінің құсық скетчімен салыстырды-ау. Басы істесе әлемдік деңгейдегі әр фильм ел кинотеатрында қазақ тілінде көрсетілуі тиіс екенін, Моана сынды санаулы ғана аудармаға шүкір етпеу керегін, талап ете білу керек екенін айтар еді…
Опшым, Дариғаның фильміне байкот жариялаймын!


Жо, басқа мемлекет басшылары келгенде де жазыппыз бұлай. Бізге жақпауының себебі, ана жолғы 43 млнның әңгімесі бәрінің кезегімен келе қалуында. Содан кейін баяғы бодандығында болғанымыз бар дегендей…
Жалпы, дұрыс еместеу іс болды


Табаныңызды жалайық па, ұлы мәртебелім?


21 жастағы маори қызының әрекетін қайталайтын біреу болмағаны ма? Тым болмаса сондай мультфильм ұйымдастыра салу керек еді. Бірақ, ол қыздікі шынайы әрекет.
Әй, ептілер-ау тым болмаса 4 адам қалыс қалып, 7-8 адам қарсы шықса да өтер еді-ау соо заң…


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Көшенің тазалығына әңгімем жоқ. Бірақ, қардың жауғанына біраз болған еді. Қайда әлгі мақтаулы пәленбай техникаларыңыз? Неге үлгермей жатырсыздар? Буынсыз жерге пышақ ұрып, қар жауғанның ертесіне видео түсіріп тұрғам жоқ. Сізді “хозяйственник” әкім дейді жұрт. Сол үшін де сыйлаймын. Бірақ, қар жапалақтап жауа қалса маңырағалы тұрмыз-ау…
#қарағанды #караганды #кудасмотритакимат #қарағандыоблысы


Еститін үкіметтің шағын механизмі осылай жұмыс істеу керек




Тәлкекке түскен тағдыр…
Біреулердің айтуынша туған ағасы пәтерден қуып шыққан. Яғни, түрмеден қайтып келген інісін қабылдамаған. Содан бері бұл жігіт осылай отыр…
Екінші біреулер ағасы мұны бірнеше жерге жұмысқа орналастырған. Бұл сиыспай шығып кете берген. Қазір көңілі қалғаннан кейін тіпті, есігінен сығалатпайды дейді…
Үшіншілер ағасының үйі жеке, інісінікі жеке. Кезінде алаяқтарға алданып қалған дейді…
Кім не десе де мына көрпенің астында адам отыр. Іштегі өкпесін, ызасын қаншама жылдан бері осылай көрсетуде. Сүрініп кеткен тағдыр иесін қолтығынан демейтін қоғам қалыптаспағаны көрініп қалады осындайда…


📌Ғазиз ағамнан көп дүниені үйрендім. Мені техникаға алғаш баулыған да осы кісі. Үшінші класс оқитын жылы Т-40 тракторын тебуді үйретті. Тіпті, ктп4 деп аталатын шөп шалғы тіркелген тракторды да емін-еркін тебе беретінмін.Жайлауымвзға соққан кезде трактор теуіп жүргенімді көрген кей үлкен кісілер таңғалып бас шайқайтын. Кейінірек Ғазиз ағам Балқаш қаласындағы әскери авиация бөліміне кеткен соң мен техникадан алыстап, төрт түлік малға толықтай берілдім. Ағаларым маған сенгені сонша жылқы, сиыр, қой дегендердің санын аптасына бір санайтын. Ол кісілер шөп пен егінде алаңсыз жүрді.
📌Ол кезде ауылдың мектебі тоғыз жылдық. Он-он бірді Балқашта оқыдым. Мәшне тебу, басқа тірлікке араласуды Ғазиз ағамнан қайта меңгере бастадым.Бұл 1999 жылдармен тұспа-тұс келетін оқиғалар, естеліктер желісі.
📌Мемлекеттің есін жимаған кезеңі. Жұртта ақша жоқ. Әскерилердің айлығы 4-5000 теңге жобасы ғана. Ағам екеуміз кешкілік уақытта тапсырыспен бақуатты адамдардың ескірген дивандарына паралон салып, сыртын велюр материалмен қаптаймыз. Қарағаннан сыпырғыш жасап сатамыз. Біздікі жәй ғана қол ұшын беру. Жұмыстың көбін ағам өзі жасайды.
📌Авиация болған соң ұшақ болады. Ұшақ керосинмен ұшады. Әскери бөлімдерде керосиннің өзі тапшы. Қанша тонна екенін білмецмін үлкееен әрі ұзын бөшкелер болатын әскери бөлімде. Әскерилер резервуар для керосина дей ме өздерінің ресми тілінде сондай бірдеңе. Мен ғой қазақшалап бөшке деп отырған. Үзындығы пойыздың вагонының жартысындай шығар. Осы бөшкедегі керосин біткен кезде бңздің тірлік басталады. Бұл еш ұрлвқ емес. Таза күн көріс еді. Себебі, әлгі бөшкенің кранын ашсаңызда ішінен керосиннің бір тамшысы да тамбайды. Себебі, керосин шүмектің тесігінен төмен жатыр. Ағам менің қолыма солдатский әлеумен күрешке мен екі жиырма летірлік темір кәністір беріп арқанмен резервуардың ішіне түсіреді. Күрешкемен бөшке түбіндегі керосинді қырып жүріп канистрге құйып алам. Қазір айтуға һәм жазуға оңай ғой. Ана бөшкенің ішіндегі иістен масаң күйде шығасың. Таксикоман деуші ме еді мұндайды😎.
Ана шетінен мына шетіндегі люкке жету мұң болатын кейде. Тәлтіректеп, намыстана тістеніп екі канистр толғанша таза ауаға шықпай, бөшкенің түбін қырнай беретінмін… Так ышто кейде менің жарыместеу тірліктерімді көрсеңіздер аса қатты мән бермеңіздер😂😂😂Миы кепкен адаммын.
📌Қазіргі балалар ақша қадірін білмейтіндей… Ата-анадан көп дүние күтетіндей… Иә, білем, оларды қамтамасыз ету біздің тікелей міндетіміз. Тек, күндердің бір күнінде аяқ асты өмірден озсақ балаларымыз мына қатал өмірге дайын ба?
Бүгін Ғазиз ағам медициналық тексерілуден өтуге келді. Бір кездегі күші тасып тұрған ағаларымның жәйлааап қартайып келе жатқанын көргенде жылағым келеді. Сіздер аман болыңыздаршы…

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.