Жылда оқу жылы басталарда оқушы қыздың мектепке хиджаппен келуі және мектеп формасы тақырыбында дау туатынын білесіздер.
1️⃣ Қарағандыда Жаслан Айтмағамбетов атты құқық қорғаушы бар. Сол жігіт кеше өзінің инстаграмм парақшасында даулы мәселеге нүкте қоймақ болып бір дүние жазған болатын. Онысы сәтті болды деп айта алмаймын.
"Жоғарғы сот қыздардың мектепте орамал таққанына байланысты балалардың білім алу құқығы мен орамал мәселесіне нүкте қойды. Жоғарғы Соты облыстық соттың шешімін бұзып, оқушының орамалына байланысты шектеулер білім алу құқығын бұзады деп таныды. Балалардың құқықтарын қорғауға бірнеше заңгер мен белсенділер қатысты", – дейді құқық қорғаушы.
2️⃣ Иә, соттың бұл шешімі рас. Бірақ, Жоғарғы Сот мектеп формасына қатысты дауға нүкте қойған жоқ. Яғни, Білім министрінің мектеп формасы жайлы бұйрығы өз күшін жойған жоқ.
3️⃣ Сондықтан да, мектепке ертеңнен бастап орамалмен кіріп бару, Жасланның инстаграмын скриндеп алып мұғалімдермен қырылысудың еш мәні жоқ. Мектеп формасының сақталуы ата-ананың міндеті екенін ұмытпаған жөн.
4️⃣ "Сонда сот нені заңсыз деп тапты өзі?", деген сұраққа ораламыз. Ата заңымыз бойынша әр адам тегін орта білім алуға құқылы екенін білесіз. Осы тұрғыда оқушының сабаққа жіберілмеуі заңсыз деп отыр Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты. Ал, мектеп формасына еш өзгерту енбеді. Сондықтан да, бала тағдырына мектеппен қатар ата-ана да жауапты. "Шүу" дегенге желпілдей бермей, ки деген киімді киіп балаларыңызды оқытыңыздар. Дұрысы сол