Биыл қыс қандай болады?Синоптиктер 2024-2025 жылдардағы қыс мезгіліне маусымдық ауа райы болжамын жариялады.
Желтоқсан айында еліміздің оңтүстік жартысында жаңбыр және жабысқақ қар жауады, таулы аймақтарда қалың қар жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.
Солтүстікте желтоқсан айының бірінші жартысында ауа температурасы:
▪️түнде -18 -23-тен -7 -12 градусқа дейін,
▪️күндіз -4 +1-ден -8 -13 градусқа дейін ауытқиды.
Желтоқсан айының екінші жартысында ауа температурасы:
▪️түнде -25 -37 градусқа дейін,
▪️күндіз -15 -25 градусқа дейін төмендейді.
Үшінші онкүндікте аяздың беті қайтады деп болжануда.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -10 -18-ден 0 -5, күндіз 0 -5-тен +3 +12-ге дейін құбылады.
Желтоқсанның үшінші онкүндігінде кей күндері аяз түнде -15 -22, күндіз -5 -13 градусқа дейін күшейеді.
Желтоқсан және қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында болады. Ақпан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады.
@sputnik_aitady