Postlar filtri


Құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылды

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Атап айтқанда, Ақжар ауданы әкімдігінің бас маманы букмекерлік кеңседе жүйелі негізде «ставка» қойып келген.

Сондай-ақ Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандары да осындай әрекетке барған.

Олар дереу жұмыстан босатылды.

Айта кетері, өткен жылы елімізде мемлекеттік қызметшілерге құмар ойын ойнауға тыйым салатын заң күшіне енді.

@sputnik_aitady


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Шаққалиев уақыт белдеуінің халық өміріне әсері жайлы: «теріс әсері болмады»

Сауда министрі Арман Шаққалиев бүгінгі үкімет отырысында осылай деді.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында жұмыс кестесі өзгергенін атап өтті.

«Қажет болған жағдайда бұл тәжірибені басқа өңірлерде де қолдануға мүмкіндік бар», - дейді ол.


@sputnik_aitady


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🇰🇿🇦🇿 Әзербайжанның сыртқы істер министрі Астанаға ресми сапармен келді

Джейхун Байрамовты әріптесі Мұрат Нұртілеу қарсы алды.

@sputnik_aitady


Абай облысында осындай қалың қар жауған

Оқырмандарымыз түсірген видеоларымен бөлісті.

📍Үржар ауданы

@sputnik_aitady


🇰🇿🇨🇳Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері бірнеше күнге жабылады

«2025 жылдың 21 наурызынан 23 наурызына дейін Наурыз мейрамына байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы барлық автомобиль өткізу бекеті жабылады», - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.


Жетісу облысындағы Достық және Алтынкөл теміржол бекеттері тәулік бойы қалыпты режимде жұмыс істейді.

@sputnik_aitady


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
This channel can’t be displayed because it violated local laws.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қызылорда облысының Жосалы кентінде екі көшеге су жайылды

Су тұрғын үйлердің аумағына кірмеген, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға барлығы 150-ден астам адам және 14 техника жұмылдырылды.

"Қазіргі уақытта еріген қар суын сору және бұру жұмыстары толығымен аяқталды, жағдай тұрақты", - деп жазылған ведомство хабарламасында.


@sputnik_aitady


ЕАЭО елдерінде бір жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі 20%-ға төмендеді

2024 жылдың желтоқсан айының соңында жұмыспен қамту қызметтеріне 572,2 мың адам тіркелген.

Айта кетері, 2023 жылдың аяғында 700 мыңнан астам адам болған еді.

@sputnik_aitady


8 наурызда елімізде 366 қыз дүниеге келді

Денсаулық сақтау министрлігі осындай статистикамен бөлісті.

Мереке күні 769 сәби дүниеге келген.

Оның ішінде 366 қыз, 403 ұл, сондай-ақ 5 егіз.

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді.

Ал екінші орында Алматы, Шымкент және Астана қалалары тұр.

@sputnik_aitady


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қолайсыз ауа райы елордалықтарды әбігерге салды

Бүгін қалада 100-ге жуық жол апаты тіркелді.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда аса сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ қаладан барлық бағыттағы тас жолдар жабылғанын еске салады.

@sputnik_aitady


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Павлодарлық дәрігерлер әйелдің ішінен үлкен ісікті алып тастады

19 литр сұйықтық алынды.

Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасында бірегей ота жасалды.

55 жастағы науқастың іш қуысы мен жамбасында көлемді ісік болған.

Ота 2,5 сағатқа созылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, әйелдің жағдайы қалыпты.

@sputnik_aitady


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Шымбұлақта қар көшкіні болды

Әлеуметтік желіде видеосы тарады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қар көшкіні шаңғышылардың әрекетінен болған.

"Шымбұлақ" тау шаңғы курортында үш шаңғышы өз еркімен шаңғы аймақтарынан шығып, қар беткейін кесіп, көлемі шамамен 3500 м3 қар көшкінін тудырды", - делінген мәлімдемеде.


Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Видео: makhambet1720

@sputnik_aitady


Мұса Әбдірайым кепілден босатқан әуежай қызметкерімен кездесті

Ол суреттерді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

▪️7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алмақ болып, пышақпен қорқытқан. Сол маңдағы Мұса аға қаскүнемді әңгімеге айналдыра отырып, сәті келгенде қолынан пышақты жұлып алған болатын.

@sputnik_aitady


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Қорғаныс министріміз Италияда мергендігін көрсетті

Руслан Жақсылықов бастаған қазақстандық делегация Италияның әскери нысандарымен танысып шықты.

Сапар аясында қазақстандық делегация Пратика-Ди-Маре теңіз авиабазасына және италиялық әуе күштерінің әскери әуежайына барды.

@sputnik_aitady


This channel can’t be displayed because it violated local laws.


This channel can’t be displayed because it violated local laws.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Полиция Түркістан облысында ұсталған топ туралы ақпарат жариялады

Олар экстремистік материалдарды таратқан.

Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

Дереккөз: Polisia.kz

@sputnik_aitady


This channel can’t be displayed because it violated local laws.


🇰🇿🇮🇹  Италия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің арасында үшінші орында

Бұл туралы Тоқаев Астанаға келген
Италия президенті Серджо Маттарелломен өткен кездесуде айтты.

Екі ел басшысы келіссөздер жүргізді:

▪️Былтыр екі елдің өзара сауда айналымы 20 млрд долларға жуықтаған.

▪️Италия ел экономикасына қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кіреді.

▪️Президенттер бұған дейін 2024 жылы қаңтарда Рим қаласында кездескен болатын.

@sputnik_aitady


Алматыдан ұшатын рейстер кешігіп жатыр

Air Astana ауа райының қолайсыздығы себеп болып отырғанын хабарлады.

"Әуежайға шықпас бұрын рейс статусын әуе компаниясының сайтынан тексеріп алыңыздар", - деп ескертті компаниядағылар.


Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы бұзылып, тас жолдар да жабылып жатыр.

@sputnik_aitady

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.