🇰🇿🇬🇼 Қазақстан мен Гвинея-Бисау Президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығының құрылымы және қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.
Оның айтуынша, екі ел орталық алаңында инвестиция, жасыл және исламдық қаржыландыру, сондай-ақ қаржы саласының мамандарын оқыту секілді басым бағыттар бойынша ынтымақтастық орната алады.
Бүгінде АХҚО арқылы тартылған инвестиция көлемі 14 млрд долларды құраған.
Оның 6,7 миллиард доллары – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар.
Орталықта әлемдегі 85 елдің 3400-ден астам компаниясы тіркелген. Олардың қатарында Африка құрлығынан 6 компания бар.
Қазақстан мен Гвинея-Бисау президенттеріне прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығы мен Жасыл қаржы орталығының қызметі туралы баяндалды.
👉 Бізге жазыл | zakon.kz