Postlar filtri


«Тәж әл-ғарус»
(Тақуалық пен мінәжат жайлы кітап)
Авторы – Имам ибн Атаилла әс-Сәкәндари (рахимаһулла)

Әрдайым жақсылыққа кенелгің келсе мына бір дұғаны айт: «Уа, Аллаһым! Мен Сенен сүйікті елшіңе ісіммен де, сөзіммен де еруімді сұраймын».

Жүрек – Аллаға құлшылық ету арқылы суғарылатын бір тал. Көздің жемісі – жаратылысықа қарап пікір қылу. Құлақтың жемісі – құран тыңдау. Тілдің жемісі – зікір. Аяқ-қолдың жемісі – ізгілік жасау.

Дүниенің мысалы үлкен бір қора секілді. Бірі өзіне пайда болар, кейін рахатынан көретін төрт-түлік бағып өсірсе, басқа бірі ертең өзіңе зиян беретін жыландар мен шаяндарды бағады. Төрт-түлік бұл –құлшылық. Жылан-шая бұл – күнәлар. Ертең өзіңе зиян беретін амалдармен өз қораңды толтырып алма.

Бір хадисте: « Дүние – тәтті де тартымды» делінсе, басқа бір хадисте «Дүние – жиіркенішті бір өлексе іспетті» делінді. Қалай бір ғана дүние екі хадисте бір-біріне қарама-қарсы мағынада айтылып тұр?!

Яғни, дүние ғапылеттегі адам үшін – тәтті де тартымды. Ойланатын ақыл иесі үшін – өлексе іспетті бір лас нәрсе.

Әрдайым ояу халде бол. Ғапылда қалып қойма. Ұрылар үй иесі ұйқтап жатқан кезде ғана ұрлыққа түседі. Шайтан да дәл солай. Мүмін ғапылда болған кезде азғырып, өз арбауына түсіреді.

Ақырет амалдарын бірінші орындаудың орнына, дүние істерімен әлек болған адамның мысалы мынандай:

Аш арыстан алдына келіп, жеп қойғалы тұрса, бір маса келіп шағып алады, ал ол адам арыстанды ұмытып, масамен әлек болып кеткендей. Масаны қоя тұр, алдыда сені арыстан күтіп тұр.

Пенде намаз оқиды. Бірақ кейде намазы қабыл болуға жарамсыз. Ал егер намаздан соң истиғфар айтса, Алла сол намазын қабыл етуі мүмкін. Намаздан кейін бірден тұрып кетпей, артынша истиғфар қыл.

Сенің үш досың бар:

1. Дүние – сен өлгенде-ақ сені тастап кетеді.

2. Отбасың сен өлгеннен кейін қабірге дейін жаныңда болады.

3. Жақсы амалдарың – сен өлгеннен кейін де сенің жаныңда болады.


“Әдәбу сухбат әл-Әбрар”
(Ізгілермен достық құру әдебі)

📌Бауырларыңа кешірімді бол:

Фудайл ибн Ғияд бір сөзінде былай деген:
*«Шынайы батырлық – бауырларыңның қатесін кешіру».*

Имам Сәри әс-Сақати өзінің бір сөзінде: *«Ізгілердің ең көркем мінезі – бауырларына сау жүрекпен, шынайы ықыласпен қарым қатынас құру»* дейді.

📌Талас-тартыстан аулақ бол:

Бауырларың ренжітсе, қателерін кешір. Артық сөз таластыруға апарма. Өйткені пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде: «Туралық нәсіп етілгеннен кейін де адасқан қауымға талас-тартыс нәсіп етіледі» дейді.

📌Қарапайым бол:

Пайғамбарымыз ‎ﷺ: «Аллаһ Тағала маған «Сыпайы болыңдар, ешкім ешкімге даңдайсымасын және ешкім ешкімге зұлымдық жасамасын!» деп бұйырды» деген.

*Қарапайымдылық деген – тәкәппарлыққа берілмеу. Өзіңді басқалардан жоғары қоймау.*

Қарапайымдылық – ең ұлы нығмет. Әрі басқалардың қызғанышына ұшырамайтын нығмет. Адамдар сендегі барлық нығметті көреалмауы мүмкін. Тек қарапайымдылықтан басқа. “Неге ол қарапайым, неге мен қарапайым емеспін”– деп, саған ешкім қызғаныш көзін салмайды.

Әл-Мубаррид өзінің бір сөзінде:
*«Иесін басқалардың қызғанышына душар етпейтін жалғыз нығмет – қарапайымдылық»* дейді.

📌Бауырларыңды зиярат етіп тұр:

Абдулла ибн Масғуд (радиаллаһу анһу) өзінің бір сөзінде: *«Бір бауырымызды ұзақ уақыт көрмей кетсек, өзіміз барып іздейтін едік»* дейді.😍❤️


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
📌




❓“Кәйфә әтууб”
(Қалай тәубе етемін?)

Имам әл-Қуртуби (рахимаһулла) былай дейді: «Күнәға тәубе ету – мүміндерге парыз. Бұл үкімге бүкіл үммет бірауыздан келіскен».

Үлкен-кіші күнәлардың барлығына да тәубе етілуі тиіс. Алла елшісі ‎ﷺ өзінің бір хадисінде:

«Көзге еленбейтін кіші күнәлардан сақ болыңдар. Өйткені олар барлығы жинала беріп адамды біржолата құртып тынады» дейді.

Күнә сен мен Раббыңның арасында ғана қалуы керек. Өйткені Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің хадисінде: «Өз күнәсін өзі жария еткендерден басқа бүкіл үмметім амандықта болады» дейді.

Күнә жасап қойсам не істеймін?

Күнә жасап қалсаң, тәубе ет. Оны ешкімге айтпа. Тек Аллаға мінәжат қыл. Сосын былай жаса: “Пайғамбарымыз ‎ﷺ:

«Кімде-кім күнә жасап қойып, артынша дәрет алса, әрі дәретін жақсылап алып, екі рәкәт намаз оқыса, содан соң әлгі күнәсін тәубе етіп истиғфар айтса, Алла оны кешіреді» дейді. (Муснад Ахмад)

Тәубенің шарттары:

• Өкіну
• Күнәні тоқтату
• Ендігәрі қайта оралмауға шынайы бел буу
• Адамдардың хақысына кірген болса, олардан ақысын адал ету. (Кешірім сұрау, қарызы болса қайтару)

Тәубе етуші адам мына нәрсені білуі тиіс. Сен күнәні доғарған сәтте Алла саған одан да хайырлы нәрсені нәсіп етеді. Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай дейді:

«Кімде-кім бір істі Алла үшін тәрк етсе, Алла оған одан да хайырлысын нәсіп етеді». (Муснад Ахмад)

Күнәні тастауға көмек болатын істер:

• Ізгі дос табу
• Күнә орын алатын жерлерден аулақ болу
• Күнәға итермелейтін құралдарды тәрк ету
• Күнәһарларға қатысты айтылған құран аяттарын көп оқу
• Алланың азабы жылдам екенін ұмытпау
• Бос уақытын зікірмен толтыру

Алланың кешіріміне себеп болатын хадисте айтылған істер:

1) «Сәлем жаю(танығанға да, танымаған да сәлем беру) жақсы сөз сөйлеу». (Әл-Хараити, хадис)

2) Тамақ жеген кезде де, киім киген кезде де: “Бұны маған берген Аллаға мақтаулар болсын”– деп, әлһамдулиллә сөзін айту. (Термизи, Әбу Дәуд)

3) Садақа беру. «Расында, садақа – су отты өшіргендей, күнәларды өшіреді». (Ахмад, Термизи)


Имам әс-Суютыйдың “сәқил” адамдар жайлы жазған кітабы.

Сәқил адам деген – мінезі жұқсыз, жаныңда отырса зығырданыңды қайнатып, мәжілістің шырқын бұзатын, мінезі ауыр болған жағымсыз адам.

Бұндай сәқил болудың бір себебі – күнә. Күнәні көп жасағаны себепті Аллаға ұнамсыз болды. Аллаға ұнамсыз болғандықтан періштелерге де, жанындағы адамдарға да ұнамсыз бола бастады. Жасаған күнәсі мінез-құлқының бұзылуына әсер етті.

Сахаба Әбу Һурәйра мәжілісте осындай “сәқил” адамды кезіктірсе былай дейтін:

«Уа, Аллаһым! Бізді де, оны да кешір! Және бізді одан демалдыра гөр».

Мусәуир әл-Уәррақ былай деген:
«Расында, қандай да бір мәжіліс – мінезі жеңіл (көркем) адамдармен көркейе түседі».

Язид ибн Һарун бір “сәқил” адамды көрсе: «Уа, Аллаһым! Бізде сәқилдерден ете гөрме» деп, дұға қылған екен.

Ал ибн Шиһаб әз-Зуһри (Алла оны мейіріміне бөлесін):
«Егер қандай да бір жұқсыз адам мәжілістің көркін бұзса, сабыр ет. Сол бір сабыр етуің – құлшылық іспетті. Алайда ол одан сайын жалықтырып, мәжілістің шырқын бұза берсе, я сен оны жаныңнан тұрғызып жібер немесе өзің оның жанынан тұрып кет» деген екен.

Өкінішке орай жүрген жеріне шөп шықпайтын, қайбір мәжіліске қосылса, сол мәжілістің шырқын бұзатын адам әр ортада болады. Қашан тұрып кетер екен деп іштей қалап отырасың. Сондай кездерде әлгі дұғаны тіле😁.


*«Ей, адам баласы! Жасаған күналарың тіпті аспандағы бұлтқа жетіп, бірақ Менен кешірім сұрасаң, Мен сені ешнәрсеге де қарамай кешірер едім…»*

(Құдси хадис, Термизи📚)

Алланың мейірімі сенің күнәларыңнан да аса шексіз екенін сезін. Күнә жасап қойсаң, тәубе ет. Аллаға қайта орал. Намазыңды тастасаң, қайта баста. Орамалыңды шешсең, қайта ки. Құранның бетін ашпай кетсең, қайтадан оқып баста. Аллаһ сенің тәубеңді күтеді.❤️


Сүннетті орындаңыз✨
- Әбден ашыққанда ғана тамақ жеу


Таңғы зікір🌅

*Субхәәналлаһи уә бихәмдиһ* 100 рет!

“Алла- барлық кемшіліктерден пәк және аса даңқты,оған барлық мақтаулар болсын”✨

Таңғы зікірлерді оқуды ұмытпайық✨)


Түннің соңғы бөлігін рухани амалдарға арнау Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті сүннеттерінің бірі болған. Ол түнгі тыныштықта Құран оқудың және дұға жасаудың ерекше рухани пайдасын көрсеткен.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Тахаджуд❤️


Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға жақсы есімдер мен лақап аттар беруді жақсы көрген. Бұл адамның жүрегін жылытып, өзін ерекше сезінуіне ықпал етеді.


Пайғамбарымыздың (с.а.с.) балаларға ерекше махаббатпен қарайтыны мәлім. Ол оларды құшақтап, мейірім көрсетуді, оларға көңіл бөлуді ұнатқан. Бұл балаларға үлкен психологиялық әсер етеді.


📌




Өзгеріс әрқайсымыздан басталады, және бұл үшін үлкен істер жасаудың қажеті жоқ. Бүгін-ақ, қазір-ақ біреудің игілігі үшін шын жүректен дұға жасаңыз немесе кішкентай жақсылық істеңіз.
• Біреуге көмектесіңіз.
• Жылы сөз айтыңыз.
• Кешірім беріңіз.
• Жақсы тілек тілеңіз.

Алланың мейірімін тартатын ең жақсы іс — өзгелер үшін игілік жасау. Бүгінгі күнді біреуге пайда әкелумен өткізсек, өзгеріс осылай біртіндеп басталады.

❤️ Алла баршамызды ізгі амалдарда тұрақты етіп, жүрегімізге мейірім мен шынайылық нәсіп етсін!


*ҚОНАҚ КҮТУ ЖАЙЛЫ ХАДИСТЕР*

Қонақты күту – мұсылманның әдептілігі мен имандылығының белгісі. Қонаққа құрмет көрсету – Алланың разылығына жақындататын сауапты істердің бірі.

1. Қонақ күту – иман белгісі:
*«Кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірсе, қонағына құрмет көрсетсін».*
(Бұхари, Әдеб, 31; Муслим, Иман, 74)
2. Қонаққа жақсылық жасау:
*«Қонақ өз ризық-несібесімен келеді және қожайынның күнәларының кешірілуіне себеп болады».*
(Бәйһақи, Шуабул Иман, 5784)
3. Қонақтың құқықтары:
*«Қонаққа үш күн құрмет көрсету – міндет. Үш күннен кейінгісі – садақа. Қонаққа ауыртпалық түсірмеу – қонақтың міндеті».*
(Бұхари, Әдеб, 85; Муслим, Люқата, 48)
4. Қонақтың берекесі:
*«Қонақ үйіне береке әкеледі. Ол келгенде – ризық-несібесімен келеді, ал кеткенде – үй иесінің күнәларын алып кетеді».*
(Ибн Мажә, Әтғима, 55)
5. Қонақты жақсы қарсы алу:
*«Ең жақсы тағам – қонаққа дайындалған тағам».*
(Табарани, Мужамул Аусат, 5763)

Құранда қонақжайлық туралы:

Алла Тағала Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) қонақтарына көрсеткен құрметін мысал ретінде келтіреді:

«Ибраһимнің құрметті қонақтарының әңгімесін естідің бе? Олар оның қасына кіріп: «Сәлем!» – деді. Ол: «Сәлем!» – деді де, дереу қуырып қойып, оларға семіз бұзау етін әкелді».
(Зәрият сүресі, 24-26-аяттар)

Қонақ күтудің әдептері:
1. Қонақты жылы жүзбен қарсы алу.
2. Оған қолда бар ең жақсы тағамды ұсыну.
3. Қонақтың қажеттерін орындауға тырысу.
4. Қонақты шаршатпау немесе ыңғайсыздық туғызбау.

Қонақ күту – мұсылманның міндеті әрі құрметтің көрінісі. Қонаққа жылы шырай таныту, оны құрметпен күту – Алла разылығына жетудің және береке-ырысқа кенелудің жолы. Ислам қонақжайлықты иманның бір бөлігі ретінде көрсеткен.


Абдулла ибн Масъуд (радиаллаху анһу) былай дейді:

*«Жүректің кейде шабыты оянатын кезі болады. Кейде құлазып, шаршайтын да кезі болады. Сол себепті жүрек шабыттанған кезде көп амал жасап, құлазыған кезде тыныштық беріңдер».*


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.