Алматыда қар мен жаңбыр: қалалық қызмет сақадай-сай дайын
Алматыда түнгі және таңғы уақыт қар аралас жаңбырмен басталды. Таулы және тауға жақын аудандарда қар таңғы 5:00-де жауа бастады, ал қаланың өзінде қар 7:00-де қар жауды. Таңғы 9:00-дегі мәлімет бойынша қалада 4 мм жауын-шашын, Шымбұлақта 0,5 см қар түсті.
Күндіз қалада 565 арнайы техника мен 1069 жұмысшы жұмылдырылды. Арық өткелдерінің бітелуінің алдын алу және жергілікті су басу мәселесін жою үшін 32 мобильді бригада кезекшілікке дайын тұр.
Қаланың жоғарғы аудандарында (Медеу, Шымбұлақ, Бутаковка, ШААЖ және т.б.) жол сұйық көктайғаққа қарсы реагенттермен (85 м³ ерітінді) және құм-тұз қоспасымен (55 тонна) өңделуде.
Қазгидрометтің болжауынша, күндіз ауа температурасы +2…+4 °C болады. Жаңалықты қадағалап, жолда абай болыңыздар!
Facebook | Instagram | Telegram | TikTok