Динамика және әртараптандыру: Қазақстан экономикасының негізгі салаларына талдау
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (ары қарай – ҰСБ) мәліметі бойынша, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың нақты өсуі 3,2%-ды құрады. Тауар өндіру секторы 3,5%-ға, ал қызмет көрсету секторы 3,4%-ға өсті.
Жалпы ішкі өнімнің (ары қарай – ЖІӨ) құрылымында салалардың ішінде сауда саласының үлесі басым (16,0%), одан кейін тау-кен өндірісі (14,0%), өңдеу өнеркәсібі (12,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (8,4%) және құрылыс саласы (5,1%) келеді.
Жылдық үлеске қарай бағалағанда, сауда және өңдеу өнеркәсібі салалары экономикалық өсімге 0,7 пайыздық пункт (ары қарай – п.п.) үлес қосты, ал көлік пен құрылыс салалары 0,4 п.п., байланыс саласы 0,2 п.п. үлес қосты.
Сарапшы пікірі Бақберген Тоқтасыннан толығырақ оқыңыз.
https://economy.kz/?p=10135&lang=kk