🚙 Электромобильдердің қазіргі ахуалы мен келешегі, және оның энергетика саласына ықпалы туралы Kaz.inform.kz тілшілеріне сарапшылық ой-пікірімді бердім. ⬇️
😊 Әлемде электромобильдердің көбеюі жанармай тапшылығына емес, жанармай бағасының қымбат болуына байланысты. Мұндағы баға айырмашылығы Қазақстанда қатты білінбегенімен, Еуропа мен АҚШ-та жанармайға қарағанда электр энергиясының құны арзандау болып келеді. Екіншіден, электромобильдер ауаны дәстүрлі көліктерге қарағанда азырақ ластайды немесе мүлде ластамауы мүмкін делінген. Бірақ бұл тұрғыда зерттеуді қажет ететін мәселелер бар.
🌱Электромобиль иесі моральдық жағынан «мен экологияны ластамаймын» деп ойлауы мүмкін, дегенмен электр энергиясы қайдан шығады? Мысалы, Қазақстанның жағдайында электр энергиясының 70 пайызы көмір жағу арқылы өндіріледі. Көмір – ауаны ең қатты ластаушы отын. Таза энергия көздерін пайдаланбайынша, экологиялық тұрғыда электромобильдер толыққанды зиянсыз деп топшылауға ерте.
🪨 Электромобильдер өндірісінде сирек кездесетін металдар қолданылады. Соның бірі – басым бөлігі (жаһандық өндірістің 70 пайызы) Конгода өндірілетін кобальт. Аталған металдың өндірісі қалай жүруде, жұмыс күші ретінде кімдер пайдаланылады, қауіпсіздік деңгейі қандай? Бұл сауалдардың жауабы белгісіз. Біз тек өндірістің нәтижесін көріп отырмыз, алайда қандай металдан, қандай жағдайда жасалғанын көрмейміз.
🔋Сондай-ақ электромобильдердің утилизациясы келешекте проблемаға айналады. Бұл санаттағы көліктерде үлкен батареялар орналастырылған. Біз үй жағдайында пайдаланатын кішкентай батареялардың өзін қоқысқа тастауға жүрексінеміз, себебі онда күкірт қышқылының қоспасы бар. Яғни, электромобильге қолданылатын батареяларда оның көп мөлшері бары анық.
🌐 Жалпы, жер жүзінде миллиардтан астам автокөлік бар. Егер санға шағар болсақ, электромобильдер оның 1 пайызына да жетпеуі мүмкін. Бірақ жаңадан шығып жатқан автокөліктер арасында электромобильдердің үлесі көбейіп келеді. Кейбір Еуропа елдерінде, соның ішінде Норвегияда сатылып жатқан жаңа көліктердің арасында электромобильдер үлесі 90 пайыздан асып кетті. Басқа елдерде де баяу немесе жылдам қарқынмен үлесі көбейе бермек. Бірақ дәстүрлі көліктерді толығымен ысыра ала ма – оны уақыт көрсетеді.
⚡Тиімділік тұрғысынан мәселе бар. Кәрі құрлық елдері тығыз орналасқан, шаһарлар бір-біріне тым жақын, сол себепті қалалар арасында электромобильдерді қуаттау станцияларын оңай көбейтті. Ал Қазақстан секілді жері үлкен, халқы аз шоғырланған елдерде бұл процесс қиындау, электромобильмен алыс жолға шыға алмайсыз. Сондықтан электромобильдердің тиімділігі географиялық, елдің дамуы секілді факторлармен өлшенеді. Тиімділігі толық дәлелденбегеніне қарамастан, әлемде электромобильдер белсенді көбеюде, дәстүрлі нарықты ығыстырып жатыр. Көпшіліктің қызығушылығы бар, оны жоққа шығара алмаймыз.
Толығырақ "Электромобильдер адам денсаулығына қауіпті ме?" атты мақаладан оқи аласыздар.
🔵 https://t.me/EnergyAnalytics