Kommentator_Maulen


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Бұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ «E.Maulen»-ның ресми аккаунты.
Лицензия № KZ03VPY00102019, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 26.09.2024 жылы беріл
Жарнама бойынша: +77786243499

Bog‘liq kanallar  |  O‘xshash kanallar

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


Фарерді шашып тастау керек, басқа вариант қаралмайды

Евгений Аверченко да жақсы айтыпты;

"Молдовамен матчтан кейін келесі ойыннан не күтеріңді де білмейді екенсің. Мынадай масқарадан кейін жігіттер мінез танытып Фарер аралдарына қарсы керемет ойын көрсетеді деп үміттенемін. Команда өз жанкүйерлерінің алдында сәтсіздігін жуып-шайып, Астанада ұпай алға міндетті. Тек қана жеңіс күтемін".


Ардагердің айтқаны орынды ма?)
Ал сіздер қандай нәтиже күтесіздер?

@kommentator_maulen


Фарерден кейін шешім қабылданады

Джон ван'т Схип тағдыры екі күннен кейін шешілмек.
ҚФФ Нидерланд маманына соңғы мүмкіндік беретін секілді - Фарер аралдарына қарсы ойынға байланысты болады бәрі.
Ұзынқұлаққа сенсек, жеңіліс тіркелсе, бас бапкер орнын босатпақ...

@kommentator_maulen


55 мың халқы бар Фарерді қатарынан 3 рет ұта алмай келеміз

Фарер аралдарын қатарынан үш рет ұта алмай жүрміз... Иә, иә, 55 мың халқы бар Тараздың кішкентай шағын ауданындай ғана Фарер құрамасына шама келмей келеді 😳

Молдова жарайды, енді сейсенбідегі матчты жеңіспен аяқтамасақ...
Қандай есеп тіркеледі Фарер аралдарына қарсы?

@kommentator_maulen


Бас бапкерді орнынан дереу алу керек

Кешегі масқарадан кейін біраз пікір айтылуда. Арасында Вячеслав Эрбес кесіп айтыпты. ҚПЛ ардагері қанын ағызып жіберіпті;

"Айтарға сөз жоқ. Тура Станислав Черчесов сияқты бапкерді алыпты. Олардікі әр ойында ары кетсе бір голдан салу ғана ғой. Молдовалықтар Қазақстанға ешқашан 2 голдан артық салып көрмеген, бапкерді орнынан дереу алып тастау керек. Кешегіден кейін іліп алар жақсы ештеңе де тауып айта алмайсың. Мынадай ойынмен топтағы соңғы орын дайын деуге болады".


@kommentator_maulen


Өз вариантымды ұсындым Схип мырза өз уәжін айтыпты...

Бір жағынан дұрыс айтып отыр, кетем деп кете сала алмайды, келісімшарт бар дегендей. ҚФФ-ның ресми мәлімдемесін күтейік. Ал оған дейін Нидерланд маманы былай депті;

"Отставкаға кету туралы шақыруларға келсек – оны шешетін мен емес. Жұмысымды жалғастырамын деп үміттенемін. Жеңіске жеткенде достарыңның көп болатыны, ал жеңілгенде олардың жоқтың қасы екені түсінікті жайт. Бұл бапкер жұмысының бір бөлігі.
Біздің чемпионатта шынайы бейінді тірек жартылай қорғаушыларын табу шынымен қиын. Қорғаныс орталығына келсек, Әліп Қасым жарақат алды, сондықтан Темірлан Ерлановты шақырдық. Ол мені қатты таңғалдырды, үш жақсы ойын өткізді және стандарттарда қауіпті – сондықтан Сергей Малый қосалқы құрамда қалды".

Ал не дейсіздер??

@kommentator_maulen


🔥ХОРВАТИЯ — АНГЛИЯ

Ұлттар лигасының 3-турының басты кездесулерінің бірі! Хорватия мен Англияның топтағы жағдайы да қызық: екі команда да алғашқы екі турдан кейін 3 ұпайдан жинаған. ⚽️

Хорваттар алғашқы ойында Чехияны 2:1 жеңсе, кейін Испаниядан 1:4 есебімен жеңілді. Англия да Испанияға 2:3 есебімен жол беріп, Чехияны 2:0 ұтты. Енді Риекадағы кездесуде екі команда да ұпай үшін таласады.

🎁Ал достарымыз жаңа қатысушыларға 50 000 ₸-ға дейін сыйлық ұсынып жатыр! Қатысып үлгеріңіздер 👇

🔗https://fnbt.link/109f2


Фарерге қарсы қажет еді...

Годи бабында емес, әйтсе де Фарер аралдарына қарсы ойында көп көмек тигізетін еді ғой.
"Ахмат" сапында ойын тәжірибесі өте аз. "Елімайда" жүргенде қандай еді...

Кешегі матчта өзінің мүмкіндіктерінің тең жартысын да көрсете алмады.
Құрамадағы біраз футболшыға қатысты бұл әңгіме.

@kommentator_maulen


🇰🇿
Ұлттық құрама жеңілген кезде артынша кардиналды түрде өзгерістер орын алады. Өз алаңында Молдоваға жеңілсе жағдай шынымен де тревожный деген сөз. Болар іс болды… енді кім қызметтен кетеді? Менде 3-4 адамнан тұратын кандидаттар тізімі бар.

🔅 Мысалы бірінші кандидат бас бапкер Джон Ван Шкип. Мақсат орындалмаған кезде бірінші болып бапкердің “басы” кетпей ме?

🔅 Екінші кандидат Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиев. Күллі департамент жұмысына басшылық қылатын кісі осы жағдайға тікелей жауапты болуы керек емес пе? Оның үстіне U-19, U-21 екеуі де жаппай жеңіліп жүр. Сондықтан Руслан Тахирұлының креслосы шатқаяқтап қалғандай.

🔅 Келесі үміткер - Геннадий Скуртул. ҚФФ техникалық директорының басына қара бұлт үйіріліп тұрғаны бұрыннан белгілі. Бапкерлер даярлап, курстар өткізіп ел футболына үлес қосатын азаматтың жұмысында ілгерілеу жоқтың қасы. Молдовалық маманнан елдегі жас бапкерлер де мезі болып отырғандай. Молдовалық маман бізге футбол үйретсе онда Молдовадан жеңілуіміз заңды құбылыс шығар!

Осыдан кейін үшеуі де жұмыста қалып жұмысын жалғай береді дегенге сену қиын көрінеді.

@kommentator_maulen

3.9k 0 5 46 105

Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish

4.8k 0 0 66 163

2:2 көріп тұрған жоқсыңдар ма?


Бұрыштама, айып добы қаптайды аспан.
Сол кезде гол салады Малый баспен!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Молдова төсек салып жатады енді

Бірінші тайм қалай?
Молдовамен ойын осылай болады деп кім ойлаған...
Ал енді сұрақ 😳 қарсылас 6-7 қорғаушы болып ойнайды.
Енді момент тауып көр деген әңгіме ғой...

@kommentator_maulen


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Молдовамен матчтың негізгі құрамы

Қалай? Варианттарыңыз...

@kommentator_maulen


ҚАЗАҚСТАН 🇰🇿 — МОЛДОВА 🇲🇩

Ұлттар лигасының 3-туры! Қазақстан құрамасы бүгін Астана Аренада Молдованы қабылдайды. Екі команда да алғашқы екі турдан кейін 1 ұпайдан жинаған. ⚽️

Фарер аралдарымен 1:1, Словакиямен 1:2 — енді өз алаңымыздағы матчта үш ұпай үшін күресетін кез.

🇰🇿 Бүгін Қазақстан жеңіске жете ала ма? Қалай ойлайсыздар?

🎁Ал достарымыз жаңа қатысушыларға 50 000 ₸-ға дейін сыйлық ұсынып жатыр! Қатысып үлгеріңіздер 👇

https://fnbt.link/109f2


ҚФФ осылай жасапты

Қай қаладан жанкүйер боламыз енді?
Айта отырайық 😍

@kommentator_maulen


Әрсен жақсы көрініп еді

Джон ван'т Схип кешке болатын бәсекенің тізімінен біраз футболшыны алып тастапты. Арасында Әрсен Әшірбек те бар. Өткен ойында жақсы қырынан көрінген еді...

Молдовамен матчта сондай-ақ Стас Покатилов, Исмаил Бекболат өнер көрсетпейді.
Бапкерлік құрам ситуацияны жақсы біледі, әрине ойынға дайын жігіттерге сенім артқан шығар.
Бастысы бізге жеңіс керек 🇰🇿

@kommentator_maulen

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.