Керемет кредит (бірінші тұрған емес, қажетсінген адамға жіберіңіз)
Жо-жоқ, мен сізді қарызға батырып, қораға тығайын деп жатқан жоқпын. Аграрлық несие корпорациясы ұсынатын бұл несие диқандарға таптырмайтын мүмкіндік.
Сонымен, диқандардың құлағына алтын сырға, «Кең дала-2» несиелеу бағдарламасы бойынша 2025 жылғы көктемгі егістік пен күзгі жиын-терім науқанына өтінім қабылдау басталыпты. Бұл бағдарлама бойынша биыл да қаржыландыру табысты іске асырылған.
Мамандардың сөзіне құлақ түрсек, «Кең дала-2» өте тиімді бағдарлама екен. Мұның тиімділігі сол қазірден бастап өтінім берсеңіз, алдағы көктемгі егістік науқанына қажет дизель отынын, тыңайтқыштарды, зиянкестерге қарсы себетін дәрі-дәрмектерді, тракторлардың саймандарын қиналмай сатып аласыз, сонымен қатар жұмысшылардың жалақысын да осы қаржыдан бере аласыз.
Егер өтініміңіз мақұлданса, кредитті ай сайын өтеп әуреге түспейсіз. Оны екі бөліп қайтару қарастырылған. Алғашқы 50 пайызын 2025-жылдың қараша айының соңына дейін, ал қалған 50 пайызын 2026-жылы наурыз айының біріне дейін қайтаруға мүмкіндігіңіз бар.
Қазірдің өзінде көптеген өтінімдер мақұлданып, фермерлерге қаржы 29-шы қарашада беріле бастайды екен. Кеш болмай тұрғанда сіз де қарманыңыз.